I тарау. Қазақ терминологиясы және оның зерттелуі мен дамуы



бет8/31
Дата20.07.2020
өлшемі433 Kb.
#63323
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   31
Науқастық қағаз (больничный листок) – еңбекші жұмысқа уақытша қабілетсіз болғанда берілетін құжат. Оны тек қана денсаулық сақтау мекемелерінің дәрігерлері береді. Еңбекке қабілетсіздік ішімдікке байланысты болса, тек анықтама беріледі. Жәрдем тек науқастық қағаз арқылы төленеді.

Болжам (версия) – алдын-ала тергеуде, анықтама жүргізуде және сот тергеуінде қылмысты ашу мақсатында керекті дәлелдемелер іздеу үшін қолданылады.

Қос азаматтық (двойное гражданство) – екі мемлекеттің азаматы болу. Қақақстан Конституциясы қос азаматтыққа негізінен жол бермейді. Тек Конституцияда және Қазақстанның мемлекетаралық шарттарында көзделген жағдайларда қос азаматтық танылады.

Адамның өз басына ешкімнің тимеуі – соттың қаулысы немесе прокурордың руқсаты болмайынша ешбір адамды қамауға алуға болмайды.

1995 жылы «Жеті жарғы» баспасынан Н.Дулатбековтың «Заң терминдерінің қазақша – орысша және орысша – қазақша сөздігі» жарық көрді. Сөздікте қолданылуы қиындық келтіріп жүрген бірсыпыра заң терминдеріне екі тілде түсінік берілген. Бұл сөздіктің студенттер, заңгерлерге тигізер пайдасы зор. Сөздіктің басты ерекшелігі – ғылымның соңғы жетістіктеріне негізделуі, қазақша баламаларының басымдылығы, cондай-ақ жаңа қалыптасып келе жатқан терминдердің енгізілуі құптарлық жай. Мысалы: акционер, арбитр, азаматтық даугер, бетесеп, жеке есеп (лицевой счет), бизнес мектеп (бизнес школа), болғам (версия), бопса (шантаж), борышқор (должник), борышкер (неплательшик), біртұтас билік (единоволастие), құнды қағаз (валюта), жаппай қыру (геноцид), қағаз ақша (банкнота), құқық (право), қылмыснама (криминология). /18. 7-42/

Ұлт тілінің мүмкіншіліктері – термин жасаудың негізгі көзі болғанымен, терминдердің толығуы орыс және интернационлдық сөздер арқылы да жүзеге асқандығын, олардың басым көпшілігі қазақ тілінің заңдылықтарына бағындырылып, қолданылғанына көз жеткізуге болады. Сөйтіп, қоғамның, мәдениеттің, ғылымның дамуына сәйкес тілімізге еніп жатқан жаңа атауларды қолдану принципі бұл уақытта белгілі бір жүйеге түспегендігін көреміз.

Терминдер деп ғылым мен техника, саясат пен дипломатиядағы, мәдениет пен өнерге байланысты ұғымдарды білдіретін арнайы атауларды айтамыз. Терминдер жүйесі лингвистикалық терминология бөлімінде қарастырылады. Терминдерге тән, оларды лексиканың басқа қатарынан ажырататын өзіне ғана тән белгілері бар. Олар мыналар: 1) терминдер жүйесі жалпы әдеби тілдің ғылыми тілі деп аталатын функционалдық бөлшегіне жатады. Сондықтан терминдер ғылыми ортада қолданылып, ғылыми әдебиеттерде пайдаланылады. Бұл терминдердің функционалдық ерекшелігі. Егер терминдік атау осы функционалдық ортадан шығып, басқа стильдік топта қолданылса, термин болудан қалады; 2) терминдер лексикалық семантикасы жағынан жеке ұғымға байланып берілгендіктен дара мағыналы болады, терминдергекөпмағыналық, синонимдік, антонимділік және экспрессивті-образдылық қасиеттер болмау керек; 3) терминдер жалпы сөздерден таңбалылықтың басқа түріне жатуымен де сараланады, өйткені мұнда таңба мен таңбаланушы арасын бір ғана мағына байланыстырады. Сондықтан термин мен ол білдіретін ұғымдардың арасында басқа сөздерде бола бермейтін сәйкестік бар. Бұл әсіресе интернационалдық терминдерде айқын көрінеді. Осы сәйкестік тілдік таңбаға өзгеше таңбалық беогі қосып, оны терминге айналдырады.

Сөйтіп, терминдердің табиғатын түсіну үшін олардың функционалдық, құрылым-генетикалық, лексика-семантикалық, морфологиялық, сөз тудырудағы және нормативті-стильдік белгілерін жан-жақты зерттеу қажет болады.

