БИОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА ЦИТОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМДЕРДІ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ
ІІІ.І. Өсімдіктану пәні бойынша «клетка» тақырыбына
сабақ өту методикасы.
Клетка деген тақырыпты өтуге кіріскенде оқытушы, ботаника курсының Ү кластағы өтілетін программасы бойынша, мына нәрселерді қамтиды мақсат етіп қоюы керек:
І-ші ден, оқушыларды өсімдік денесін құрайтын қарапайым бірлік - клеткамен таныстырып, оның қабықшасы, қозғалу қабілеті бар цитоплазмасы, ядросы, клетка шырыны, пластидтерді болатынымен таныстыру;
2-ші ден, өсімдіктің тірі клеткасына қоректік заттар келіп тұратынын, клетканың өсетінін және бөлінетінін, клетканың бөлінуін ядроның бөлінуінен басталатыны, ал ядро бөлінгенде микроскоппен оның хромосомасында күрделі өзгерістер болып жатқанын көретінімізді, ал оның өзі екі жаңа клетканың ядроларын, түзуге әкелеітінін түсіндіру;
3-ші ден пияз өзінің мысалынан оқушыларға тканьдер жайында түсінік беру керек, бұл одан әрі қарай тамырдың, сабақтың, жапырақтардың клеткалы құрылысын оқығанда тереңірек өтілетінін түсіндіру.
Тақырыпты оқу оқушыларды үлкейтіп көрсететін приборлардың /қол лупалы» штатавті мура, микроскоп/ құрылысымен және оларды пайдалану техникасымен таныстырудан басталады. Келесі сабақтарда оқушылар пияз өңінен препарат даядлаумен, өсімдік клеткасының құрылысымен, клеткаға заттардың енуі және цитоплазманың қозғалуымен /клетканың бөлінуі және өсуімен танысады. Жоғарғы кластарда бұл мәселені тереңірек өтуге байланысты, өсімдіктердің клеткалы құрылысы жайындағы түсініктің оқушыларда дұрыс қалыптасуы – ботаника курсының негізгі мақсаттарының бірі.
I. Өсімдік клеткасының құрылысымен толық танысу үшін қабығы аршылған пияздың етті қабығының дөңес жағынан немесе пышақтың, ұстараның жүзімен жұқа мөлдір қабықшасын сылып алады, препарат жасап, микроскпоппен қарағанда, бір – біріне өте тығыз орналасқан клеткалар көрінеді. Клеткалар бір – бірімен клеткааралық заттар арқылы байланысады.
Әрбір клетканы айнала клетка қабықшасы қаптайды. Көптеген саңылаулар болады, сол саңыраулар арқылы, 1 – шіден бір клеткамен екінші коетканың арасында өзара су, газ, зат алмасса, 2 – шіден бір клетканың цитоплазмасы мен байланысады. Клетка қабықшасы оның ішінде ішкі бөліктері зақымдаудан сақтайды. Клетканың ішінде, қабықшаның астында, жұмыртқаның ақуызына ұқсаған желімтек қоймалжың тірі зат - цитоплазма болады. Жас клетканың ішін цитоплазма түгелдей толтырады да, ересек клеткалар қабықшасының астын ғана астарлап жатады.
Цитоплазма- клеткалардың негізгі бөлігінің бірі, себебі онда қоректену, тыныс алу әрекеттері жүреді.
Ядро - цитоплазмадан тығыздау заттан құралған ядро орналасады.
Көптеген клеталардың бір ғана ядросы, оның сыртында жұқа қабықшасы болады. Ядромен цитоплазманың арасында зат алмасу болып тұратындықтан, олар бір-бірімен өзара тығыз байланысты, бірінсіз-бірі тіршілік ете алмайды. Ядро клетканың көбеюіне қатысады.
ЗАКУОЛЬ. Цитоплазма клеткаларды түгелдей толтырып тұрмайды, клеткалардың цитоплазмадан қалған бос орнын, әсіресе ересек клеткаларда клетка шырыны толтырып тұрады, ал вакуоль деп аталады. Вакуоль клеткада біртіндеп пайда болады, себебі онын пайда болуы цитоплазмада клетка шырынынын жиналуына байланысты. Жас клеткада шырын ұсақ түйіршіктер тәрізді шашырап жатады. Клетканың ұлғаюына байланысты клетка шырыны көбейетіндіктен, шашырап жатқан вакуольдер бір-бірімен қосылып, көлемін ұлғайтады, соның нәтижесінде бір клеткада бір-екі үлкен вакуоль түзіледі, цитоплазма мен ядро клетканың қабықшасына қарай ығысады, сөйтіп үлкен шырынды вакуоль клетканың дәл ортасын алып жатады. Клетка шырынында су, қант, түз т.б. заттар болады. Бұған мысал піскен жемістерді жарғанда өте көп шырынның ағуы жатады.
Цитоплазма - клетканың негізгі бір бөлігі. Онда қоректену, тыныс алу процестері жүреді. Клетканы микроскоппен қарағанда ондағы пластидтердің қабықша бойымен қозғалатынын көреміз. Бұл цитоплазманың қозғалуына байланысты.
Цитоплазманың қозғалуынан қоректік заттар мен ондағы еріген минералды тұздар бір жерден екінші жерге ауыса алады. Пластидтер өсімдік клеткасының цитоплазмасьндары пластидтер өсімдікке жасыл түс береді. Өсімдіктердегі қызыл, сары, көк түстер де пластидтерге байанысты болады. Өсімдік клеткасының цитоплазмасында жасыл түсті пластидтер өте көп. Дегенмен пластидтердін түссіз түрлері кездеседі. Мысалы: пияз қабықшасындағы клетка түссіз пластидтер. Клетканың 2-ші бір негізгі бөлігі ядро. Клетка ядросыз тіршілік ете алмайды. Өсімдік клеткалары бір-бірімен клеткаралық зат арқылы тырыз байланысады. Клеткаралық зат бұзылса, клеткалары ыдырап, шашырап кетеді. Әрбір тірі клетка тыныс алады, қоректенеді, өседі, көбейеді. Қоректену /арқылы/, тыныс алу үшін қажетті заттарды айналасындағы ортадан сіңіреді. Өсімдіктің әрбір клеткасы өз тіршілігінде өзгеріп отырады. Клетка алдымен ядросы арқылы екіге бөлінеді. Содан соң клеткада пайда бодған көлденең перде бір клетканы жағадан екі клеткаға бөледі әрбір жаңа клеткада цитоплазма мен ядро, пластидтер болады. Сөйтіп, өсімдік мүшелерінде клетканың жалпы саны кебейе береді. Пайда болған жас клеткалар сол қалпында қалып қоймай, ұлғаяды да, өзінің тұрақты мөлшеріне жетеді, осы құбылысты клетканын өсуі деп атайды. Өсе келе тұрақты мөлшерге жеткен клетка қайтадан бөлінеді, осылай қайталана береді. Сонымен клетканың бөлінуі мен өсуінің әсерінен өсімдіктің мүшелері тамыр, сабақ, жапырақ т.б. өседі.
Клеткасы қарапайым, бір ғана клеткадан тұратын өсімдікті - бір клеткалылар деп атайды. Оған хлорелла, балдырлар жатады. Бұлар бір ғана клеткадан тұрса, олардың қоректену, тыныс aлy, көбею, бөліп шығару, сіңіру, түзілу сияқты тіршілік әрекеттері көпклеткалы өсімдіктермен бірдей жүреді. Денесі көп клеткадан тұратын өсімдіктерді көпклеткалылар деп атайды. Көпклеткалы өсімдіктерге - мүктер, теңіз балдырлары, жалаңаш жабық тұқымдылар т.б. жатады. Көпклеткалы өсімдіктердің клеткалары әртүрлі қызмет атқарады. 1-шісі қоректену, 2-шісі -көбею, 3-шісі органикалық зат түзеді т.б.
Қорытынды. Әрбір өсімдік клеткасы мынадай органоидтардан ткань, цитоплазма, ядро, клеткадағы шырынды вакуоль, пластид және қабықшадан тұрады.
Ал клетка құрылысын төменгі кластарда педагогикадан және психологиядан алған білімімізді толықтыра отырып және жас ерекшеліктеріне қарап оқыту, өңдеу методикасы төмендегідей.
I. Өсімдік клеткасының құрылысы.
Сабақ басталудың алдында сабақтың мақсатын айқын көрсетіп, сабақ жоспары түзіледі.
Сабақтың мақсаты: Өсімедіктердің клеткалы құрылысын пияз өңінің клеткасы мысалынан оқу, дайын препараттарды микроскопен қарап көруге дағдылану.
Сабақтың жоспары:
1. Оқытушының өсімдік клеткасының құрылысы жайында тақтаға таблица мен суретті пайдалана отырып баяндадау.
2. Пияз өңінің клетка құрылысын микроскоппен қарау арқылы зерттеу жайындағы лабораториялық жұмыстар.
3. Үйге тапсырма беру.
4. Сабақ материалын оқушылардан сұрау және қысқаша қорытынды жасау.
Құрал-жабдықтар: микроскоптар, пияз өңінің препараттары, өсімдік клеткасының құрылысын кескіндейтін таблица.
Сабаққа қатысты нұсқаулар мен өңдеулер.
Сабақ бастаудың алдында әрбір оқушының столында /немесе 2-3 оқушыға біреуден/ микроскоп және өткен сабақта оқушылардың пияз өңінен даярлаған жас препараттары болады.
Оқытушы сабаққа кіріспес бұрын, даярлап қойғандарға жұмыс басталғанша оқушылардың тимеулрі керетігін, ал бұ ескерт елемеген балаларға микроскоппен жұмыс істеуге ұлықсат етпейтінін ескертеді.
Егерде мектепте микроскоп жеткілікті болмаса, күні бұрын оқытушының столынын үстіне пияз өңінің айқын көрінетін препараты қойылған 2-3 микроскоп қою керек болады. Мұндай жағдайда препаратты оқушылар ретпен тұрып көреді де, көруден қолдары босаған балалар өз дәптерлеріне клетка құрылысының суретін салады.
Сабақты көп уақыты оқушылардың - лабороториялық жұмысына көтеді, онда балалар пияз өңінің клеткалы құрылысын оқып білетін болады. Тек микроскоптын жетіспеуінен, соның нәтижесінде ғана оқытушының көп уақыты түсіндіруіне және оқулықтың беттеріндегі, параграфтағы тексті оқуға жібереді.
Лабораториялық жұмыстың алдында оқытушы клетканың әдеттегі көлемі, оның қабықшасының құрылысы, цитоплазмасы, ядрошығымен ядросы, пластидтері және клетка шырыны мен факуолялары жайында баяндап береді. Балаларға онша ауырлық түспеу үшін, клетканың құрылысы жайындағы мағлұматтарға 8-11 класстардағыдай онша толығырақ тоқталмай, әңгімені оқулықтың текстендегі жоспармен өткізген жөн. Баяндай отырып, оқытушы микроскоптағы препаратқа қарағанда пияз өңінің бір топ клеткасын ғана көріп қоймай, ол клеткалардың біреуіне зейін қойып, ондағы ядросына, цитоплазмасына және қайықшасына көңіл бөлу керек екендерін ескертеді. Оқытушы баяндай тұрып, клетканы ірі етіп тақтаға салады және оның бөліктерінің аттарын жазып қояды. Оқушылар клетканың суретін өз дәптерлеріне салады да стрелкамен: қабықша, ядро, цитоплазма, вакуоля клетка шьрынымен, пластидтер - деп, жазып көрсетіп қояды. Осыдан кейін оқытушы клетканың құрылысы кескінделген таблицаны демонстрациялап көрсетеді және екі-үш жақсы оқушының клетка бөліктерінің аттарын, олардың құрылысындағы ерекшеліктерді /яғни қабықша цитоплазма, ядро клетка шырьшы мен вакуоля және пластидтер/ сыйпаттап айтып берулерін талап өтеді.
Әңгімесін аяқтай отырып оқытушы микроскоппен қалай пайдалану керектігін тағы да айтып, одан кейін микроскоппен, оның көмегімен пияз өңінің препаратын қарап-көріп, өздерінің дәптерлеріне салып алулары қажет екенін айтады.
Балалар микроскоппен жұмыс істеп отырғанда оқытушы классты аралап көріп, балалардың микроскоппен препаратты айқын көрулеріне жәрдем етеді, оқушылардың дәптерге салған суреттерін жеңіл-желпі қарап шығып, суреттеріндегі қателерін түзетеді, жұмыс кезіндегі тәртіпті қадағалайды. Лабораториялық жұмыс біткен соң. Оқушылар үйге тапсырма алады: Сабақ оқулықтағы сұраұтарды пайдалана отырып, оқушылардан ауызша сұраумен аяқталады.
Сабақ біткен соң оқушылар өз дәптерлерін оқытушыға тапсырады. Оқытушы сабақтан соң дәптерлерді тексеріп, клетка құрылысының қаншалықты дұрыс және ұқыптылықпен кескінделгеніне баға қояды.
Ал "Клетка" тақырыбы бойынша ақырғы қорытынды сабақ.
Сабақтың мақсаты: «Өсімдіктің клеткалы құрылысы жайындағы оқушылардың білімін тексеріп, жалпы қорыту, ткань жөніндегі алғашқы түсінікті сипаттайтын материалды қайталау.
Сабақтың жоспары:
1. Оқытушының кіріспе сөзі.
2. Традесканция талшығының ірі клеткасын микроскоппен зерттеудегі оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуі.
3. Клетка құрылысының схемасы дәптерлеріне салу және оның бөліктерінің аттарын сурет астына жазу.
4. Өсімдіктің клетканы құрылысы жайындағы оқытушының сұрақтарына, оқушылардың жазып жауап қайтаруы.
5. Ткань жайындағы түсінікті еске түсіру және пысықтау үшін оқушының ауызша берген сұрақтары.
6. Талдап, қорытынды жасап, түйінді қорытындыға келу.
Құрал - жабдықтар: клетканың құрылысын кескіндейтін таблица, әрбір микроскопқа оқытушының күні бұрын даярлап қойған пияз өзінің препараты, микроскоптар т.б.
Сабаққа қатысты нұсқаулар мен өңдеулер:
Сабақтың басында оқытушы оқушыларға тақырыпты аяқтай отырып, өсімдіктің клеткалы құрылысын және тканадер жайындағы материалдарды қайталайтынын айтады. Өсімдіктердің клеткалы құрылысы жайындағы оқушылардың білімін тереңдете түсіп, талдай қорыту мақсатымен балалардың сабақта пияз өөінің клеткасын өз бетінше қарап көрулері сияқты өз бетінше істейтін жұмыстан бастаған жөн.
Жаңа препарат өсімдік клеткаларының алуан түрлілігі жайында оқушылардың мағлұматын кеңейтеді, ал онын суретін дәптерлеріне салып, астына бөліктерінің атын жазу, балалардың осы тақырыпты өткендегі алған білімдерін пысықтаура себін тигізеді.
Балаларға клетканы қарап шығу үшін, оқытушының күні бұрын даярлап қойған препараттарын береді. Мүмкін болса, әрбір 2-3 оқушыға бір микроскоп пен препараттан келгені жөн. Мектепте микроскоп жеткілікті мөлшерде болмаса, онда мектептегі бір микроскопты кафедраға қойып, оқушыларды кезекпе-кезек шақырып, көрсету көрек болады,
Препаратты қарап болған сон, оқушылар өз орындарына қайта оралады да оның суретін дәптерлеріне салады және клетканың бөліктерінің аттарын суреттін астына жазады. Клетка қарау және оның суретін салу жұмыстары 15-20 минут уақытта бітуі керек. Жұмыстың орындалу уақытын жылдамдату мақсатымен және қызықтыру үшін, жұмыстың алдында оқушыларға сурет салғаннан кейін дәптерлерін жинап алып, әр қайсысына салған суреттерінің бағасын қоятынын оқытушы күні бұрын хабарлайды.
Суретті салып босағаннан кейін оқытушы жазба түрде мынадай екі сұрауға оқушылардың жауап беруін талап етеді де, ол сұрауларды тақтаға жазады: Мысалы: I - вариант I. Клетканың ішкі құрылысы қандай?
2. Жас клетканың ересек клеткадан қандай айырмашылығы бар?
ІІ - вариант 1. Клетканың негізгі бөліктерін атаңдар?
2. Пияз өңінің клеткасының традесканция түгінің клеткасынан қандай айырмасы бар?
ІІІ - вариант I. Клетканың құрылысы қандай?
2. Клетка шырыны қайда болады және онда нелер болады?
Жазба жұмысы нәтижесі шығуы үшін /7-10 минут уаңыт қана алуы керек/ оқытушы жұмыстың басталар алдында тақтаға пияз өңінің құрылысын кескіндейтін таблицаны іліп қояды. Мұндай жазба жұмыс клетканың құрылысы жөніндегі сұрақтарға барлық оқушылардан бірден жауап алуға оқытуға мүмкіндік береді.
Оқушылардың дәптерлерін тексеру үшін жинап алып, оқытушы өткен материалды пысықтау үшін, ткань жайындағы түсінікті сипаттайтын бірнеше ауызша сұрақ береді. Оқытушы пияз өңінің клеткалы құрылысын кескіндейтін таблицаны көрсете отырып, оқушылардан таблицада не кескінделгенін сұрайды. Жауабын алғаннан кейін оқытушы таблицада пияз өңінің бір топ клеткасы кескінделгенін анықтай түседі де тағы сұрақ қояды: пияз өңі клеткаларының құрылысы бірдей ме немесе бірдей емес пе және бұл клеткалар қандай роль атқаратынын сұрайды. Оқушылардың сұраққа қайтарған жауаптарынан таблицада пияз өңінің бір топ клеткалары құрылысы жағынан ұқсас және атқаратын қызметі қорғаныс бірдей екенін анықтап алған соң, оқытушы құрылысы жағынан ұқсас, атқаратын қызметі бірдей клеткалар тобын өсімдіктер организмінде не деп атайды? - деп сұрайды. Егер оқушылар сұраққа бірден жауап қайтара алмаса, оқытушы олардың есіне өткен сабақта түсіндірғен сабақтың мазмұнын еске түсіреді.
Осылай пияз өңінін клеткалары өсімдік ткані болып табылатынын белгілеп алған соң оқытушы өсімдік тканьдерінің көп түрлі болатынын, өйткені өсімдік тіршілігінде ткань түзетін клеткалар пішіні жағынан да, атқаратын қызметі жағынан да әр түрлі болып келетінін түсіндіреді. Осы айтқаннын дәлелі ретінде оқытушы жапырақтың, сабақтың, тамырдың клеткалы құрылыстарының таблицасын көрсетеді. Таблицада қандай ткань көрсетілгенін атамай тұрып, оқытушы өсімдіктің бұл әр түрлі тканьдері екенін, өйткені, мәселен жапырақ клеткалары, сабақ клеткаларына ұқсамайтынын айтады. Бірақ өсімдіктің әрбір органы тканьдердің белгілі түрінен тұратынын, олай болатын себебі, ол құрылысы ұқсас, атқаратын қызметі бірдей клеткалардан тұратынын айтады.
Оқытушы сабақты мынадай қорытындылармен - өсімдіктің ішкі құрылысқа қарап көру өсімдіктің клеткаларынан тұратынын, яғни клеткалы құрылысты екенін, әр клетканын ядросы, цитоплазмасы, пластидтері, клетка шырынымен вакуолялары болатынын, өсімдік клеткалары өзінің пішіні және көлемі жағынан әр түрлі екенін, құрылысы жағынан да, өсімдік тіршілігіндегі атқаратын қызметі жағынан да ұқсас клеткалар ткань түзетінін айтып бітіреді. Өсімдіктің клеткалы құрылысы және тканьдерімен бір гүлді өсімдіктердің органдарын оқығанда көп кездестіреміз деп аяқтайды.
III.2. Жануар кдеткасымен толық танысу үшін бір клеткалы жәндіктердің /амеба, жасыл эвглена, туфелька/ клетка құрылысын және көп клеткалы жәндіктердің /құрттар, буын аяқтылар, насекомдар т.б./ клетка құрылысын жақсы білу керек. Өсімдік клетка құрылысымен, жануар клелка құрылысынын ұқсастығы мен айырмашылығы бар. Ұқсастығы көбеюінде, тыныс алуында, қоректенуінде және жануарлардың тұқым қуалаушылық, өзгергіштік, тітіркену қасиеттері де өсімдікке ұқсас. Айырмашылықтары қоректенуінде, өсімдіктер қоректену кезінде бейорганикалық заттардан органикалық заттар түзеді яғни ауадан көмір қышқыл газын, топырақтан су мен минералды зат сіңіріп, бейорганикалық заттарды қорегіне жаратады. Ал, жануарлар болса, дайын органикалық заттармен, яғни өсімдіктермен немесе басқа жануарлармен қоректенеді. Соңдай-ақ жануарлардың жүйке жүйесі, сезу, зәр шығару т.б. мүшелері жақсы жетілген.
Өсімдіктер мен жануарлардың ұқсастығы және айырмашылығы.
Клетка құрысы.
Өсімдіктер
|
Жануарлар
|
Ұқсастығы
|
1. Қоректенуі
2. Тыныс алуы
3. Өсуі
4. Көбеюі
5. Клетка құрылысы
а/ қабықша, цитоплазма, пластидтер, Вакуоль, ядро, митохондрия, эндоплазмалық тор, плазма мембранасы,
Гольджи аппараты,
Крахмал дәні,
Рибосомалар, кристал,
Хлоропласт.
|
1. Қоректенуі
2. Тыныс алуы
3. Өсуі
4. Көбеюі
5. Клетка құрылысы
а/ қабықша, цитоплазма, ядро ядрошық, Вакуоль, митохондрия, эндоплазмалық тор, клетка мембранасы,
Гольджи аппараты,
Лизосомалар,
Пинотоз көпіршігі,
Центропольдар.
|
Айырмашылығы
1. Органикалық емес заттармен қоректенеді. Хлорофилдің жәрдемімен жарық бар жерде су мен көмір қышқыл газдан органикалық зат түзе алады.
1. Органикалық заттармен өсімдіктерді немесе басқа жануарларды жеп қоректенеді.
2. Қозғалу органдары, нерв системасы және сезім органдары болады.
Жануарлар дүниесіндегі әрбір органды оңыту өсімдік методикалық өндеуді талап етеді. Мысалы, Өзен шаянының ішкі құрылысын оқыту методикасы төмендегідей. Методтары баяндау, әңгіме арқылы жүреді. Мұғалім жаңа материалды түсіндіргенде шаянның ішкі құрылысы жайында баяндап, шаянды таблицадан көрсете тұрып, оны жауын құртымен салыстырады. Оқушылар іші жарылған өзен шаянының препаратын қарап көреді. Мұғалім оқушыларға сұрақтарға жауап қайтаруды ұсынады.
1. Өзен шаяны сыртқы ортадан не алады?
2. Шаян организмінде, қоректік заттар қандай өзгеріске ұшырайды?
3. Шаянның денесіне оттек қалай кіреді?
4. Шаян организміндегі зиянды заттар қандай органдары арқылы қайда шығарылады?
Мұғалім қайтарылған жауаптан соң қорытынды жасайды. Сыртқы ортадан шаянның денесіне оның тіршілігіне қажетті заттардың бәрі енеді. Олардың қорытылуы нәтижесінде қоректік заттар түзіледі де клеткаларға өтеді және сол жерде клетка затында айналады. Клеткалар өседі, көбейеді. Сонымен қатар клеткаларда заттар ыдырап, тіршілік әрекетіне қажетті энергиясын бөліп жатады. Ыдырау процесінін нәтижесінде зиянды заттар түзіледі, организмнен шығарылып тасталады, сөйтіп организммен сыртқы орта арасында үздіксіз зат алмасу болып тұрады. Бұл процесс оның әрбір клеткасынын ішінде жүреді, сондықтан да клетка ішілік зат алмасу делінеді.
Бұл процесті мына схема күйінде көзге елестетуге болады. Мұғалім схеманы тақтаға жазады, ал оқушылар оны дәптерлеріне көшіреді.
Зат алмасу
Сыртқы орта
|
Организм
|
|
Қорек
Оттек
Зиянды сұйық заттар
Көмір қышқыл газ
|
Ac қорыту органдары Тыныс алу органдары
Зәр шығару органдары Тьшыс алу органдары
|
Қан айналу органдары
Дененің клеткалары
Қоректік заттардың жылы энергиясын бөле отырып, клетка затына айналуы
Зиянды заттардың түзілуі
|
Класқа: сыртқы ортадан организмге оттек пен қоректік заттар енбесе не болар еді? - деген сұрақ қойылады. Мұғалім зат алмасудың бұзылуынан организм өлді деген қорытынды жасайды. Зат алмасу барлық тірі организмде жүреді. Зат алмасуы болмаса - тіршілік те жоқ, Мұғалім одан әрі шаянның анатомиялық құрылыстарына толығымен тоқталып, қорытынды жасап, оқушылардың білімін пысықтап, сабақты аяқтайды.
III.3. Тән тану. Клетка және оның құрылысы оқыту методикасы
Тәнтану клетка құрылысын зерттейтін ғылым "цитология" деп аталады /ағылшынша: цитос - клетка/ деген мағананы береді. Өсікдіктер мен жануарлардың құрылысын оқығанда олардың денесі өте кішкене микроскоппен қарағанда өте ұсақ сансыз клеткалардан тұратынын көруге болады. Сол сияқты адам денесі көптеген клекалардан тұрады. Клеткалардың көлемі, пішіні белгілі бір мүшелердің қызметіне байланысты. Олардың қызметі сол организмнің тіршілігін сипаттайды.
Өсімдіктер мен жануарлардың клеткасына қарағанда, адам организміндегі клеткалардың құрылысы өте күрделі болады. Сонымен, атап айтсақ адам клеткаларының басты органоидтары: сыртқы қабықша, шырынды сұйықтың - цитоплазма, клеткадағы энергия көзі митохондршілер, негізгі органоид - ядро.
Хромосомалар - тұқым қуалашылық, белгіні сақтап, ұрпаққа беруші органоид - клетка бөлінер алдында хромосомада жіп тәрізді денелер - хромотиндер пайда болады. Адамның денесіндегі клеткаларды 2 топқа бөледі. Дене клеткаларындағы хромосомалар саны 46 болса, жыныс клеткасында 23 хромосома бар. Хромосомалар ата-ананың тұқым қуалайтын қажеттерін ұрпаққа жеткізуші болып саналады.
Цитоплазмадағы заттар үнемі диффуззиялық қозғалыста болады. Сонымен, қоймалжың цитоплазма, органоидтар клеткаға жиналып, қозғалу нәтижесінде ядро деп цитоплазма арасында заттар алмасады. Рибосомалар - нағыз денешік, онда ақуыз және рибонуклеин қышқылы /РНК/ болады. Лезосомалар, нерв клеткаларында қажетсіз улы және тіршілігін жойған клеткаларды сіңіру арқылы ортаны тазартып, клеткалардың одан әрі тіршілік етуіне жағдай туғызады. Ал, клетка құрылысы тақырыбына сабақ беру және өңдеу методикасы екі варианттан тұрады.
І – вариант.
Сабақтың мақсаты адам денесінің клеткасы туралы жануарлар мен өсімдіктер клеткасымен салыстыру арқылы нақтылы түсінік беру, оның құрылысы жөніндегі ұғымды қалыптастыру.
Құрал-жабдықтар: Демонстрациялық материал "Жапырақтың көлденең кесіндісі, "Микроскоппен қарағандағы жануар клеткасының құрылысы", таблицалары, түсті борлар /мел/.
Үлестіріліп берілетің материалдар: микроскоптар, тақтайшаға салынған шыны таяқша немесе қалақша, сиямен немесе иодпен боялған физилогиялық ерітінді, зат және жабын әйнегі: марганец қышқыл калий ерітіндісі.
Сабақтың жоспар
1. Жаңа материалды түсіндіру және қайталау.
|
Мұғалімнің баяндауы
|
Өсімдік клеткасының құрылысы Жануар клеткасының құрылысы
|
Таблица бойынша оқушының баяндауы
Өз бетінше орындайтын лабораториялық жұмыс
|
Жануар және өсімдік клеткаларының құрылысын салыстыру
Электрондық микроскоппен көрсетілген адам денесі кдеткасаның құрылысы
2. Бекіту және қорытынды
|
Әңгіме
Клетка құрылысының схемасын демонстрациялау және мұғалімін: баяндауы.
Әңгіме.
|
Сабақтың барысы
Мұғалім сабақтың басында Роберт Гуктың алғашқы жүргізген зерттеу жұмыстары туралы баяндайды, ол микроскоппен тығыннан "ұяларды" көріп, оны "клеткалар" деп атаған, неміс ғалымдарның оны әрі қарай қарай зерттеп /Шлайден мен Шванның/ кез келген өсімдікпен жануардың денесі клеткалардан тұратынын дәлелдегендері жөнінде айтады және оқушыларға осы зерттеулердің негізінде қорытынды шығаруға болады деген сұрақтар қояды. Мұғалім бұл ашылған жаңалықтың, барлық тірі организмнің құрылысының бір екендігін анықтауға мүмкіндік берудегі маңызын атап айтады. Оқушылар өсімдіктер клетка құрылусын еске түсіріп, олардың барлық бөліктерін атап, таблицадан көрсетеді. Осыдан кейін мұғалім сабақтың негізгі тану мақсатын - адам денесі клеткаларының құрылысын оқуды айқындайды. Адам организмдер клеткалардан тұратындығын айтып түсіндіреді. Клеткалардың үлкендігі мен пішіні атқаратын қызметтеріне байланысты екендігіне ерекше көңіл аударады. Мұғалім таблицадан адам денесінің әр түрлі клеткаларын көрсетеді, ал өз беттерінше істейтін жұмыстың алдында, ауыз қуысының бір-екі эпителий клеткасының схемасын тақтаға жазып, оқушыларға көрсетеді және ұртының ішінен сілекейді қалай алып, препаратты қалай дайындауды оқушыларға демонстрациялайды.
Мұғалім, кейбір оқушылардың не көріп, cypeтті қалай салып отырғанын тексереді, олардың назарын клетканың пішініне, түсіне, цитоплазманың тығыздалған қабаты болып саналатын өте жұқа қабығына аудартады. Клетканың негізгі бөліктері анық көpiнуі үшін оқушылар препараттаы сия немесе иод ерітіндісімен бояйды.
Жұмысқа 15 минут уақыт кетеді, содан кейін мұғалім оқушыларға адамның клеткасын амебаның, жасыл жапырақтың клеткаларымен салыстырып, ұқсастық және айырмашылығын көрсетіңдер дейді. Осыдан кейін оқушылар электрондық микроскоппен көрінетін жануар клеткасының құрылысын оқып бөледі.
Мұғалім материалды таблица бойыниа, эпидиоскоп арқылы көрсететін схема бойынша түсіндіреді, мемесе ол баяндау кезінде түсті бормен суретін сызады. Сыртқы жұқа мембранасына ядро қабығының саңлауларына, ядроның цитоплазмамен және цитоплазманың қоршаған ортамен өзара байланыстылығына көңіл аудартады. Ядро жөнінде айтқанда жануарлардың немесе өсімдіктердің әрбір түpi үшін хромосомолардың саны тұрақты екендігіне көңіл аудартады және олардың тұқым қуалаушылық белгілерінің ұрпақтан ұрпаққа берілудегі маңызы жөнінде қысқаша хабарлайды. Адам клеткасында хромосомолардың жетіспеуі немесе біреуінің болса да артық болуы ұрпаққа берілетін зілді ауруға шалдықтырады.
Клетканың тіршілігіндегі ядроның маңызы туралы мәселені қамтуға байланысты, бір амебаның ядросын алып тастап, оған екінші амебаның ядросын ендіру операциясын айтуға болады. Осындай операцияның нәтижесінде алынған гибридтің ұрпағы, ядросын алған амебаға ұқсағандығы анықталынды. Бұл факт тұқым қуалау белгілерінің ұрпақтан ұрпаққа берілуінде негізгі ролді ядроның атқаратындығын дәлелдейді.
Бұл сабақта органоидтар оның қызметі туралы өте қысқа мәлімет беріледі, мысалы: митохондрия клетканың тіршілігі үшін энергия беретін күш, рибосомалар микроокопиялық - белок фабрикасы, лизосомолар - клетканың ас қорыту оргоноидтары. Оқушылардың шет тіліндегі терминдерді дұрыс түсінулері үшін, мұғалім, міндетті түрде оны қазақ тіліне аударады: митохондрия - /«митос – жіп, «хондрио» - дән; лизосомалар – «лизос» - ерітемін, «сома» - дене, хромосома - боялғыш дене.
Мұғалім клетканың құрылысы туралы сабақтар бойынша мына сұрақтар арқылы, оқушыларды негізгі қорытындыға келтіреді: адам денесінің клеткасы неге ұқсайды? Олардың мөлшері қандай? Олардың құрылысы қандай болады? Клетканың негізгі бөліктерін көрсетіңдер. Клеткада қандай органдар болады және олар қандай қызмет атқарады? Heгe клетканы біртұтас бүтін деп атаймыз?
Егер оқушы соңғы сұраққа жауап қайтаруға қиналса, мұғалім ғалымдардың амебаға жасаған реттеу жұмыстары туралы айтып береді. Олар клеткадан ядроны алып тастағанда клетка тіршлігін жойған, цитоплазманы жойған кезде клетка өлген. Демек, клетка біртұтас бүтін болып табылады. Оқушылар қорытынды шығарады, клефкалар өте кішкене, бірақ маңыздары бірдей, олардың әрқайсысы өздеріне тән жұмыстарды орындайды.
Үйге тапсырма. "Клетка, оның құрылысы және көбеюі” деген тақырыпты оқып келу.
«Клетка құрылысы» тақырыбына сабақ
II - вариант.
Құрал – жабдықтар. Демонстрациялық материал: ауыз қуысының эпителий клеткасынан жасалған препараттар мен 3 микроскоп, таблицалар, "Жануарлар организмінің клеткалық құрылысы фильмі. Лабораториялық жұмыстың орнына жануарлар организмінің клеткалы құрылысы" фильмінің бірінші бөлімін көрсетуге болады және сабақтың соңында оқушыларды мұғалімнің столына шақырып, дайындалынып қойылған препараты бар 2-3 микроскоптан ауыз қуысының эпителий клеткаларын көрсету.
Мұғалім фильмді көрсетудің алдында оқушыларға, жануарлар клеткасының құрылысына көңіл аударыңдар және оларды жасыл өсімдік клеткаларының құрылысымен салыстырыңдар деп тапсырма береді. Оқушылар мұғалімінің күні бұрын тақтаға жазып қойған мына сұрақтарын оқып шығады: жануарлар мен өсімдік клеткаларының ұқсастығы неде? Олар нені керсетеді? Олардың айырмашылығы неде? Жануарлар клеткасы құрылысының суретін дәптерлеріңе салыңдар. Оқушылар фильмді көріп болған соң, тапсырманы орындайды. Фильм болмаған жағдайда бұл жұмысты оқулықты cypeттepiмен және таблица бойьиша өткізуге болады. Мұғалім оқушыларға адам ауыз қуысының клеткасына жасалған препаратты көрсетіп, материалда қазіргі дәрежеде, талапқа сай түсіндіру кешеді.
ІІІ. 4. Тіршіліктану пәні бойынша клетканың химиялық құрамына методикалық өңдеу
Тіршіліктану пәні бойынша 10 сыныпта цитология негіздері клетканың химиялық құрылысы тарауына екі сағат берілген, аптасына 1 сағаттан берілген. Тіршліктанудың жаңа өңделгені бойынша. Немістің ойшылы И.В.Гете "Табиғат өз бейнесін көру үшін адамды жаратты" деген. Тіршіліктану оқушығының авторлары тіршіліктің ғылыми сырына тереңірек үңіліп, мүмкіндігінше оның қазіргі соңғы жаңалықтарымен ұштастырып, тәуелсіз еліміздің ұрпақтарын сусындату мақсатын көздеді. Оқулықтың құрылымы мынандай: Жасушаның химиялық құрамы мен құрылысы - зат айналым - көбеюі мен дамуы - тұқым қуалаудың ролі, генетика мен селекция бөлімі эволюциялық даму - экология мен биосфера - ғылыми техникалық прогресс. "Тіршіліктану" оқулығының бірінші басылымында көптеген кемшіліктердің кеткендігін ескеріліп, 1996 жылы екінші басылымы, цитология бөлімі күрделі өңдеуден өтті. Тіршілік иелерінің химиялық құрылысы тақырыбында жасушаны атомдық және молекулалық деңгейде талқылап, су молекуласының тіршілік көзі, әсіресе, жасушадағы зат айналымы әрекеттеріндегі ролін түсіндіру мақсатында, оның қасиеттеріне көбірек тоқталған. Органикалық қосылыстар туралы білім 10 сыныпта химия пәнінен бірінші берілетіндігі ескеріліп, ол қосылыстардың анықтамасы және органикалық заттардың қаңқасын құрайтын көміртегі атомдарының байланысты тізбектері берілді. Бұдан бұрынғы аударма оқулықтар /жалпы биология/ ақуыздың макромолекула және полимер молекула екенін дәлелдейтін материалдармен шектелген, ал жаңадан жазылған төл оқулық авторлары ақуыз молекуласының ашылуын ғылыми тұрғыдан түсіндіру мақсатында оның ашылу тарихы, молекула құрамына 20 амин қышқылының кіру себептері мен оның химиялық, физикалық және рентген құрылымдық әдіспен зерттеу тәсілдері туралы деректер берілген. Оқулықтың екінші басылымында бұл материалдар едәуір ықшамдалынған. ДНК-ның екі еселенуін дәлелдеуде М.Н. Мейсельсон мен Ф.Сталь үш болжамы ұсынылған;
1. Кертартпа екіеселену
2. Жартылай кертартпа екі еселену
3. Бытыраңқы екі еселену
деп түсініксіз жазылғандағы ескеріліп» екінші басылымда өзгертілген:
1. Сақтама екі еселену
2. Жартылай сақтауа екі еселену
3. Бытыраңқы екі еселену
ДНК молекуласы екі еселенғенде, қос тізбегінің бір сыңарындағы қасиеттер сақталып, соның негізінде екінші тізбек синтезделінетінін білдіреді. Бірінші басылымында кейбір суреттер деп сызба нұсқалар дұрысталынбай, бұл суреттер қайта салынды. Сөйтіп тіршілік тану өңделді, қайта 1997 жылы жарыққа шықты.
Тіршіліктану пәнінен Жамбыл атындағы №26 мектепте 10 сыныптарға өткізген мұғалімдердің тәжірибесінен алған білімдерімнің, әдістерімнің негізінде 10-сыныптарға жасушаның химиялық құрылысы тарауынан сабақ өткіздім, Аптасына 1 сағат және 1 сағат факультатавтік сабақ ретінде өткіздім.
III. 4.1. Тірі ағзалардың химиялық құрылысы.
Жасушадағы бейорганикалық және органикалық заттар.
Мақсаты. Оқушыларды жасушаның атомның және молекулалық құрамы мен, судың кл-ғы мелшерімен, таныстыру, мағлұматтар беру.
Тәжірбиелік мәні. Оқушылардың ойлау қабілетін арттыруға, кестелермен жұмыс жасай білуге, сұрақтарға жауап беруге, үйрету.
Көрнекілікті кестелер, карточкалар, плакаттар.
Сабақтың барысы:
Табиғатта кездесетін 105 химиялық элементтің 80-ге жуығы тірі ағза жазушаларының құрамында болады. Олар жасушадағы мөлшеріне қарай 3 топқа бөлінеді.
1. Органикалық қосылыстардың құрамына кіретін негізгі элементтер
Олардың жасуша құрамындағы үлесі 99%
2. Ион түрінде кездесетін элементтер. Олардың жасушадағы жалпы мөлшері 1% шамасында.
3. Жасушада өте аз мөлшерде кездесетін /0,01% - тен кем/ микроэлементер. 1 кестеде көрсетілген. Осы кестені оқушыларға сызып алуын ескертемін. Бұл кестеде жасушада кездесетін элементтер көрсетілген. Тірі ағзадағы химиялық әлеменітердің зат айналым әрекетіндегі маңызын, егер микроэлементтер жетіспесе, ағза ауруға ұшырайды. Егер тағамның құрамында иод жетіспесе, бала бойының өсуі тежелед. Егер тағамның құрамында мыстың мөлшері жетіспесе де мал жаппай ауруға ұшырайды. Сонымен қатар, химиялық элементтердің тірі ағзалардағы үлесі жер бетіндегі таралуынан мүлдем өзгеше, 2 – кестеден керуге болатынымызды түсіндіремін, 2-кестені дәптерлеріңе сызып алыңдар. Тірі ағза жасушасында кездесетін сутегі, оттегі, көміртегі және азоттың үлесі 99% жетеді. Оттегі, сутегі, көміртегі және aзoт бар химиялық қосылыстардан тірі материяның негізі қаланған. Алғашқы тipi ағзалар бейорганикалық қосылыстар негізіңде теңіз суында пайда болып дамығанын көріуге болатынын түсіндірдім. Клетканың құрам бөлігі ретіндегі суды оқып – үйрену оқушылардың заттар құрылысы мен олардың қасиеттері арасысдағы байланыстылық жөніңдегі білімін анықтаудан бастадым. Су молекуласының құрылысы мен оның қасиеттері және тірі клеткадағы ролі арасындағы байланыстың сипаты қандай?
Бұл проблеманы шешудің жолы - су молекуласының құрылысы адалы оқушылар біліміне назар аудару. Бұл үшін оларға судың электрондық формуласын жазып, сутегі мен оттегі арасындағы байланыс типін көрсету ұсынылады. Сутегі мен оттегіге арналған электрондық пішін үйлесімділігі, су молеукалысындағы химиялық байланыстар / су молекуласында сутегі мен оттегі бөлшектері полюсті ковалентті байланыс пен – Н:О:Н қосылған/ туралы оқушылардың білімі естеріне түсіріледі. Су молекуласының едәуір полюсті болуы бұл заттың 81-ге тең болып келетін жоғары диэлектрлік сіңімділігін қамтамасыз етеді. Бұл судағы екі электр заряды вакумде өзара әpeкeттeскeндe одан 81 есе аз күшті өзіне тартады немеее тебеді деген сөз.
Иондық немесе полюсфі байланыспен сипатталатын заттардың басымырақ ерігіштік қабілеті судың полюсті болуына байланысты.
Сутектік байланыс есебінен 2, 3, 4 және одан да көп су молекулалары қосыла алады. Міне, су молекулаларының дәл осы тартылыс күші бу түзудің жоғары мәнді жасырын жылуына және беттік тартылыстың үлкен болудаа әкеп соғады - су молекулаларын бір-бірінен бөлу үшін энергия мөлшерін көп жұмсауға, тура келеді. Судағы сутегі протондары және басқа заттар бөлшектерінің арасындағы сутектік байланыстар есебінен сулау құбылысы болда өтеді, Бұл кезде су молекулалары басқа молекулалар немесе клеткалы бөлшектер төңірегін бағытқа алады, биологиялық структуралар құруға қатысады. Сутектік байланыстар маңызды биополимерлер - белоктар мен нуклеин қышқылдары структурасын орнықтырады. Оларсыз жердегі тіршіліктің дәл қазіргі формасындай өмір сүруі мүмкін емес еді. Бұдан әрі әңгіме барысында мектеп оқушыларынан судың инертті еріткіш екендігін анықтайды: оны еріген заттардың әсерінен өзгермейді десе де болады. Метоболизмнің көптеген реакциялары тек сулы ортада ғана өтеді. Клеткалар структураларын зақымдап алмай, абайлап сусыздандырған кезде организм анабиоз қалпына түседі.
Мектеп оқушыларына органикалық химияны оқып үйрену көзіңде нақтылы және колоидті ерітінділермен, әмульсиялармен суспензиялармен танысады. Осы білімді пайдаланғанда клетканы сулы және сусыз фазалардан тұратын диеперсиялық система ретінде қарастыруға мүмкіндік туады. Клетка мембраналары және басқа кейбір структуралар, сондай-ақ жеке үлкен молекулалар суда ерімейді, олар су мен сыйыспайтын реакциялар жүзеге асатын сусыз фазаны құрайды. Бұл фаза клетка қаңқасын түзіп, оның структуралың тұтастығын қамтанасыз етуге қатысады.
Судың қасиеттері мен химиялық құрылысының биологиялық ролінің айқындылығы туралы мектеп оқушыларында дұрыс білім жүйесін жасау үшін судың физикалық - қимиялық қасиеттері туралы жинақталған схема жасадым.
Судын физикалық және химиялық қасиеттері
|
Жоғары жылу сыйымдылық, балқу мен бу түзілудегі мол жылулық.
|
Молекулалардың дипольді сипаты, диэлектриктік жоғары өтімділігі.
|
Полюсті және ионды байланыстары бар заттарды сулануға және полюссіз байланыстары бар бөлшектерді тебуге бейімділігі
|
Каталкздік активтігі, гидролиз, гидраци реакцияларына қатысы
|
Химиялық құрылыс молекуладағы атомдардың тәртібі мен сипаты. Су молекулаларындағы сутегі және оттегі бөлшектері арасында полюсті ковалентті байланыс орын алады. Су молекуласы бір-бірімен сутектік байланыс есебінен қосылады. Жоғарыдағы айтылған физикалық және химиялық қасиеттер судан клеткадағы әр түрлі ролін жылу реттеуге, заттардың еруі мен араласына, жасушалық структуралардың түзілуіне, зат алмасу реакцияларына қатысуына қамтамасыз өтетінін түсіндіріп. Оқушылардың сабақты түсінген түсінбегеңдігін "тексеру үшін мынадай сұрақтар қоямыз.
1. Судың клеткадағы ролі қандай?
2. Судың химиялық құрылысы мен оның клеткадағы ролі арасындағы байланыс сипаты қандай?
3. Минералды иондар микроэлементтердің клетка тіршілігіндегі маңызы қаңдай?
4. Судың биологиялық маңызы туралы не білесіңдер?
5. Мына кестені толтырасыңдар, үлгермесеңдер үйде аяқтайсыңдар деп айтамыз.
Қосылыстардың
түрі
|
Молекула құрылысының ерекшеліктері
|
Химиялық құрамының ерекшеліктері
|
Судың
негізгі қасиет
|
СУ
|
Оқушылардың сабаққа жауап беруін бағалап, үйге тапсырма:
2. Тірі ағзалардың химиялың құрылысын оқып келу.
III. 4.2. Көмірсулар және липиттер тақырыбына сабақ беру методикасына талдау
Сабақтың мақсаты: Оуышларға көмірсулар мен липидтің негізгі түрлері, клетка тіршілікіндегі маңызы, биологиялық ролі, құрылымымен таныстыру, түсінік беру.
Құрал-жабдықтар: картошкалар, плакаттар, моносахаридпен дисахаридтер схемасы салынған көрнекіліктер.
Әдісі: әңгімелесу.
Пән аралық байланыс: химия, халықттық педагогика.
Сабақта мынадай 3 түрлі мәселе қамтимыз.
а/ көмірсулардың құрамын, түрін, қасиетін организмдегі ролін анықтау.
б/ липидтердің құрылымын
в/ липидтермен көмірсулардың биологиялық ролін.
Мен жаңа сабақты осы 3 мәселені қамти отыра өтемін. Жасушаның органикалық заттарын білесіңдер ма? деп сұрақ қоямын. Тірі жасушаның құрамында өлі табиғатта кездесетін көптеген органикалық заттар болатынын айтамын. Ол қаңдай органикалық заттар оларға не жатады? деп сұрақ қойдым. Оқушылар білгендерінше жауап береді. Дәптерлеріңе жазыңдар: органикалық қосылыстарға көмірсулар, ақуыздар, нуклеин қышқылдары жатады. Ал органикалық қосылыстар дегеніміз - құрамына көміртегі немесе оның қосылыстары кіретін, сондай-аң ауада және оттегінде жана алатын заттарды айтамыз. Тірі жазушадағы органикалық заттардың барлығы биополимерлерге жатады. Ал полимер молекуласы қарапайым заттардан құралатынын, оларды мономен деп атайды дедім. Сонымен егер А әрпі мономер болса, ал мына тізбек А-А-А-А-А...А полимер молекуласы болады. Яғни, көптеген мономерлерден биополимер молекуласы түзіледі, Ал полимерлерде крахмал, гликоген, ақуыз, нуклеин қышқылдарын жатқызуға болады және осыларды дәптерлеріңе жазып алыңдар.
Көміртегі. Су және ондағы еритін әр түрлі газдар тіршілікке қажетті химиялың өзгерістердің ортасы болып табылады. Тіршіліктің көзі - құрамындағы негізгі элемент көміртегі болатын көптеген ірі молекулалардаң өзара әрекеттесуінің нәтижесі, Осы органикалық заттардың негізін құрайтын көміртек атоңдарының өзара байланысына назар аударайық. Әрбір көміртегі атомы 4 ковалентті байланыс арқылы бір-бірімен қосылып, ұзын, қысқа, сақиналы тізбектер және тұйықталған қосылыстар түзеді. Осы көміртегі тізбектері мен сақиналар органикалық қосылыстардың қаңқасын құрайды. Көміртегі - әр түрлі және тұрақты қосылыстар түзіп, тірі ағзада болатын молекулалардың сан алуандығын қамтамасыз ететін бірден-бір әлемент.
Көрірсулардың құрылымы. Оқушыларға көмірсулар құрамына көміртегі, сутеті және оттегі атомдары кіретінін түсіндірдім. Жасуша құрамында курделі органикалық қосылыстар 1% мөлшерде болады. Ал көмірсулардың қарапыйымы – моносахаридтер екенін түсіндіріп, мына схеманы дәптерлеріңе сызып алыңдар.
Қарапайым көмірсулар
Гексоздар
|
Пентоздар
|
глюкоза фруктоза бос күйіңдегі малина мен жүзімде, бал мен қанның құрамында кездеседі.
|
рибоза дезоксирибоза бос күйінде кездеспейді, тек нуклеин қышқылдары мен аденазин - трифосфор қышқылдарының құрамына кіреді.
|
Күрделі көмірсулар
|
сахароза
|
крахмал
|
клетчатка
|
Моносахаридтер - суда жақсы еритін жағынды, тәтті дәмі бар, түссіз заттар. Моносахаридтің екі молекуласының байланысуын дисахарид түзіледі. Мысалыға қызылша қанты сахарозаның глюкоза мен фруктозаның қосылысы екенін көруге болады.
Бірнеше моносахарид молеқулаларынан полисахарид /грекше "поли" - көп/ түзіледі. Ал ендеше полисахаридтер полимер қатарына жатады. Олардың мономерлері моносахаридтер. Жануарлар ағзасындағы полисахаридтер гликосил түрінде бауыр және бұлшық ет жасушаларында 5% мөлшерінде қорға жиналған, Ал ағзаға энергия қоры - глюкоза қажет болса, олар қайтадан мономерлерге, яғни глюкозаға ыдырайды. Өсімдік жасушаларында крахмал мен жасулық кездеседі, Крахмал глюкосен сияқты көп мөлшерде картоп түйіннің т.б, өсімдік жануарларында қорға жиналады. Оның мөлшері 70% болады. Осы көмірсулардың биологиялық ролі. Көмірсулар жасушаның барлық тіршілік әрекетінде қозғалысқа, секрецияға. биосинтезге бөлінуге т.б. жұмсалатын энергияның көзі болып табылады. жасушаларда үздіксіз жүретін тотығу реакцияларының нәтижесінде көмірсулар қарапайым заттарға дейін толық ыдырайды, Сонымен қатар көмірсулар құрылыс материалының қызметін атқарады.
Липидтердің құрылымы. Оқушыларға липид дегеніміз не? Кәне кім жауап береді? - дедім, Оқушылар өздері білген жауаптарын айтып жатыр, Сонымен липид дегеніміз май, яғни ең тарағаны. Барлық липидтерге тән қасиет - олардың полярлы еместігі. Сондықтан липидтер полярлы емес сұйықтарда, бензинде, эфирде хлорофирмде жақсы ереді, ал суда мүлдем ерімейді. Майтар өзара эфирлік байланыспен қосылатын глицерин мен май қышқылынан тұрады. Оларға жануар және өсімдік майлары, маргарин жатады. Бұл майлардың айырмашылығы құрамындағы май қышқылдарының табиғи сипатында. Май қышқылдары қанықан, қанықпаған болып екіге бөлінеді.
Жануар майында қаныққан қышқылдар көп. Липидтерге сонымен қатар май тәрізді заттар: холестерин, лицитин, майда еритін А, Д дәрумендері, гармоңдар жатады. Ал липидтердің биологиялық ролі, лигадтердің суда ерімейтін қасиеттері олардың құрылыс материалы қызметін атқаруына мүмкіңдік береді. Липидтер - энергия кезі. Май жасушада көміртегі оксиді мен суға дейін ыдырайды. Май - су – көзі. Липидтер қорғаныстық қызмет атқарады, яғни дене темперетурасын тұрақты сақтайды. Дипидтер -қорға жиналған заттар ролін атқарада. Жануарлар мен өсімдік әртүрлі мүшелерде жиналған май қорын тіршілік барысында біртіндеп жұмсайды. Сонымен липидтер осындай қызметтер атқарады. Бүгінгі жаңа тақырыпты түсінген шығарсыңдар. Кімде сұрақ бар? Егер сұрақ жоқ болса, мен қояын.
Яғни сабақты бекіту сұрақтары:
1. Тірі табиғатта көміртегінің атқаратын қызметі неде?
2. Көмірсулардың биологиялық ролі қандай?
3. Липидтердің суда ерімеуі қандай қасиетіне негізделген?
4. Липидтердің биологиялық ролі қандай?
Оқушылар сұрақтарға жақсы жауап берді.
Үйге тапсырма: Көмірсулар және липидтер тақырыбы.
Достарыңызбен бөлісу: |