I тарау. Ежелгі қазақстан § Қазақстан тас дәуірінде


§ 47.Жетісуға ұйғырлар мен дүнгендердің қоныс аударуы



бет55/94
Дата11.10.2023
өлшемі4,07 Mb.
#184723
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   94
Байланысты:
Қазақстан тарихы пәнінен лекциялар жиынтығы (5 - 11 сынып)

§ 47.Жетісуға ұйғырлар мен дүнгендердің қоныс аударуы

Ұйғырлар мен дүнгендердің қоныс аударуына саяси жағдайлар әсер етті. 1863 жылы ұйғырлар Цинь империясының отаршылдық саясатына қарсы шығып, нәтижесінде көптеген ұйғырлар Жетісу жеріне қоныс аудара бастады. 1866 жылы көтеріліс болған аумақ Іле сұлтандығының құрамына енді. Шығыс Түркістанда құрылған Іле сұлтандығының құрамында ол кезде 100 мың адам болса, оның 38,2 мыңы ұйғырлар, 22,3 мыңы қазақтар мен қырғыздар, 12,8 мыңы тоғауыттар (қалмақтар), 15,5 мыңы сибо, 5,2 мыңы дүнгендер еді.


ХІХ ғасырдың соңында Қазақстанға орыс шаруаларымен қатар ұйғырлар мен дүнгендер де қоныс аударды. Өйткені 1871-1881 жылға дейін Іле аймағы патшалық Ресейдің қол астында болды. 1881 жылы 12 ақпанда Қытай мен Ресей арасында «Петербург шартына» қол қойылды. Шарттағы 17 баптың алғашқылары келісімнің мәнін жан-жақты ашып көрсетті. Мысалы, шарттың 3-бабында: «Іле аймағының тұрғындарына Қытай қоластындағы мекендерінде қалу немесе Ресей жерлеріне көшіп, Ресей азаматтығын қабылдау ұсынылады» - деп қарастырылған. Ұйғырлар мен дүнгендерді Жетісуға қоныстандыру арқылы патша үкіметінің көздеген мақсаты - оны жергілікті халықтың ұлт-азаттық көтерілісіне қарсы қолшоқпар ретінде пайдалануды көздеді. Бұл мәселе бойынша арнайы комиссия құрылып, қоныс аударғандарды Шелек және Іле өзенінің аралығында орналастыру туралы шешім қабылданды. Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісуға қоныс аударуы 1881-1883 жылдар аралығында жүзеге асырылып, 1884 жылдың басында 9572 ұйғыр отбасы қоныс аударды, оның 24628 ер адам болса, ал 20745 әйелдер болды, барлығы 45373 адам еді. Сонымен қатар, Қазақстанға барлығы 5055 дүнген қоныс аударды.
Қазіргі Алматы мен Талдықорған жерінде Жаркент, Ақсу-Шарын (қазіргі Ұйғыр ауданы), Малыбай (Шелек ауданында), Қорам (Шелек ауданы), Қарасу (Еңбекшіқазақ ауданы), Кетпен болыстары құрылды (қазіргі Жаркент ауданында). Жаңа құрылған болыстың басшысы болып сол бұрынғы Іле аймағында болған басшылар сайланды. 1897 жылы Жетісудағы санақ бойынша ұйғырлар саны 55999 адамға, ал дүнгендер саны 14136 адамға жетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет