I тарау. Қазақ терминологиясы және оның зерттелуі мен дамуы


Заң терминдерінің лексика - грамматикалық табиғаты



бет19/31
Дата20.07.2020
өлшемі433 Kb.
#63323
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31
3 Заң терминдерінің лексика - грамматикалық табиғаты
3.1. Лексикалық табиғаты

Заң терминдерінің лексика-грамматикалық ерекшеліктері туралы оған қатыстыт бір қатар мәселелерді талдау жасау арқылы белгілі бір қорытынды жасауға боады. Олардың ең негізгілері мыналар: осы топқа кіретін атаулардың затқа , құбылысқа және солар туралы терминдік ұғымға қатысын ашып, осы негізде жіктеу (классификациялау); заң терминдерінің жалпыхалықтық лексикадан алатын орны, осы негізде мағыналық жағынан толығу не болмаса тарылу; заңдық ұғымды білдіретін ұғымды сөздердің басқа салалық терминдерге қатысты (ұқсастығы мен ерекшелігі); көп мағыналық омонимділік, синонимділік, антонимділік қасиеттер, олардың заң терминіне қатысы; образдылық ауыспалы мағыналылық сияқты лексикалық мағыналардың заңды ұғымды білдіруге қатысы т.б.

Заң терминдері де тіліміздің лексикалық құрамындағы кез-келген сөздер сияқты шындық дүниедегі заттар мен құбылыстар жайындағы ұйымдардың атауы болғандықтан олардың мағыналары сол ұғымдардан таралады. Бірақ олар құқықтық ғылымның білдіретін фунцияда жиі қолданып барып тұрақталуының негізінде ұзақ абстракциялану процесін басынан өткізген мағыналарды білдіреді. Сондықтан да ол сөздер терминдік мәнге ие болғанда, бастапқы мағыналарынан алшақтап жалпылық қасиетімен ерекшелеген жаңа мағынада қолданылады. ”Терминдер моносемиялы болады” дегенде, оны осы тұрғыда түсіну керек. Мысалы, сот процесінде қылмыстының ісін жеңілдету бағытында жұмыс жүргізетін құқық қорғау органының қызметкеріне ”қорғаушы” деген терминдік атау берілген. Бұл сөз қазақ тілі лексикалық құрамындағы басқа да стильдік топтарда қолданылады: ”Қайраттың ”қорғаушысы” бүгін ерекше қимыл көрсетті, соның арқасында олардың қақпасына бір де доп өткен жоқ”, - дегенде, ”қорғаушы” – спорттық ұғымды білдіретін касіби атау, ал ”Жаудан Москваны қорғаудағы қазақстандықтардың жанқиярлық ерлігі мәңгі есте қалады”, - дегендегі ”қорғаудағы” сөзі жалпыхалықтық лексикадағы көп сөздердің бірі ретінде ”ерлік” сөзін анықтап тұр, арнайы лексиканың ешбіреуіне жатпайды. Сондықтан талданып отырған сөз "адвокат” ұғымын білдіргенде ғана термин болып саналады, осы функцияда ғана заңдық ұғымның атауы ретінде оның моносемантикалылығын мойындаймыз. "Кемсіту” сөзі "дискреминация” атауының болмысы ретінде "адамдардың ұлтына, нәсіліне қарап алалау құқығын шектеу” деген ұғымда заң терминдерінің қызметін атқарып келеді. Бұл сөз де тек осы мәнде ғана терминдік қызмет атқара алады. /26.47/. Ал осы сөз жалпыхалықтық лексикада басқа мағыналарда да қолданыла береді (ерден ердің кемдігі жоқ. Оны кластас оқушыларының бәрі кемсітуші еді т.б. ). Тағы бір мысал: Ана тілімізде барлық байлық ұғымын білдіретін "қор” деген сөз бар. Бұл жалпыхалықтық лексикада омонимдік сипаттағы сөз. ( Асқар бұл күнде "қорланып қалды" , - дегенде байыды деген ұғымды бірдірсе,"Қор болды-ау жаным", -дегенде бейшара болдым-ау, абыройым қалмады-ау тектес мәнде жұмсалады). Ал осы сөз кейінгі кезде "белгілі бір мақсат үшін белгіленген ақша немесе материалдық құралдар. Бір нарсенің негізгі қоры – (валюта қоры, тұрғын үй қоры т.б. )" мағынасында заң терминдерінің қызметін атқара бастады. Соңғы мағынасының дараланып моносемиялануының нәтижесінде осы қызметте омонимдік қасиетінен арылды. Осы негізде кейінгі кезде көптеген жаңа сөздер пайда бола бастады. "Қонаев қоры", "Төле би қоры", "Балалар қоры", "Райымбек қоры" т.б.

Сонымен, заңдық ұғымды білдіретін сөздер өз бастауын жағынан абстракцияланады. Мысалы, ұлттық мемлекетіміздің құрылуымен байланысты келген көптеген құқықтық ұғымдарды білдіру үшін, атаулар керек болғанда, оларды ең алдымен төл лексикамыздың мүмкіншілігінен іздейміз. Сөйтіп, мағынасы сол ұғымға сәйкес не жуық келетін сөздерге жаңа терминдік ұғымды телиміз. Терминдердің жасалуы саналы түрде болады дегенде, осылар ескеріледі. Олардың терминдік мағынада өту жолдары әртүрлі: бірқатар көпмағыналы сөздердің бір мағынасының абстракциялануынан жасалса, енді бір тобы дара мағыналы сөздердің мағынасының өзгеруінен пайда болады. Мысалы, "сезікті" сөзі "қылмыс істеді деген сезіктен ұсталған адам және айып тағылмастан бұрын бұлтартпау шарасы қолданылған адам" , - деген мағынада заң термині қызметін атқарса, "қауіптену" мағынасында жалпыхалықтық лексикада да жиі қолданылады: неден сезіктендің, орныңнан атып тұрдың ғой? Неден қорықтың балам, мен ешнәрсені сезіп тұрған жоқпын? "Сезікті секірер" (мәтел). Осыған көңілім күптігендей болады да тұрады" деген мысалдарда " сезікті, қорықтың көңілім күптігей болу" сөздері синонимдес, "қауіптену" мағынасында қолданылған ал екінші сөйлемдегі " сезіп" атауы, "тұрған жоқпын", сөздерімен тіркесіп "білген жоқпын", "түсініп тұрған жоқпын", тіркестерінің мәнімен сәйкес келеді. Демек, бұл сөз белгілі жағдайда құқықтық ұғымды білдіру үшін қолданылғанда ған заң термині бола алады және соңғы қызметті "қауіптену", "солац шығар-ау деп ойлау" мағынасының негізінде пайда болады. Осы арада айта кететін бір жай – сөздің бір мағынасы терминдік мағына алғанда, жаңа ұғымды білдіргендіктен басқа мағыналарының бүтіндей дараланып өз алдына дербес сөз ретінде танылады. Олай болса, сөздің термин болып қалыптасуымен бірге дүниеге жаңа сөз келеді де, тіліміздің лексикалық қорын байытады. Енді бір қатар сөздер терминге өткеннен кейін тек сол мағынада ғана жұмсалады. Мысалы, "кешірім" деген заң термині бар. Оның мәнін заң терминдерің сөздігінде (1986 жылы шыққын) былай түсіндіреді. "Помилование – кешірім . Сотталған адамға тағайындалған жазаны жеңілдету немесе оның сотталды деген атағын жою туралы акті. Кешірім беруді СССР Жоғарғы кеңесті Призидиумы мен Қазақ ССР кеңесі Президиумы жүзеге асырады ". /26. 166./ Бұл күнде "кешірім сөзінің басқа мәні жоқ, осы мағынамен шектелген . Қазір заң терминніне айналған "беттестіру" де тек терминдік мәнде жұмсалатын болды. Ол жалпыхалықтық лексидада сирек қолданылады. Оның мағынасы: "Куәлардың жауаптарында қайшылық болған реттерде тергеуші немесе анықтама жүргізуші адам оларды беттестіріп, жауап алуға құқылы. Беттестіру бұрын жауап алған екі куә арасында ғана болады". Осы әрекетті "беттестіру" дейді. /26.92-150/.



