I тарау. Қазақ терминологиясы және оның зерттелуі мен дамуы



бет30/31
Дата20.07.2020
өлшемі433 Kb.
#63323
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Қорытынды
Қоғамда болып жатқан өзгерістерге орай тіліміздегі терминдер - бүгінгі нарықтық өтпелі кезеңге орай едәуір өзгерістерге ұшырап, қайта зерттеліп жатқан маңызды мәселе . Тіл білімінің басқа даму салалары сияқты терминология саласы өзінің даму сатыларынан өтті.

Қоғам дамуында, адамдардың өз тіршілігі не материяалдық игіліктер өндіруде қажетті қатынс жасау қандай қажет болса, тіл қызметінде терминология соншалық қажет.

Бұрын термин жасау жұмысымен тек лексиколографтар мен лексикологтар, шетел тілдерінің ммандары, аудармашылар айналысса, қазіргі ғылым мен техника заманында логиктер мен математиктер, химиктер, тәнтану мамандары мен өкілдері және де басқа саладағы ғалымдардың үлкен еңбек еткендігін көруге болады.

Атап айтқанда, 1920 жылдардағы баспасөздердің алатын орны мен маңызы ерекше деп айтуға болады. 1920 жылдары ұлт тілінің қоғамдық қчызметінің арқандығы және сол кездегі зиялы қауымның қазақ тілінің ретсіз алынған жат сөздермен бүлінбей таза төл қалпында сақталуын, басты принцип етіп алғандығы осы кезеңдегі баспа материалдары дәлел бола алады.

Қазақ тілінде термин жасау ісін шартты түрде 5 кезеңге бөлуге болатындығы дәлелдедік.

Әсіресе, қайта қуру мен тәуелсіздік туы желбіреген соңғ,ы 5-10 жылдық мемлекеттік тілімізге, оның ішінде қазақ терминологиясының қалыптасуы мен дамуына жасаған ықпалын атап айтуға тиіспіз.

Сонымен қатар, еліміздің егемендік алуы, қазақ жұртшылығының ана тілінде білім алуына зор мүмкіншіліктер туғызып отыр.

Қоғам өмірін, мемлекет органдарының қызметін, адамдар арасындағы қарым-қатынастарды реттеудің негізгі заң шығарушының ойы заң қағидаларында дәлме-дәл анық тұжырым жасаудың аса қажеттілінгі анықталды.

Өйткені құқықтық терминдерді әрқашан дұрыс және біркелкі қолдану заңдарды дұрыс түсінуге, заңдылық пен тәртіпті нығайтуға, адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге өте қажет екендігі, заңның тілін түрлі тұрғыдан зерттеуге өте қажет екендігі, заңның тілін түрлі тұрғыдан зерттеуге болатындығы байқалды. Атап айтқанда, заңда қолданылатын түсініктердің мазмұнын талдау арқылы, түсініктер мен терминдердің арақатынасын анықтау нәтижесінде тілді зертеудің семантикалық бағытын, құқықтық актілерді әдеби стилистика тұрғысынан зерттеуге мүмкіншіліктер болды.

Көпке мәлім, Конституция қазақ тілінде жазылған заң емес. Ол орыс тілінде жазылып, қазақшаға аударылды. Бұл конститутция тіліне кері әсерін тигізді.

Заң терминдері ған емес, жалпы терминология мәселесінің теориялық жақтарының қазақ тіл білімінде әлі де жан-жақты зерттелмегендігін көруге болады.

Соның нәтижесінде, мемлекет пен құқыққа байланысты ұғымдар мен терминдер әлі де қазақ тілінде қалыптаспағандығын дәлелдейік. Мұндай терминдер мен ұғымдарды қазақ тіліне аударушы заң мамандары болмағандықтан заңға байланысты түсініктер мен терминдерге тиісті мән берілмегендігі байқалады.

Зерттеп отырған жұмыста заң терминдерінің қалыптасу және даму кезеңдерін анықтаумен қатар, оның шығу төркінін (этимологиясын), терминдік жүйе ретінде қалыптасуы анықталды.

Зерттеу нәтижесінде жоғары оқу орындарындағы заң факультеттері студенттері, заң, сот мекемелерінде қызмет істейтін мамандардың күнделікті жұмыстарында пайдалануға аса қажетті деген терминдер сөздігі ұсынылып отыр. Сондай-ақ, мұнда заң терминдерінің лексикалық құрамына сипаттама бердім. Заң терминдерінің қазақ тілінде қолданылу жолдары, оның стилистикалық мүмкіндіктері, осыған орай түсіндірме сөздіктерін жасауға бет бұрыс жасалынды.

Заң терминдерінің сөздігі, сондай-ақ, заң құқық мәселелері жөнінде Профессорлар Т.Күлтелеевтің, С.Зимановтың, Ғ.Сапарғалиевтің, Н.Дулатбековтың, А.Ибраеваның, Н.Өсеровтың зерттеу жұмыстарын ерекше атау қажет деп санаймыз. Бұл еңбектердегі ой-пікірлерді зерттеу жұмысымда басшылыққа ала отырып, зерттеу жұмысымда баяндау, салыстыру, этимологиялық талдау, жүйелеу сияқты әдістер қолданылды. Соның нәтижесінде, қазақ тіліндегі заң термидерінің шығу тарихын, даму, қалыптасу кезеңдерін зерттеумен қатар, оны бір жүйеге келтіруге ұмтылыс жасалды. Тіл тарихына байланысты бай заң терминдерін сұрыпталды.

Қазақ тілінде заң терминдерінің қалыптасу, даму ерекшеліктерін анықтау арқылы, оларды түрлі тілдік талдауларға сай жіктеп, топтастырып, ғылыми айналымға қосу мәселелері анықталды.



  • Заң актілеріндегі, кодекстердегі байырғы заң терминдерінің құрамы сұрыпталып, талданды;

  • Заң терминдерінің лексикалық құрамына талдау жасалды;

  • Заң термидерінің құрылымы мен лексика-грамматикалық ерекшеліктерін сипаттау арқылы заң терминдерінің жасалу жолдары қаралады. Олардың сөзжасам жүйесіндегі орны анықталды;

  • Бұрынғы ұлт тілінде қалыптасқан заң терминдеріне этимологиялық талдау жасалды. Олардың тілдегі актив қолданысына назар аударылды;

  • Қазақ әдеби тіліндегі заң терминдерінің қазіргі қолданылу өрісінің тілдік деңгейдегі орнын анықталды.

Сонымен, қазіргі қазақ терминологиясына қазақ тілінің ең күрделі де қызықты, дербес тармағын құрайды. Оның өзіндік даму, қалыптасу жолдары, тәсілдері, заңдылықтары бар.

Мемлекеттік тіліміздің мәтебесін республикада ғана емес, халықаралық деңгейге көтереміз десек, терминжасамның осындай заңдылықтарын ғылыми зерттеп, одан әрі дамыта түсу қажет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет