Майлар мен липоидтардың биологиялық ролі.
Майлар көмірсулар сияқты, энергиялық функцияны орындайды. Оған басқа майлар мен липоидтер қорғау функциясын орындайды. Майлар мен липоидтар суда ерімейді. Бұлардың жіңішке қабаты клетканың мембранасынын құрамына кіреді. Сондықтан клетканың құрамындағы заттарды сыртқы ортадан бөліп тұрады. Май жылуды өткізбейді. Ол терінің астына жиналады. Мысалы: киттің тері астындағы май 1 метр және ол жылы қанды жануарға, суық суда өмір сүруіне мүмкіндік береді.
НУКЛЕИН ҚЫШҚЫЛДАРЫ
Нуклеин қышқылдары /лат.nucleus - ядро/ алғашқы рет ядро клеткаларынан бөлініп алынған. Нуклеин қышқылдарының 2 типі бар: дезоксирибо - нуклеин қышқылы ДНК және рибонуклеин қышқылы РНК. ДНК - тек ядрода, aл РНК - ядро мен цитоплазмада кездеседі.
ДНК-ның молекуласы бір-біріне спиральды шуатылған жіпшелерден тұрады. Спиральдың ұзындығы бірнеше он микроннан тұрады және ол белоктың ең ірі молекуласынан жүз есе үлкен. ДНК молекулалары салмағы 100 милл. /екі жібі/.
ДНК-ның әр бір молекуласы полимер, ал мономерлерге -нуклеотидтері ДНК-ның құрамына 4 нуклеотид кіреді. Әрбір нуклеотид - 3 молекуланың қосындысы:
1. органикалық азоттан тұратын заттан;
2. қарапайым көмірсулар пентозадан;
3. фосфор қышқылынан тұрады.
Нуклеотидтер бір-бірінен бірінші компонент азот негізінің құрылымымен ғана айырмашылығы бар, молекуланың қалған бөлігі бірдей
Тимидиловый Аденил нуклеотиді нуклеотид
Цитедил нуклеотиді /Ц/ Гуанил нуклеотид /Г/
Азот негіздерінің құрылымын қарастырайық. Олардың барлығы гетероциклдер, олардың сақиналары көміртек және азот атомдарына тұрады. Аделин және гуанин, пуринның гетерацикл қосылыстарынан тұрады. Сондықтан пурин негіздері деп аталады.
Пурин, Аденин 6-аминопурин Гуанин 2-амино б-оксипурин
Екіншісі - /бір сақинадан тұрып пиримидиннен тұрады және оларды пиримидин негіздері деп аталады. Бұларға тимин және цитозин жатады.
П
Тимин 2,4-диокси 5-ме тилпиримидин
Цитозин
2-окси - 4-амино
пиримидин
иримидин
Әрбір шынжырда ДНК нуклеотидтері әрбір ДНК үшін нақты және тұрақты тәртіппен орналасады. Нуклеотидтердің бір-бірімен тіркеседі, фосфор қышқылы арқылы берік ковалентті байланыспен байланысады I нуклеотид пентозасының үшінші көміртек атомы ауылдас нуклеотид пентозасының 5 көміртек атомымен байланысады. Ал нуклеотидтің негізі бос орналасады.
Әртүрлі ДНК нуклеотид санымен және алмасу тәртібімен ерекшеленеді. Әрбір нуклеотидің мол саны 330 тұрады. Әрбір ДНК-ның шынжырының салмағы 5 млн.тең және әрбір ДНК-ның шынжыры 15 мың нуклеотидтен тұрады.
Спиральды қос шынжырда, бір шынжыр негізіне қарама-қарсы шынжыр негізі орналасқан. Әрбір қарама-қарсы негіздін арасында сутегі байланысы пайда боладм. Қарама-қарсы жатқан нуклеотидтердің арасында барлығы тәртіппен орналасқан, A-Т, Г-Ц /бір пурин + пиримидин/. Мұнда Г-Ц энергетикасы берік, өйткені Г-Ц үш сутек бай анысы пайда бола алады, ал А-Т арасында тек 2 байланыс бар. Сонымен А-Т, Г-Ц, нуклеотидтер бір-бірін толықтырады немесе бір-біріне комплементарлы /лат. толықтыру/ Мыс: нуклеот. бір шынжырында А,Г,Г,Ц,Т,А,Ц орналасса, онда екінші шынжыр: Т,Ц,Ц,Г,А,Т,Г болады.
ДНК молекуласынын клетка бөлінгенде қалай синтезделетінін, ДНК-ның комплементарлық принципі түсіндіреді. Бұл синтез, ДНК молекуласының екі еселену қабілеттілігіне негізделген. ДНК молекуласының екі еселену процесі клетка бөлінер алдында жүреді. ДНК-ның спиральданған қос шынжыры басынан бөліне бастайды, ал әрбір босаған шынжырға, бос нуклеотидтерге жаға шынжыр синтезделеді. Жаға шынжырдың жинақталуы комплементар принципімен жүреді А-Т, Г-Ц. Соңында ДНК-ның I молекуласынан, сол нуклеотид құрамын толықтырады. 2 ДНК молекуласы пайда болады. Бұл процесті - репликация /коперование/, редупликация /екі еселену/, репродукция /жанару/ деп атайды.
ДНК-ның синтезі ферменттативті процесс. Бұл процесс ДНК-полимераза ферментінің арқасында жүреді. ДНК тек нуклеотидтердің орналасу тәртібін, ферментке жұмыс программасын көрсетеді, ал репупликация процессін белок - фермент жүргізеді.
РНК - құрылымында қос спираль болмайды. РНК - ДНК-ның бір шынжыры сияқты құрылымнан тұрады. РНК, ДНК сияқты полимер. Оның мономерлері нуклеотидтер. РНК нуклеотидтері өте жақын, бірақ ДНК нуклеотидтерінен бөлек. Оларда 4, құрамы азот негізінен, пентозадан және фосфор қышқылынан тұрады. А,Г және Ц-азот негіздері ДНК-кі секілді. А. Тим /ДНК/, РНК-да Урация Т және У айырмашылығы Т-ге метил тобы. ДҺК мен РНК-ғы айырмашылық көміртек /углевод/ сипатында ДНК нуклеотидында көміртек - дезоксирибоза
Осы айырмашылыққа байланысты ДНК және РНК деп аталады.
Нуклеотидтердін арасында байланыс ДНК-нын бір шынжырындағыдай көміртек және фосфор қышқылы арқылы жүреді.
РНК-ның клеткадағы саны айнымалы. Ол негізінен синтез белогы жүретін клеткаларда көп.
РНК-ның бірнеше түрі бар. I - тасымалдаушы РНК /тРНК/. Мол-ы ең қысқа; олар 80-100 нуклеотидтен тұрады. Молекулалар салмағы 25-30000 тРНК-тек цит-а кездеседі. Олардың функциясы аминқышқылдарын рибосомаға тасымалдау, Клеткадағы РНК-ның жалпы санынын 10% тРНК алады.
Достарыңызбен бөлісу: |