I тарау. Ежелгі қазақстан § Қазақстан тас дәуірінде


Шаруашылығы мен мәдениеті



бет11/94
Дата11.10.2023
өлшемі4,07 Mb.
#184723
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   94
Байланысты:
Қазақстан тарихы пәнінен лекциялар жиынтығы (5 - 11 сынып)
Сөзжұмбақтар, жаратылыстану, c әрпі, ГЕОГРАФИЯ ПИЗА
Шаруашылығы мен мәдениеті. Батыс түрік қағанаты шаруашылығының негізін жартылай мал шаруашылығы құрады. Малы жоқ немесе малы аз кедей шаруалар егіншілікпен айналысқан. Қағанаттың едәуір бөлігі отырықшылыққа көшіп, қолөнермен шұғылданған. Шығыс Түрік қағандығымен салыстырғанда оның әлеуметтік құрылымы да едәуір күрделі болды, яғни феодалдық мемлекет дәрежесіне көтерілді. Тек Шу алқабының өзінде VІ-VІІ ғасырлар қарсаңында 18-ге жуық қала мен ірі қоныс болған. Олардың негізгі тұрғындары соғдылар, түркілер және сириялықтар еді.
Осы қалаларды алғаш суреттеп жазғандардың бірі қытайдың саясаткер тарихшысы Сюань Цзан. Ұлы Жібек жолы Батыс түрік қағанаты арқылы өткендіктен, бұл өңірде сауда мен қолөнер біршама тәуір дамыды.
Ескерттетін жайт: өзгелерге қарағанда қағандық өмірінде соғдылардың рөлі жоғары дәрежеде болды, бүкіл экономикалық және ақша қатынастары солардың тікелей қатынасуымен жүрді. Батыс Түрік қағанатының қалалық мәдениеті соғдылардың қатысуымен қалыптасты. VІ-VІІ ғасырларда түріктердің қолдауымен соғдылықтар Жетісуда, Жоңғарияда, Шығыс Түркістанда, Оңтүстік Сібірде сауда орындарын құрды. Түріктер өздеріне бағынышты соғдылықтарды «тат» деп атаған. Қазіргі тәжік атауы осы татқа байланысты болса керек. М.Қашқари «татсыз түрік жоқ» деп жазады. Себебі, таттар түріктердің бүкіл шаруашылығын, сауда-саттығын жүргізіп, қолөнер бүйымдарын жасады.


§ 10.Түргеш қағанаты (704-756 жж.)

Қағанаттың жері Орта Азияның оңтүстік-шығысында Шаш (Ташкент) қаласына бастап Шығыс Түркістандағы Бесбалық, Тұрфан қалаларына дейінгі аралықты қамтыды.Үшелік қаған өзінің иелігіндегі тайпаларын екі ордаға бөлген. Қағанаттың үлкен ордасы Суяб қаласында, кіші ордасы Іле бойындағы Күңгіт қаласында болды. Түргештер туралы алғашқы деректер «Күлтегін» ескерткішінде және қытай жазба деректерінде кездеседі. Түргеш тайпалары VІ ғасырда Шу, Іле, Талас өзендерінің аймағын мекендеді. Ал, Жетісудағы керуен жолдарының көбі солардың бақылауында болды.


Саяси билік қаған қолында болды. Қағанат 20 әкімшілік аймаққа бөлінді. Қағанатта Үшелік қайтыс болғаннан кейін оның мұрагері болып баласы Сақал қаған (706-711 жж.) таққа отырады. 706 жылы билік үшін сары түргеш және қара түргеш тайпаларының арасында талас-тартыс басталады. Екі тайпаның арасындағы тартыста қара түргештер жеңіске жетіп, Сұлу қаған орданы Талас (Тараз) қаласына көшірді. Сұлу қағанның (715-738 жж.) тұсында түргештер қайта күшейеді. Сұлу қағанның шайқастарға тікелей өзі қатысатынына әрі ылғи да жеңіске жетуіне қарсы арабтар оған «мүйізді қаған», «сүзеген» деп ат қойған. Сондықтан арабтар Сұлу қағанмен ашық майданда соғысудан сескенген. 754 жылы қағанатта ішкі талас-тартыс шиеленісіп, батыста араб шапқыншылығынан, ал шығыста қытай шапқыншылығынан Түргеш қағандығы біржола әлсіреді. Сөйтіп 756 жылы Түргеш қағандығын қарлұқ тайпасының көсемдері құлатып, билікті өз қолдарына алды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет