Мысалдар: "Күнә" сөзі. Зәбір көргенді, куәларды қазбалап сұрап алып, заң бойынша үкім шығаруға тырысты. (М.Қаратаев). 2. Бұған бүкіл ауыл куә. Келестің жұмсақ толқындары куә, Кеңсай да куә, аспандағы жұлдыздар да куә. Бірінші сөйлемде куә сөзі ұғымды білдірсе, екінші сөйлемдегі олай емес, қылмысты дәлелдейтін адам ұғымында қолданылып тұрған жоқ, жалпы болған істі дәлелдеуші деген ұғымды білдіреді және дәлелдеуші міндетін бұл арада бүкіл бір ел адамдары да, табиғат та атқарады. "Күнә бол жаным, куә бол айым, куә бол Алатауым", - дегенде тауды куәлікке шақырады. Бұл арадағы куә сөзін де заң термині деуге келмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |