а) бір мәндегі терминдік ұғымның бірнеше мәнде қолданылуы;
ә) көптеген терминдердің синонимдік қатар түзеуі;
б) кейде сөздер бір ғылым саласында терминдік қызмет атқарса да, сол терминдік мәнде қолданбауы;
в) терминдер туралы анықтаманың шегі әлі де бір жүйеге келмеуі т.б. ұғымның дамуы мен күнделікті өмірде көп пайдаланылуы нәтижесінде кейде термин өзінің нақтылы мағынасынан ауытқып, тым кең қолданылады. Бұл терминдік сферадан шықты деген сөз емес. Мысалы: заң, конституция, юрист, адвокат, сынау мерзімі т.б сөздер күнделікті жиі қолданыстағы сөздер.
Екі ұғымның ұқсастығына сай жаңа ұғымға термин етіп бұрын қолданылып жүрген ұғымның атын беруге болады. Бұл амал - аналогиялық ұғымдардың терминдік алмасуы. "Жәрдем", "көмек" деген сөздің синонимі ретінде жиі жұмсалады. Қазір заңдық термин жұмыстан шығарылғанда жедел төленуі тиіс дегенде мемлекет бөлетін ақшаның атауы есебінде жұмсалады.
Термин қашан да нақтылығымен бағалы. Ал нақтылық кейде көп сөзділікке әкелсе, оны анықтау қиынға түсіп, тез анықталушы сыңары болып, басқа жаңа терминнің жасалуына негіз бола алады. Мысалы: қылмысқа көмектесуші, қылмыс, қылмыстық іс, қылмыс жасау, қылмысқа азғырушы, қылмысты ұйымдастырушы қылмыстық істер, қылмысқа көмектесушілер, қылмыстық істер кодексі, қылмыс жасау, қылмыстық заң, сот ісі, айыптау, жазаның орындалуы, құқық жүйесі, құқық негіздері т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |