I тарау. Қазақ терминологиясы және оның зерттелуі мен дамуы


Екіншісі – қайта құру. Үшіншісі –



бет7/31
Дата20.07.2020
өлшемі433 Kb.
#63323
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31
Екіншісі – қайта құру.

  • Үшіншісі – Кеңес одағының құлап, Тәуелсіз мемлекеттер достастығының пайда болған заманға сәйкес туындаған тіл қозғалысы.

    Бұл құбылыстың әрқайсысының тілде қалдырған өзіндік ізі бар. Әсіресе, мемлекеттік тілімізге, оның ішінде қазақ терминологиясының қалыптасуы мен дамуына жасаған ықпалы ұшан-теңіз деп айтамыз"./13.64-66/

    Академик Ә.Қайдаровтың "Қазақ терминологиясына жаңаша көзқарас" деген еңбегінде қайта түлеу үстіндегі әдеби тіліміздің болашақ даму үрдістерін белгілеуде шешуші рөл атқаратын бір саласы – қазақ терминологиясының толғақты мәселелерді жаңаша қарастырып, оны қпалыптастырудың жаңа принциптері ұсынылады. Ә.Қайдаров мынандай келелі пікір айтады: "Егеменді ел, тәуілсіз мемлекеттің басты белгілерінің (атрибуттарының) бірі – мемлекеттік тіл десек, оның негізгі тіректерінің бірі – терминологияны жан-жақты дамытуға, реттеуге, қалыптастыруға, кеңінен қолдануға сол мемлекеттің өзі қамқорлық жасауы керек. Салалық терминдер мен атауларды жаңадан жасауда, өзгертуде, ауыстыруда ең алдымен қазақ тілінің төл бұрыннан қалыптасқан байырғы лексикалық байлығын сарқа пайдалану. Бұл – термин саласында бұрыннан келе жатқан негізгі де дәстүрлі принцип. Бірақ терминология мәселесінің бүгінде күн тәртібіне қайта қойылуына себеп болып отырған да осы негізгі принциптің іс жүзінде орындалмай, бұрмаланып келуі ".

    Терминология саласындағы жарты ғасырдан астам тәжірибемізде біз қазақ тілінің байлығын біршама пайдаландық, бірақ сарқа пайдалана алмадық. Оның көптеген себептері де болды. Ең басты себеп – заман үрдісі, тіл саясаты мен идеология ықпалы, орыс тілінің аз ұлттар тіліне жасаған үстемдігі мен өктемдігі. Екінші себеп, еліміздегі ұлт, ұлыс тілдері өздерінің дамудан кенжелеп қалуына байланысты ғылым тілі болып орыс тілімен терезесі тең тұра алмайды деген пікірдің орталықта да, жергілікті мамандар арасында да қалыптасуы " – дейді ./1.9-10/

    Олай болса, біз 70 жылдың ішінде термин жасауда ана тіліміздің барша байлығын сарқа пайдалану керек деген принципке жете мән бермегендігімізден деп айтуға болады. Сондықтан да бүгінде бұл мәселе жаңа серпіліс алып отырған бұқаралық үрдіс екені мәлім болып отыр.

    Өмірзақ Айтұлының 1997 жылы жарық көрген "Қазақ сөзі (Қазақ терминологиясының негіздері)" атты монографиясының тарихи дерек ретіндегі орнгын ерекше атауға болады.

    Бұл көлемді әрі мазмұны жағынан ғылыми деректерге толы монографиялық еңбекте қазақ терминологиясының жүз жылға таяу даму тарихы жүйелі де деректі зерттелінген. Әдеби тілдің, оның ішінде ғылыми тілдің өркендеуіне септігін тигізген терминдік жүйе, бұрын-соңды айтылған келелі пікірлер, болжамдар сарапқа салына отырып, салиқалы ой-пікірлері зерттеушіні елітіп, тартып отырады. Автор өзінің термин жасау жөніндегі көзқарасын анық байқатумен қатар, еңбектің соңында 1927 жылдан бастап, 1997 жылдар арасында термин туралы еңбектер мен сөздіктердің тізімін (16) көрсеткен.

    Сондай-ақ, еңбекте терминді зерттеудің қазіргі жайы тілінде термин қалыптастырудың негізгі кезеңдері, терминжасам мәселесі, аударманың орны сияқты келелі, ауқымды проблемалардыңды теориялық жағынан кең әрі ғылыми дәлелді зерттейді білген.

    Шерәлі Біләловтың "Ұлттық ғылым тілі негізіндерін қалыптастыру"(математика саласы бойынша) деген тақырыпта жазған докторлық диссертациясында (1997) «Ұлттық ғылым тілі» атты ғылыми ұғым сөздік айналымға енгізіліп, оның концептуальдық, мағыналық, лексикалық, саяси-әлеуметтік мәні бірінші рет ғылыми тұрғыда зерттелген.

    Автор бұл еңбегінде ұлттық ғылым тілі А.Байтұрсыновтан бастау алған алғандығы, оның негізін салушы да сол кісі болғандығына талдау жасай келіп, ұлттық ғылым тілі даму барысындағы принципті қайшылықтардың әлеуметтік астары, логикалық жүйесі, ғылымилығының деңгейі кезеңдік ғылыми әдебиетті, қалыптасқан термин жасау принциптерін талдау арқылы дұрыс ғылыми тұжырымдар жасаған.

    Сондай-ақ, тілдің танымдық, кумулятивтік, бейнелеушілік, ой құралындық қызметтерін талдап, жинақтау арқылы ғылым тілінің ұлт тілінде жасалу қажеттілігін ғылыми дәлелдеумен қатар, негіздемесін жасаған.

    "Аударма – мағынаны бір тілдік кеңістіктен екінші тілдік кеңістікке көшіру, ал атау – сөз ұғымының (мағынаның) заттық бейнелеу нәтижесі" тезисі негізінде ғылыми аударма жасау принциптері мен тәсілдері, оны үйлестіру (гармонизациялау) мәселелері жан-жақты қарастырылады./17.10-11/ Бұл монографиялық ғылыми еңбектің теориялық мәнінің зор екендігін атап айтуға тиіспіз.

    Бұл күнде қазақ тіліндегі терминдер барлық ғалымдар саласында жүйеленген, жинақталып сөздіктерге енген. Қазір көптеген ғалымдар бойынша терминдердің түсіндірме, аударма (орыс-қазақша) сөздіктері бар.

    Кейінгі жылдары қазақ тілі мамандары ғылымның жеке-жеке салалары бойынша терминдерді зерттеп, олардың теориялық және практикалық жақтарына талдаулар жүргізуде.

    Қазақстан Республикасының Ғылым мен Академиясы Тіл білімі институты жанындағы сөздіктер бөлімі де терминдерді зерттеуде бірқатар жұмыстар істеді, зерттеу мақалалар жинақтарын шығарды, терминдік сөздіктер жасау тәжірибесіне ғылыми тұрғыдан талдау жасаумен айналысуда.

    Азаматтар мен қызметтегі лауазым иелерінің жаңа Ата заң талабы бойынша жұмыс істеп өмір сүруі – құқықтық мемлекеттің қалыптасуының негізгі шарты болып табылады.

    Қазақстан Республикасы осы бір өтпелі кезеңде заң мамандарын ана тілінде оқытып-үйретуді қолға ала бастады. Бұл жолда айтарлықтай қиыншылықтар да жоқ емес. Солардың бірі – заңтану пәндері бойынша оқу құралдары мен оқулықтардың тапшылығынан да деп айтуғаболады.

    "Мемлекет және құқық теориясы" пәні бойынша жасалған заң атауларының сөздіктері барған сайын баспа беттерінен жарық көріне бастады.

    Соның бірі 1996 жылы «Жеті жарғы» баспасынан А.Ибраеваның «Заң терминдерінің қазақша-орысша және орысша-қазақша қысқаша түсіндірме сөздігі» жарық көрді. Сөздіктің мазмұнынан бүгінгі таңда қолданылып жүрген қазақша-орысша оқулықтар, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен басқа да шығып жатқан заң туралы әдебиеттердегі заңдық аталымдар (терминдер) толық қамтылғандығын көреміз, сөздік екі бөлімнен тұрады.



    • Бірінші бөлімде заңтану саласында жиі қолданылып жүрген заңдық атауларға орын беріледі.

    • Екінші бөлімде терминдердің терминдердің орналасуы жалпы сөйлем құрау тәсілімен жасалған.

    «Мемлекет және құқық теориясы» пәні бойынша аса маңызды деп саналатын заңдық ұғымдарға қысқаша анықтама-түсінік беріліп отырылды. Мысалы: аналогия-ұқсастық, аренда-жалдау, жалға алу, вариант-нұсқа, вотум-тоқтам, гипотеза-жорамал, гносиология-түп-тұқиян ілімі (ата-текілімі), /18.3-4/

    Автор жоғарғы оқу орындарының оқулықтары мен оқу құралдарында жиі қолданылып жүрген, халық арасында қалыптасқан баламаларды жинап, қазақ жастарының ана тілінде білім алуына зор мүмкіншілік жасаған деп айтуға болады.

    Заң ғылымының докторы, профессор С.Байсаловтың басшылығымен 1986 жылы «Қазақстан» баспасынан «Заң терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі» жарық көрді. Сөздік юстиция, сот, прокуратура қызметкерлерінің практикалық жұмыста қолдануына, сондай-ақ, құқықты оқып-үйренетін жоғаоғы және орта арнаулы оқу орындарының студенттеріне, мектеп пен кәсіптік-техникалық училишелер оқушылырына, көпшілік оқырмандарға арналып жазылған. Сөздікте көптеген құқықтық ұғымдар толық қамтылған. Заң терминдерін түсіндіру қолданылып жүрген заңдарға сәйкестендіріліп, соларда бар анықтамаларға негізделіп берілген. Сондай-ақ, сөздікте көптеген құқықтық ұғымдар қамтылады. Оларға жан-жақты түсінік беріледі. Мысалы: алиби – қылмыс жасалған кезде айыпкердің ол жерде болмай, басқа бір жерде болуы, оның қылмысқа қатысы жоқтығының дәлелі. Азаматтығы жоқтық (безгражданства) – қандай да болсын бір мемлекеттің азаматтығына жатпау. Неке (брак) – еркек пен әйелдің материалдық есепқойлықтан аулақ, өзара сүйіспеншілік, сыйластық сезімдеріне негізделген ерікті ынтымағы.

    Қызмет бабындағы қылмыс (должностное преступление) – өкімет орнын немесе қызмет бабын пайдаланып қиянат жасау, лауазымды адамның әрекетсіздігі немесе салақтығы, пара алу, парақорлыққа делдал болу, пара беру, қызмет жөніндегі подлог, өкіметтің беделін түсіру.

    1995 жылы «Жеті жарғы» баспасынан Қайрат Сапарғалиевтің «Заң терминдерінің түсіндірме сөздігі» жарық көрді.

    Сөздіктің практикалық маңызы бар. Сөздікте күнделікті заң тәжірибесінде жиі қолданылатын терминдер барынша қамтылған. Еліміздің егемендік алуына байланысты жаңа мазмұнға ие болған, тілімізге соны құқықтық ұғымдарға толық талдау жасалынған ұмыт болған төл құқықтық ұғымдарға да орын берілген.

    Егеменді мемлекет болғаннан кейін жаңа заңдар қабылданды. Біраз жаңа құқықтық түсініктер, терминдер айналымға ене бастады. Кейбір бұрынғы терминдер жаңартылып, жаңа мәнге ие болды. Сөздікте негізінен тәуелсіз мемлекет болғаннан кейін қабылданған заңдарға қолданылған түсініктер, терминдер молынан қамтылған. Әсіресе, 1995 жылғы 30 тамыздағы республикалық референдумда қабылданған Қазақстанның Республикасының Конституциясындағы терминдерге, түсініктерге ерекше көңіл бөлінген.

    Әрине, сөздік күнделікті қолданыстағы барлық құқықтық терминдерді қамти алмаған. Автор заңдарда, мемлекет органдарының қызметінде жиі қолданылатын құқықтық терминдерге түсінік берген. Мысалы: акцепт – шарт жасау туралы жауабы акцепт деп танылады. Акцепт толық әрі бұлтарыссыз болуға тиіс.





    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет