І тарау. Атом құрылысы тұрғысынан периодтық заң және химиялық


V тарау. Маңызды s – элементтер және олардың қосылыстары



бет18/24
Дата08.02.2022
өлшемі99,93 Kb.
#121211
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24
Байланысты:
тест химия

V тарау. Маңызды s – элементтер және олардың қосылыстары
1І-нұсқа

1.Калий және натрий атомдары бір-бірінен .... ажыратылады:


а) энергетикалық деңгейлер санымен;
б) валенттік электрондар санымен;
в) өлшемдерімен;
г) ядродағы протон санымен;
2.Сілтілік және сілтілікжер металдар белсенді әрекеттеседі:
1) сумен; 2) галогендермен; 3) кремний оксидімен; 4) қышқылдармен; 5) спирттермен; 6) суда еріген тұздармен; 7) таза күйінде көгілдір түсі болады. Қандай қасиеттері дұрыс көрсетілмеген:
а) 2,4,6,7,8; б) 3,6,7,8; в) 1,2,4,8; г) 2,5,6;
3.Калийдің сумен әрекеттесу реакциясы ... жүреді:
а) қалыпты, тұтанбай; б) қопарыла, тұтана;
в) қопарыла; г) әдеттегі жағдайда жүрмейді;
4.Калий ауада жанғанда түзілетін зат:
а) Э2О; б) Э3N; в) Э2О2; г) ЭО2;
5.N2O алу үшін қандай реакциялар қолданылуы мүмкін:
а) Na2CO3 → б) NaCI ерітіндісінің электролизі;
в) NaNO3 + NaN3 → г) Na2O2 + Na 
6.Натрий және литий тұздары жалынды .... түстерге бояйды:
а) ал қызыл және қызыл күрең; б) сары және қызыл күрең;
в) сары және күлгін; г) сары және көк;
7.Натрий гидроксидін алынуы мүмкін реакция сызба нұсқасын белгілеңдер:
а) Na2CO3 + Вa(OH)2 → б) NaNO3 + KOH →
в) Na + H2O → г) Na2O + H2O→
8.Мырыш сульфатының ерітіндісіне натрий гидроксидінің ерітіндісін құйғанда:
а) қоспа лайланып, одан соң тұнба ериді;
б) ірімшік тектес ақ тұнба түседі;
в) мырыш сульфаты ериді;
г) ешқандай сыртқы өзгерістер болмайды;
9.Натрий хлориді ерітіндісі электролизінің өнімі....:
а) натрий, сутек; б) оттек, сутек;
в) натрий гидроксиді, хлор ; г) сутек, хлор, натрий гидроксиді;
10.Сілтілік және сілтілікжер металдар табиғатта бос күйінде кездеспейді, себебі:
а) олар табиғатта өте аз;
б) бұл металдар өте белсенді;
в) бұл заттар ерекше ылғалданғыш;
г) бұл металдарды тек электролиз әдісімен ғана алуға болады;
11.Өндірісте натрий, калий, кальцийді:
а) балқымалар электролизімен;
б) пирометаллургиялық әдістермен;
в) гидрометаллургиялық әдістермен;
г) металлотермиялық әдістерімен алады;
12.Нәтижесінде кальций карбонатын алуға болатын реакция сызбанұсқасын көрсетіңдер:
а) CaCI2 + K2CO→ б) 1 моль Ca(OH)+ CO2 (арт.)→
в) 1 моль Ca(OH)+ 1 моль CO2 → г) Сa(HCO3)2 + KOH →
13.Калий қосылыстарының химиялық және техникалық аттарының арасындағы сәйкестікті табыңдар:
1) сөндірілмеген әк; а) кальций гидроксиді;
2) сөндірілген әк б) кальций нитраты;
3) кальций селитрасы; в) кальций сульфатының гидраты;
4) алебастр; г) кальций оксиді;
14.Әктің негізгі құрам бөлігі белгілі жағдайда қандай заттармен әрекеттеседі:
а) тұз қышқылымен;
б) калий хлориді ерітіндісімен;
в) судағы көмірқышқыл газының ерітіндісімен;
г) кремний (IV) оксидімен;
15.Зат мольшері 1 моль СаО мен зат мөлшері 1,5 моль су әрекеттескенде алынған Са(ОН)2 массасы (г) тең:
а) 111; б) 1,13; в) 74; г) 6,17;
16.Судың уақытша кермектігі мына тұздардың болуымен анықталады:
а) Сa(HCO3)2 ; б) CaCI2; в) Mg(HCO3)2 ; г) Mg(NO3)2;
17. Судың карбонатты емес (тұрақты) кермектігін жоюға болады:
а) қайнатумен;
б) сода, фосфат және тағы басқа заттарды қосумен;
в) суды әкпен өңдеумен;
г) карбонатты қышқыл қосумен;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет