§ 55.ХХ ғасырдың басындағы қазақ мәдениеті
ХХ ғасырдың басында қазақ мәдениеті өзіндік ерекшеліктерімен дамыды. Осы кездегі маңызды оқиғалар мәдениеттің жаңаша дамуына әсер етті. Мәдениеттің жаңаша сипатпен дамуына ең алдымен 1905-1907 жылдардағы революциялық қозғалыстардың әсері көп болды.
ХХ ғасырдың басында мәдениеттің жаңаша сипатпен дамуына осы кезде ашыла бастаған баспа ісі үлкен ықпал етті. ХХ ғасырдың басында кітап басып шығару ісі Омбы, Орал, Семей, Орынбор қалаларында жолға қойылды. Қазақ кітаптарын басу ісі Петербург, Қазан, Ташкент қалаларында да қолға алынды. Кітап шығару ісінде орыс географиялық қоғамының Семей, Омбы, Орынбордағы бөлімшелері көп іс атқарды.
ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің дамуына А.Байтұрсынов, М.Дулатов, С.Торайғыров, С.Дөнентаев, Мәшһүр-Жүсіп Көпеев, Ш.Құдайбердиев, Жамбыл Жабаев, Нұрпейіс Байғанин сияқты тағы басқа әдебиет өкілдерінің қосқан үлесі өте көп болды. 1909 жылы Абайдың шығармалар жинағы баспадан шықты.
Бұдан басқа А.Байтұрсынов пен М.дулатовтың, С.Дөнентаевтың шығармалары да басылып шықты. С.Торайғыровтың «Шәкірт ойы», «Адасқан өмір», «Бір адамға», «Қамар сұлу», «Алты аяқ», Спандияр Көбеевтің «қалың мал» тағы басқа шығармалары осы кездегі әдеби туындылардың озық үлгісі болып саналады.
А.Байтұрсынов - қазақ әдебиетін және лингвистика ғылымын дамытуға үлес қосқан ғалым. 1913 жылы А.Байтұрсынов «Қазақ» газетін шығара бастады. Алашорда үкіметінің үнқағазы болған «Қазақ» газетінің редакторы қызметін 1917 жылға дейін атқарған. А.Байтұрсыновтың «Маса» (1911) өлеңдер жинағы Орынбор баспасынан жарық көрген.
Ш.Құдайбердиев - Абайдың шәкірті, ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің ірі тұлғаларының бірі. Парсы, түрік, араб, орыс тілдерін меңгерген. Ш.Құдайбердиевтің «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» (1911) атты тарихи еңбегі, «Қазақ айнасы» (1912) атты өлеңдер жинағы жарық көрген. Поэмалары: «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек».
Сондай-ақ, ағарту ісіне тоқталар болсақ, 1906 жылы патша үкіметі оқу-ағарту ісінің ережелерін бекітті. Ереже қазақ жерінде орыс мектептерінің көбеюіне жол ашса, медреселердің жұмыс істеуіне шек қоя бастады. Ағарту ісін дамытуға қаржы өте аз бөлінді. «Айқап» журналы, «Қазақ», «Степной край», «Сибирская жизнь» газеттері қазақ халқының негізгі басылымдары ретінде ағарту ісін дамытуға үлкен үлес қосты.
Х
Дина Нұрпейісова
Х ғасырдың басында музыка мәдениеті жақсы дамыды. Осы кездегі музыка мәдениетінің дамуына үлес қосқан ірі тұлғалар Дина Нүрпейісова, Балуан Шолақ Баймурзин, Үкілі Ыбырай, Әміре Қашаубаев, Қали Байжанов, Естай Беркімбаев. Осы кездегі белгілі әндер «Гәкку» (Үкілі Ыбырай), «Майда-қоңыр» (Естай) тағы басқа.
Достарыңызбен бөлісу: |