|
ҮІ тарау. Маңызды d – элементтер және олардың қосылыстары
|
бет | 19/24 | Дата | 08.02.2022 | өлшемі | 99,93 Kb. | | #121211 |
| Байланысты: тест химияҮІ тарау. Маңызды d – элементтер және олардың қосылыстары
Мыс және мырыш.
1-нұсқа
1.Химиялық реакцияларда d – элементтері:
а) тек тотықсыздандырғыштар;
б) тек тотықтырғыштар;
в) тотықтырғыштар да, тотықсыздандырғыштар да болуы мүмкін;
2. d –элементтер атомдарында валенттік электрондары:
а) s-орбитальдарда;
б) p-орбитальдарда;
в) d-орбитальдарда;
г) сырты s-орбитальдарда және сыртқы қабаттың алдындағы d-орбиталдарда орналасады;
3.Қосымша топшаларда металдардың химиялық белсенділігі жоғарыдан төмен
қарай ...
а) артады;
б) кемиді;
в) өзгермейді;
г) бастапқыда артады, одан соң кемиді;
4.d-элементтердің жоғары тотығу дәрежесіндегі қосылыстарына тән қасиет:
а) негіздік; б) қышқылдық; в) екідайлы;
5.Табиғатта мыс қандай қосылыс түрінде кездеседі:
а) Cu2S; б) Cu2O; в) CuCI2; г) Cu2(OH)2CO3?
6.Қандай реакция нәтижесінде мыс алынады:
а) CuSO4 + Na2CO3 + C →
б) CuSO4 (еріт.) + Zn →
в) Cu(NO3)2 →
г) CuSO4 (еріт.) + Hg →
7.Мыс концентрлі күкірт қышқылымен қыздыру арқылы әрекеттескенде түзілетін зат:
а) CuSO4; б) CuO; в) H2; г) SO2?
8.Мыс 3%-тік азот қышқылының ерітіндісімен әрекеттескенде қандай зат түзіледі:
а) Cu(NO3)2; б) CuO; в) NO; г) NO2?
9.Тұздарының ерітінділерінен қандай металдар мыспен ығыстырылады:
а) Fe; б) Zn; в) Sn; г) Ag?
10.Массасы 200г 8%-тік мыс (ІІ) сульфатының ерітіндісіне салынған темір таұташасында түзілген мыстың зат мөлшері (моль) тең:
а) 0,1; б) 0,2; в) 0,3; г) 0,4;
11.Табиғатта мырыш қандай қосылыс түрінде кездеседі:
а) ZnO; б) Zn(NO3)2; в) ZnCI2; г) ZnS;
12.Мырыш қайсысында ериді:
а) HCI; б) HNO3; в) NH3(еріт.); г) NaOH (конц.)?
13.Мырыш пен 65%-тік азот қышқылының ерітіндісі әрекеттескенде түзілетін заттар:
а) NH4NO3; б) N2; в) NO; г) NO2?
14.Zn(OH)2 қайсысында ериді:
а) H2O; б) HCI; в) NaOH (сұйылт.); г) NH3 (еріт.)?
15.ZnCI2 және Zn(NO3)2 ерітінділерінің реакциясы қандай:
а) қышқылдық; б) бейтарап; в) сілтілік?
16.Мырыштың мыспен құймасы:
а) цинкаль; б) жез; в) қола; г) мельхиор;
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|