"Арыз" терминінің негізінде арыз беруші, арызданушы, арыз иесі, арыздар жинағы, арыз тексеру, арыз қарау т.б көптеген, бұл күнде терминдік мәнгеие болған сөздер туындады.
Тергеу, сұрау сөздері де XVIII, XIX ғасырларда заң термині қызмтінде бірінің орнына екіншісі қолданыла берген. Бұл күнде олар сараланып, термин мәнінде тергеу сөзі қолданылатын болды. Қазір осы сөздің негізінде қалыптасқан басқа да заңдық ұғымды білдіретін сөздер бар: тергеуші, тергеу қағаздары, тергеу ісі, тергеу жүйесі, тергеу қорытындысы, тергеу тәсілдері, тергеу құралдары т.б. Мысалы;
Алқа ортырысында Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Қостанай облыстарының прокурорларының назары азаматардың хабар-ошарсыз жоғалу деректері бойынша қылмыстық іс қозғауға және оны мүқият зерделеу қажеттігіне ауғандығын хабарлады. (Заң, бейсенбі, 5 сәуір, 2007 ж)
Достарыңызбен бөлісу: |