Грамматикалық табиғаты
Қазіргі заң терминдерінің негізгі үш түрлі жолмен жасалғандығын көруге болады. а) күнделікті қолданылып жүрген заң терминдерінің күрделенуі, яғни ұғымның сөз тіркестері мен күрделі сөз, үйірлі мүшелерімен берілуі; ә) бұрын қолданылған сөздердің мағыналық өзгерістері арқылы; б) басқа тілден енген термин сөздер арқылы. Екі немесе одан да көп сөздерден құралған терминдер бірнеше мағыналық байланыста болады:
1. Атрибутивтік – есімді (мемлекеттік есеп, мемлекеттік аппарат, мемлекеттік бюджет, әкімшілік органдары, рұқсат күәлік, ұсақ ұрлық т.б.)
Етістік – субстантивтік ( орталықтандырылған тәртіп, талап қою құқығы, мүлік жалдау договоры, қорқыту арқылы талап ету, айқындалмаған қасақаналық, алимент төлеу борышы, әлеуметтік дамыту қоры, дауланып отырған құқық, жеке адамды тінту хаттамасы, заңмен қорғалатын мүдде, затты қарау хаттамасы)
Бірнеше сөзден жасалған заң терминдер көбінесе зат есімнен, сын есімнен, етістіктен құралады.
Достарыңызбен бөлісу: |