3.3 Заң терминдеріндегі жаңа атаулар
Тіл – өмірмен өзектес жанды құбылыс. Сондықтан оның сөздік құрамы әрдайым өзгеріп, толығып дамып отырады. Әр дәуір, әр халық өзіне қажетті жаңалықтарды туғызса, сол жаңа зат, құбылыс, ұғым, іс-әрекеттердің өз атаулары пайда болады. Қазіргі кезеңдегі саяси, әлеуметтік, мәдени өміріміз бен ғылыми – техникалық дүниемізге қаншама жаңалықтар еніп отыр. Осыған орай қаншама осы атаулар – жеке сөздер мен сөз тіркестері пайда болып жатыр.
Әлеуметтік, шаруашылық, мәдени өмірімізге, халықаралық жағдайда пайда болып жатқан жаңа ұғымдар көптеген неологизм сөздерді дүниеге келтіріп отыр. Мысалы: парламент, палата, егемендік, әділет министрлігі, заңгер, бап, құқық, жоғарғы палата – сенат, төменгі палата – мәжіліс, жоғарғы сот, жергілікті сот, әскери алқа, алқаның төрағасы, құжат, үлестік, міндеткерлік, қарыздар жақ, лауазымды тұлға, лауазымдық қылмыстар, халықаралық құқық, құқықтық қағидалар, тәуелсіздік, өркениетті ел, халық жасақшылары, нарықтық кезең, жедел алдын-алу, операциясы, басқарудың президенттік нысаны, біртұтас мемлекеттік биліктің тармақтарға бөліну қағидаттары, өмір сүру құқығы, мердігерлік шарт, өкілдердің өкілеттілігі, толық серіктестік, айғақ, тараптар, жалған көрсетім, көтерме ақы, мемлекеттік ақы, мемлекеттік тіл, меншік, құқық т.б
Міне, осындай жаңа қолданыстар тек жаңа ұғымдарды білдіру үшін ған емес, бұрыннан келе жатқан зат, бұйым, құбылыстарды дәлірер, дұрысырақ етіп қайта етіп қайта атау үшін де туып жатады.
Бұрыннан "право", статья закона, классификация, юрист, аналогия закона, гарантия, профессионал, таможня, аргументация деп орысша атап жүрген сөздерге қазақша балама тауып, бұл күнде құқық, заң баптары, жіктеу, заңгер, заң ұқсатығы, кепілдік, зейнет, нарық, дәйектеме деп атайтын болсақ, бұлар да лексикамыздағы жаңа қолданыстар ретінде танылды.
Заң терминдерінің лексика-семантикалық ерекшеліктері туралы оған қатысты бірқатар мәселелерді талдау жасау арқылы мынандай қорытынды жасауды қажет деп санаймыз: заң терминдері жалпыхалықтық лексикадан орын алатыны, олардың көпмағыналық, омонимдік, синонимдік, антонимдік қасиеттері барлығы, сондай-ақ, образдылық, эмоционалдық, ауыспалы мағыналық та ерекшеліктері барлығы анықталады.
Заңдық ұғымды білдіретін сөздер өз бастауын жалпыхалықтық лексикадан алғандығын көруге болады.
Бүгінгі таңда қазақ тілінде жаңа сөздер мен тіркестерді, жаңа мағыналарды туғызып отырған факторлар қандай десек, ең алдымен, өмірдің өзі әкелген жаңалықтар себепкер болып отыр. Ғылыми-техникалық революция дәуірі тек арнайы заң терминдерін ғана емес, көпшілік қауым күнделікті өмірде жиі қолданатын жүздеген жаңа сөздері ұсынуда.
Демек, әлеметтік, саяси, мәдени, рухани өміріміз әкеліп отырған жаңа құбылыс, түсінік-танымға қатысты ай сайын, жыл сайын тауып жатқан жаңа ұғымдар өз атауларын талап етеді.
Мұндай жаңа сөздер мен тіркестер тіл ғылымы үшін өте қажет. Мұндағы материалдар тілдегі лексикалық, лексика-грамматикалық жаңалықтардың құрамын, құрылысын, қызметін зерттеуге мүмкіндік берері сөзсіз.
Достарыңызбен бөлісу: |