ҮІІ тарау. Маңызды р-элементтер және олардың қосылыстары
VI A топ
2-нұсқа.
1.Оттектің ауадағы көлемдік үлесі:
А) 21% Б) 78% С)50% Д) ауа тек оттектен тұрады
2.Қай затты айыру арқылы оттекті алуға болмайды:
А) H2SO4 Б)NaNO3 С)HgO Д)KCIO3
3.Сутектің пероксидіндегі оттектің валенттілігі мен тотығу дәрежесі мынаған тең:
А) ІІ, -2 Б) І, -1 С)І, +1 Д) 0, -1
4.Мына электрондық конфигурация оттектің қай қосылысына сәйкес келеді:1s22s22p2
А) H2O Б)H2O2 С)OF2 Д)O2
5.Бірдей жағдайда қайсысы бұрын тотығады:
А) Na Б) Mg С) Ca Д)K
6.Күкірт және оттек атомдары бір-бірінен қалай ерекшеленеді:
А)ядро зарядымен Б)энергетикалық деңгейлер санымен
С)сыртқы деңгейдегі электрондар санымен
Д)сыртқы деңгейдің аяқталуына жетіспей тұрған электрондар санымен
7.Азот пен оттек ұқсас:
А) иісі бойынша Б)суда ерігіштігі бойынша
С)агрегаттық жағдайы бойынша Д)химиялық белсенділігі бойынша
8.Химиялық реакцияларда күкірт:
А)тотықтырғыш Б)тотықсыздандырғыш С)тотығу дәрежесін өзгертпейді
Д)жағдайға байланысты тотықтырғыш та, тотықсыздандырғыш та бола алады
9.Құрамында күкірт +4 тотығу дәрежесін көрсетеді:
А) AI2(SO4)3 Б)Na2SO3 С)Ca(HSO3)2 Д)K2S
10.Құрамындағы күкірт жоғары тотығу дәрежесін көрсететін заттың формуласы:
А) FeS2 Б) H2SO4 С)SO2 Д)NaHSO4
11.Реакцияда күкірт тотықтырғыш қасиет көрсететін заттар:
А)сутекпен Б) фосформен С)темірмен Д)көміртекпен
12.Химиялық реакцияларда күкірт (ҮІ) оксидіне тән қасиеттер:
А)тотықтырғыш Б)тотықсыздандырғыш
С)екідайлы оксид Д)қышқылдық оксид
13.Күкіртсутек қышқылы қатысында жүзеге асатын реакция сызбанұсқасы:
А) K2S + H2S = Б) KCI + H2S =
С) H2S + CuSO4 = Д) KHS + H2S =
14.Сұйылтылған күкірт қышқылының мынадай қасиеттері бар: 1)тұздармен әрекеттесу; 2)мыспен әрекеттесу; 3)магниймен реакцияға түсу; 4) барлық оксидтермен әрекеттесу; 5)индикаторды түссіздендіру; 6)қышқыл тұздар түзу; Аталған қасиеттердің қайсысы шындыққа сәйкес келеді:
А)136 Б)1235 С)236 Д)123456
15.Қандай заттардың көмегімен ерітіндіден сульфат ионын анықтауға болады:
А)барий хлориді Б) калий хлориді
С) күміс (І) нитраты Д) натрий нитраты
16.Белгілі жағдайда концентрлі күкірт қышқылы:
А)темірмен Б)натрий нитратымен
С)кальций ортофосфатымен Д)мыс (ІІ) оксидімен әрекеттеседі.
17.Концентрлі күкірт қышқылының сұйылтылған күкірт қышқылынан айырмашылығы:
А) кәдімгі жағдайда темірмен және алюминиймен әрекеттеседі
Б)кристалдық хлоридтерден хлорсутекті ығыстырып шығарады
С) Н+(Н3О+) иондары есебінен тотықтырғыш
Д)S+6 (SO42-) иондары есебінен тотықтырғыш
18.Массасы 792г техникалық пиритті күйдіргенде, көлемі 268,8л (қ.ж.) күкіртті газ алынды. Пириттегі қоспалардың массалық үлесі қандай:
А) 8,7% Б) 9,6% С)9,1% Д)10,3%
Достарыңызбен бөлісу: |