Терминдерді екі сферада (қарастыратын, көрінетін жерлерін айтып отырмыз) кездестіреміз: осы уақытқа дейін жүйелі жинақталған сөздіктерде ( салалық терминдердің жай сөздігі, түсіндірме сөздігі, аударма сөздігі т.б) және көрінетін жері (ғылыми мақалалар, монографикалық еңбектер т.б). Осы қорлар тіл мамндарының терминдер туралы зерттеулерінің негізгі материалдары болуға тиіс. Терминдер тұйық құбылыс емес дедік. Өйткені олар жалпы ұлттық әдеби тілдің бөлшегі ретінде жалпыхалықтық негізде дамиды, сол лексикаға өту арқылы оны байытады, грамматикалық механизмдерді де содан алады. Сондықтан тіл маманы терминдерді зерттегенде, оның негізгі көзі болып табылатын жалпыхалықтық тілді еш уақытта естен шығармау керек, оның қыр-сырын біліп, ондағы терсминдік ұғымды білдіру мүмкіншілігі бар атауларды ажырата білу керек. Мысалы, қазақ тілінде "тетік деген сөз бар. Ол әрбір істің орнын тауып, оның дәл орындалу мүмкіншілігін тауып ("көзін тауып”) орындалу деген мағынаны білдіреді ( "істің тетігін табу”). Қазіргі кезде осы сөз терминдік ұғымды да, жалпы лексикадағы көптеген мағыналарды да білдіреді. Терминдік ұғымда "деталь” мағынасындағы механика ғылымына ( "деталь машины") қатысты ұғым атауы болса, жалпы мәеде көптеген микросемдерді білдіреді. Сондықтан осы сөздің көпмағыналылығына қарамай, дефициттік (жеке ұғымға теліну) қасиетін еске алу керек. Терминді түсіну, оны реттеу мәселесі де осы ерекшелік негізінде құрылуға тиісті.

Осыдан келіп терминдерді саналы түрде нормалау мәселесі туады. Ал нормалау деген мәселе кең мағынасында (терминдерді нормалауды айтып отырмын) бірқатар ғылымдарда қарастырылды: терминдерді лингвистикалық тұрғыдан нормалаумен бірге мазмұндық нормалау логилық тұрғыдан нормалау сияқты жайларды еске алу қажет болады. Мәселен, мазмұндық жағынан нормалау дегенді терминнің мәні мен ол арқылы көрінетін дефиницияның дәлме-дәл сәйкестігі, термин мен ұғымның, шындық дүнгиедегі құбылыстың сәйкестігі деп түсіну керек. Ал логикалық норманы термин жүйесіндегі сөздердің ғылым мен техникалық ұғымдарды білдірудегі ұғымдардың иерархиялық жүйелерін дәл көрсетуі деп ұғынамыз./19.5/ Мысалы заң терминологиясында "сот процесі" деген ұғым және оның атауы (термин) бар. Ол – лингвистикалық тұрғыдан тетік ұғым. Осы ұғымның құрамында осы ұғымды ашатын басқа да микроұғымдар бар: "Жәбірленуші" (человек который причинил какое-либо урон другому человеку), ”жәбірленуші" ("потерпевший"), "күәгер", "қылмыс істеген жер" (место совершения преступления), "қылмыс істеген орны", "халық соты", "заседательдер", "айыптаушы", "қорғаушы", "төте дәлелдеме", "жанама дәлелдеме" т.б. Осы ұғымдарды білдіретін термин сөздерді ұғымдарға қатысы жағынан жүйелеп көрсетсек, әрқайсысы үлкен бір сатының ( бұл арада сот процесі) әр баспалдағынан өз орындарын алар еді. Осы сияқты терминдердің ғылыми-техникалық ұғымдарды көрсетудегі даралаудан жинақтаушылық бағытын көрсететін иерархиялық баспалдақтарды ескеріп топтастыру оларды логикалық тұрғыдан нормалау болып табылады.

Терминдерді нормалау дегенде ең алдымен оларды ретке келтіру (тәртіптеу) сұрыптау, белгілі бір қалыпқа түсіру мәселелері ескеріледі. Бұның өзі екі аспектіде қаралуы тиіс: жалпытілділік және нормативтік.

Нормаларды тәртіптеудің жалпытілділік белгілері деген ұғымға мыналар кіреді: ұлттық терминологияның қалыптасу негізі (көзі) зерттеу, соы бағалау; терминдегі лексика семантикалық процесті зерттеу, соны реттеу.

Терминдерді түсінудегі, реттеудегі нормативтік белгілері деген ұғымға терминдердің пайда болуы мен оның қолданылуына әсер еткен жағдайлар, терминдердің ғылым тілінде және осы ғылым өкілдерінің ауызекі кәсіптік қарым-қатынасында қолданылу ерекшелігі кіреді.

Қайсыбір ғылым саласының термині болмасын, оларды жүйелеу, тәртіпке келтіріп, белгілі бір үлгіде қолдану жайында ұсыныс жасау үшін ең алдымен терминді түсінудегі осы екі белгіні жалпытілділік және нормативтік критерийді – негізге алу керек.

Термин сөздерді лексиканың басқа топтарынан ажырататын басқа да құрылымдық ерекшеліктері бар. Ол терминді жасау үшін тілдік механизмдерді таңдап алу негізінде пайда болған. Сондықтан олар терминдер жүйесін нормалаудың негізгі принциптері болып табылады. Тіл мамандары оның үш түрін атап жүр: өзектілік принципі, мақсаттылық принципі, аналогиялық принципі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет