I тарау. Биологиялық білім беру проблемалары



бет2/14
Дата04.07.2018
өлшемі1,47 Mb.
#46990
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

ІІ.2. Клетканың химиялық құрамы

I. Клетканың құрамында, Менделеев системасының 104 элементінің ішінде 60 түрі кездеседі. Клетканың құрамындағы элементтерді саны жағынан үш топқа бөледі:

1 -тіопқа - 4 элемент - оттегі, көміртегі, азот және сутегі кіреді. Клеткада бұл әлементтер кеңінен тараған және клеткада құрамының 98% алады.

ІІ - топқа клетка құрамына 0,10, 0,01% болатын элементтер кіреді. Бұл 8 элемент: калий, магний, натрий, кальций Fе , Р және СІ және олар клетка құрамыньш 1.90% алады.

ІІІ - топқа қалған элементтер кіреді. Олар клеткада өте аз мөлшерде /0,01% аз/.

Клеканың құрамындағы химиялық қосылыстар.

Неорганикалық заттарға: су және тұздар. Органикалық заттарға: белок, майлар, углеводтар, нуклеин қықылдары.

Клетканың химиялық құрамы

Су 75-85

Белок 10-20

Майлар 1-5

Нуклеин қышқылдары 1-2

Углеводтар 0,2-2,0

АТФ және төмен молекул. органикалық заттар 0,1-0,5

Неорганикалық заттар 1,0-1,5
БЕЛОКТАР

Клеткадан суды сорып алса, саны жәие маңызы жағынан белоктар бірінші орында, клеткада белок 10-20% /сырои/ және кепкен түрінде 50-80 алады.

Белоктарды басқаша протеиндер /грек.psotos - алғашқы, негізгі/ деп атайды.

Басқа органикалық заттармен салыстырғанда белоктардың ерекшеліктері бар. Ең бірінші, олардың молекулярлық салмағы өте үлкен. Мысалы, I жұмыртқаның белогы /жұмыртқа альбумино / 36000 тең, ал актиомизмн да /бұлшық еттң қысқартатын белок/ 150000 жетеді. Белок молекуласы басқа молекулаға қарағанда /спирт, уксус қышқылы т.б./ алып болып саналады және оны құруда мыңдаған атомдар қатысады. Бұл молекуланың алыптығын көрсету үшін, оны макромолекула /гр. makros- алып/ атайды.

Белоктар полимер деп аталатын қосылыстарға жатады. Қандайда болмасын полимер молекуласы ұзын шынжырдан /цепь/ тұрады және онда бір қарапайым құрылым қайталанып отырады. Оны мономер деп атайды. Табиғаттағы және қолдан жасалған полимерлер бірдей мономерлерден құрылған. Бірақ, басқа полимерлермен салыстырғанда белок, құрылысы ұқсас мономерлер болғанымен, бірақ бірдей емес мономерлерден тұрады.

Белок полимерлерінің мономерлеріне 20 амин қышқылы кіреді. Мыс:



Бұл екі топтың болуы амин қышқылдарының көптеген қасиеттерін анықтауға болады. Мысалы, амфотерлі қасиеті /хар-р/ өйткені амин тобына негіздер /сілтілер/ қасиеті, ал карбоксил тобына - қышқылдық қасиет тән. Осы екі топтың болуына байланысты "амин" және «қышқыл» ерекше бір класс амин қышқылдары деп аталады. Амин қышқылдарының арасындағы ұқсастық тек амин және карбоксилдың болуында ғана. Молекуланың басқа бөлігін /амин тобы мен карбоксилдан басқа/ бүйір топ немесе бүйір радикал деп атайды. Бүйір радикалдары құрылымы жағынан әралауан: ашық көмірсутек шынжыры /лейцин, валин, алалин/



және бензол сақиналары /фенилалалин/



және летероциклдер:



және күкірт шынжырлары:



Амии қышқылдарының арасындағы белок полим. Құруда тіркесу барлығына ортақ топ арқылы жүреді:



Қосылған аминқышқылдарының арасында - Н - CO - байланыеы пайда болады және оны пептидті, ал шыққан қосынды пептид деп аталады. Осылайша 3, 4 және көп аминқышқылдары қосылады. Әрбір табиғи белок полипептид б.айт., ондаған - полимер аминқышқылдары тұрады.



Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет