Бұл әрекет қылмыстық оқиғаларды уақытында тіркемеу, есепке қоймау деректерін анықтау үшін тексеруге байланысты арызға қол қойылды.
Ресей империясының құқықтық нұсқаулары негізінде енген ұғымдарды білдіретін атаулардың тағы бірі – арыз . Ол қазақ тілі лексикалық құрамында бұрыннан бар сөз, орыс тіліндегі ұғымды дәлме-дәл (калька жолымен) аударудан келіп жаңа мағынаға ( терминдік мәнге) ие болған. О баста бұл сөз тілек, өтініш, шағымсөздерімен синонимдес айтылып, солармен қатар жұмсалған. Арыз айтты, арызы жетті, араздасып айтқан сөз (өлім аузындағы қоштасу) тіркестеріндегі мағыналары жалпы халыққтық лексикадағы мағыналары болып табылады. Терминдік мәні шағым ұғымын білдретін мағынасынан өрбісе керек. Өйткені "шағым" біреуден зәбір көрген кісі екінші бір кісіге сол мұңын айту дегенді білдіреді. Осы мағынаның негізінде орыс империясының сот жүйесі келгеннен кейін, дауласудың жаңа тәртібі ретінде жәбірлеушінің үстінен айтайын дегенін жазбаша қағазға түсіріп, құжат етіп беру мағынасы туындады да, ол заңдық терминге айналды. Осы қызметте арыз сөзі осы күннің өзінде жиі қолданылады. Айта кететін бір жай қазіргі тілімізде арызқұмар, арызшы, арызқой деген модальдік мәндегі "бұзақы", "бәлеқор" ұғымын білдіретін сөздердің мазмұны "арыз" сөзінің терминдік мағынасының кейінгі дамуынан пайда болса керек.