Заң терминдері де лексикалақ қордың басқа стильдік топтарының құрамындағы атаулар сияқты жаңа сөздермен толығып не болмаса терминдік мәннен ажырап, қолданыстан шығып, қалып отырады. Яғни, бұл саладағы терминдер құрамында да сөздердің архаизмденуі және неологизмдердің пайда болуы – үйреншікті құбылыс. Мұндай өзгерістерге әртүрлі тарихи-әлеуметтік оқиғалар, бұл оқиғаға берілген әрқилы баға мен қоғамдық пікірлер түрткі болады. Бір кезде адамдар арасындағы қатанасты жүйелі түрде жүргізуші, әділет нормасын сақтап қорғаушы, қылмыстыға жазалау үкімін шығаратындар билер болғанын айтқанбыз, ол кезде "би "сөзі архаизмденіп, оның қызметін атқарып отырған сөз ( сот) құрамына енді. Бұрын әділеттілік нормасын бұзған адамдарды "күнәкәр" деп тауып, оны ислам дінінің ережелеріне сәйкес жазлайтын. Оның істеген ісін "күнә" дейтін. Бұл екеуі де араб тілінен келген кірме сөздер (күнәкәр, күнә). Олар ана тілімізге құқықтық ұғымды білдіретін заң терминінің қызметінде қабылданған болатын. Кейін бұлардың орнына "айып, айыпкер, қылмыс, қылмысты" сөздері қабылданып, "күнә, күнәкар" атаулары архаизмденді". Жалпыхалықтық лексикамен терминдік лексиканың арақатынасында мынадай жағдайлар да болады: алғашында заң терминнің мағынасын білдіретін сөз кейін өзі білдіретін ұғымның күрделенуіне қоғамдық тұрмыстан шығып қалуының салдарынан архаизмденуі мүмкін. Ал осы сөз бірнеше уақыттан кейін сол бастапқы қызметін қайта атқаратын болып, тілімізге қайтадан оралатын жағдайы да болды. Осы күнде қолданысқа қайта енген "әкім" сөзі осыған дәлел. Бұл қазақтың төл сөзі емес араб тілінен енген: "әкім – 1) басқарушы, губернатор, бастық; 2) ауыс, үстемдік етуші, билеуші; 3) судья, арбитр" , /60.112/ Бұл сөз ккеңес дәуірінде атқарушы органдарды басқаша атаудың нәтижесінде қолданыстан шығып қалған болатын. Кейін одақтық басқару тарап, әр республиканың егемендікке қолы жеткенде, еліміздің жергілікті жерлеріндегі атқарушы органдарын білдіретін құқықтық ұғымды осы әкім сөзі білдіретін болды: обылыс әкімі, аудан әкімі, қала әкімі. Бұл сөз ана тілімізге қайтып оралғанда, бұрынғы мағынасын дәлме-дәл қайталамайды: оның қазіргі мәні бастапқыдан әлде қайда күрделі. Сондықтан ол енді ел билеудің мүлдем басқа сападағы түрін білдіреді; Президенттік басқарудың жергілікті жерлеріндегі бұтағын білдіретін заң термині. Келтірген күнә, күнәкәр, әкім сөздері тілімізге араб тілінен енген кірме сөздер екенін айттық. Заң терминдерінің құрамы, сонымен шығу төркіні екі бағытта болды: біріншісі – қазақтың төл сөзіне саналы түрде терминдік мағына беру де, екіншісі – басқа тілден ауысқан кірме сөздерді терминдік қызметте қолдану. Осы кейінгі жолмен пайда болған заң терминдері қатарына орыс тілінен енген не орыс тілі арқылы басқа да батыс елдерінен ауысқан атаулар да біраз бар: бюрократизм, вакансия, бюллетень, вексель, виндикация, депутат, диверсия, демарш, документ, идентификация кодекс т.б. осы сияқты сөздер бұл күнде заң терминдері қатарынан тұрақты орын алған. Айта кететін бір жай, оған терминдік мән беру тенденциясы бар. Бұл – құптарлық бағыт. Тек асыра сілтеп алмауымыз керек. Мәселен, бұл күнде "командировка" сөзін " іссапар", "гимнді" "әнұран", "гербті" "елтаңба" дейтін болдық, өте орынды, ұғымды, дәл, толық мәнін білдіретін баламалар. Керісінше, кез-келген интернационалдық терминдерді аударудың жолы осы екен деп, қазақшалай беру де жарамайды. Оны тілді тұтынушылар қабылдамай қоюы да мүмкін. Тағы бір кемістік терминді әр түрлі тәржімелеудің салдарынан бір ұғымды бірнеше сөз жарыса білдіріп жүрген жағдай бар. Мысалы, "семья" деген заң терминдері бар ( кең мағынада саяси – әлеуметтік мәнді білдіретін атау), осыны қазақшалаушылар көбейіп, отбасы, жанұя, түтік, ошақ сөздері арқылы беріліп келеді. Төртеуі де қолданыста, әрбір мерзімді баспасөз осы сөздерден өз қалағанын алады. Осындай алақұлалық соңғы кезде көбейіп кетті. Олар терминкомның шешімі "де құлаққа аспайды, өйткені бұл мекеме осы сөздердің ішінен "отбасы" атауын ғана термин ретінде бекіткенін білеміз. Бір ұғымды білдіретін қылмыскер, қылмысты, айыпкер, айыпты сөздерінің заң сөздігінде термин қызметінде біріншісі ғана алынған. Бірақ практикада осының кез-келгенін қолданылып жүр. Шындығында бұл сөздердің мағыналары бір-біріне жуық болмағанымен, айырмашылықтары да бар: "айыпкер " үстінен "қылмысты" іс қозғалып, ол сотта қаралып жатқан адам деген ұғымды бірдірсе, істеген қылмысты мойнына қойып, сотта жазасын алған кісі ұғымын білдірсе керек. Осы сөздерге кейінгі шыққан заң терминдерінің сөздігінде мынандай анықтама берілген: "Обвиняемый – айыпкер. Қылмыс істеді деп айып тағылған адам" /26.123/."Преступник - қылмыскер". Қоғамдық немесе мемлекеттік құрылысқа, шаруашылыққа әлеуметтік жүйесіне, әлеуметтік мүлікке азаматтардың өз басына, саяси, еңбек, мүлік және басқа құқықтарға қол сұғуға бағытталған, қоғамға қауіпті, сондай-ақ қылмыстық заңда көрсетілген құқық тәртібін бұзған, қоғамда басқа да сондай іс-әрекет жасаған адам. Бұдан шыққан "қылмыскер" мен "айыпкер" екеуі екі түрлі ұғымды білдіретін заң термині, олар синонимдік қатар түзе алмайды. Осы арада айта кететін бір жай – "қылмыскер" мен "қылмысты" сөздерінің мағынасы туралы. Бұл екі сөздің мағыналарының арасына да тепе-теңдік белгісін қоюға болмайды. Біріншіден, қылмыскер ертерек субстантивтенген. Сондықтан қылмысты сөзі оған қарағанда сын есімдік қызметте жиірек қолданылады: "Қылмыскер адам" тіркесінен гөрі "қылмысты адам" тіркесі тілдік нормаға сәйкес келеді. Екіншіден, қылмыскер сөзінің білдіретін мәні қылмысты атауынан басқаша. Біріншісі, бұрын бірнеше рет қылмыс жасап, елге белгілі кәнігі баукеспе (орысшасы - "уголовник", рецидивист) деген мәнде айтылса, екіншісі, бұрын қылмыс жасап қолға түспеген, осы жолғы ғана істеген заңнан тыс әрекетімен белгілі болып отырған кісіні аңғартады. Сөз мағынасының осындай сырттай байқала бермейтін, тереңірек бойлауды қажет ететін бұралаңдары көп болады. Қазақ тілі заң терминдерін жасағанда, мұны міндетті түрде ескеріп отыру керек.

Жалпыхалықтық лексикадағы сөздер әр түрлі функционалдық стильде ғылыми әдебиеттерде қолданылып жатса, екінші бір жағдайда басқа мағынада қолданылып, жалпыхалықтық лексиканы байытуы, соның құрамына өтуі де кездесіп отырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет