Екінші кезең – 30 - 40 жылдар арасы. Бұл кезеңде – интернационалдық терминдер мен орыс атауларын тілімізге түпнұсқадағы пішінін бұзбай, сол қалпында қабылдау болатын. Алфавитімізге тіл табиғатына тән емес дыбыстар енгізілді, бөтен префикс пен жалғаулар енді. Емле ережелері осы бағытта құрастырылды.
Үшінші кезең – 40 - 50 жылдар аралығы. Негізінен терминологиялық лексикамызды интернационалдыру, орыстандыру бағыты жүріп жатты.
Төртінші кезең – 50 - 70 жылдар аралығы. Бұл қазақ зиялыларының соғыстан кейінгі жылдары еңсе көтеріп рухани дүниемізді зерделей бастаған дәуірі. Тіл байлығымыздың қадіріне жете бастаған сәт есебінде бағаланды.
Бесінші кезең – 70 - 90 жылдардың екінші жартысы. Бұл жылдардағы қоғамдық өзгерістерге байланысты бұл кезеңді үш бөлікке бөліп қараймыз.
|