ҮІІІ тарау. Бейорганикалық заттарды өндіру
1-нұсқа
1.Заттарды қоспалардан тазарту:
а) ерігіштендірмеу б) рафинадтау
в) шаймалау г) ректификациялау деп аталады.
2.Өндірісте күкірт қышқылын алу процесі бірнеше сатыдан тұрады: 1) күкірт ангидридінің күкірт қышқылымен сіңірілуі; 2) олеумнің түзілуі; 3) жылу алмасу; 4) пеш газын тазалау; 5) шикізатты күйдіру; 6) күкіртті ангидридтің тотығуы. Сатылардың жүйелілігі қандай:
а) 1,2,4,5,3,6 б) 5,2,4,3,6,1 в) 5,4,3,6,1,2 г) 5,3,4,6,2,1
3.Күкірт қышқылын өнеркәсіпте өндіруді көрсететін сызбанұсқа:
а) күкірт ----- күкірт (ҮІ) оксиді ----- күкірт қышқылы
б) күкірт ----- күкірт (ІҮ) оксиді ----- күкірт қышқылы
в) пирит ----- күкірт (ҮІ) оксиді ----- күкірт қышқылы
г) күкірт немесе пирит не күкіртсутек ----- күкірт (ІҮ) оксиді ------ күкірт (ҮІ) оксиді ----- күкірт қышқылы
4.Аммиакты өндірісте алу тәсіліне сәйкес келетін химиялық реакция:
а) NH4OH = NH3 + H2O
б) NH4CI = NH3 + HCI
в) N2 + 3H2 = 2NH3
г) NH4CI + NaOH = NH3 + H2O + NaCI
5.Әдеттегі шынының құрамына кіреді:
а) Na2O, SiO2
б) Na2O, CaO, SiO2
в) K2O, CaO, SiO2
г) Na2O, CaO, SiO2, B2O3, AI2O3
6.Оптикалық линза мен сәндік хрусталь дайындайтын шыныны әдеттегі шыны құрамындағы СаО-ны ауыстыру арқылы алады:
а) СоО б) Мо2О3 в) В2О3 г) РbО
7.Минералды тыңайтқыштар өндірісінде қолданылатын фосфор қышқылын фосфориттен берілген реакция бойынша алады:
а) Ca3(PO4)2 + H2SO4 =
б) Ca3(PO4)2 + HNO3 =
в) CaCI2 + H3PO4 =
г) CaSO4 + H3PO4 =
8. Шойын – темірдің құймасы, оның құрамында:
а) 2%-дан көп көміртек болады;
б) 0,2%дан көп көміртек болады;
в) 2%-дан аз көміртек болады;
г) 0,2%-дан аз көміртек болады;
9.Өндірісте азот қышқылын мына реакция бойынша алады:
а) NaNO3 + H2SO4 = NaHSO4 + HNO3
б) Ba(NO3)2 + H2SO4 = BaSO4 + 2HNO3
в) 4NO2 + O2 + 2H2O = 4HNO3
г) N2O5 + H2O = 2HNO3
10.Домна пешіне салуға дайындалған шикіқұрамның құрамы:
а) флюстер, көмір, темір
б) кокс, кремний оксиді, флюстер
в) кен, флюстер, кокс
г) көмір, әктас, темір
11.Жұмсақ болатта көміртектің массалық үлесі (%) құрайды:
А) 4 – 4,5 б) 0,3-тен 1,7-ге дейін в) 1,7 шамасында г) 0,3-ке дейін
12. Болатты:
а) блюмингте б) мартенде
в) электрпеште г) конверторларда алады.
13.Балқытылған болаттан оттекті аластау үшін қосылатын зат:
а) өзі тұтанатын заттар
б) қышқылсыздандыратын затта
в) сиккатиттер
г) ситалдар
14.Хромды алюминотермиялық әдіспен алу үшін қолданылатын заттар:
а) Cr, AI2O3 б) Cr2O3, AI2O3 в) Cr, AI г) Cr2O3, AI
15.Алюминотермиямен:
а) Zn б) Cu в) Cr г) K алуға болмайды.
16.Алюминий өндірісінде электролизге:
а) бокситтің б) глиноземнің
в) криолиттің г) нефелиннің балқымасын ұшыратады.
17.Өндірісте кремний алу электр пеште кремний оксидін көмірмен тотықсыздандыру арқылы жүзеге асады. Реакция өнімі:
а) Si б) Si, CO2 және қоспа SiC
в) Si, CO г) SiO, CO және қоспа SiC
18.Өндірісте жоғары дәрежелі таза магнийді:
а) Mg(OH)2 балқымасын;
б) құрамында Mg2+ бар теңіз суын;
в) MgCI2 балқымасын;
г) доломит балқымасын электролиздік ыдыратумен алады.
19.Электролиз көмегімен металдарды тазалауға болады. Мыс (ІІ) хлоридін электролизге ұшырата отырып электролиттік таза мыс алғанда қандай анодты қолдану керек:
a) Pt б) Ni в) C г) Cu
20.Массасы 4г темір (ІІІ) оксиді толық тотықсыздану үшін көміртек (ІІ) оксидінің қандай көлемі (қ.ж.) қажет:
а) 1,68 б) 0,56 в)120 г) 67,27
Достарыңызбен бөлісу: |