I тарау. Ежелгі қазақстан § Қазақстан тас дәуірінде


§ 51.Қазақтың ән-күй өнері



бет59/94
Дата11.10.2023
өлшемі4,07 Mb.
#184723
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   94
Байланысты:
Қазақстан тарихы пәнінен лекциялар жиынтығы (5 - 11 сынып)

§ 51.Қазақтың ән-күй өнері

Музыка өнері қазақ халқында ертеден бар қасиет. Қазақ өнерпаздары көптеген музыкалық аспаптарды игеріп, тамаша күйлер шығарған, ән де айтқан. Көне заманнан бері 50-ге жуық әр түрлі музыкалық аспаптар болды: домбыра, сыбызғы, дауылпаз, қобыз, жетіген, асатаяқ, шаңқобыз, даңғыра. Әншілер мен күйшілер қашанда халықтың жанынан табылды. Олар халықтың арасында жүріп олардың арман-тілектерін, мақсат-мүдделерін тереңірек түсініп, өздерінің әндері мен күйлеріне қосты.


Белгілі ақын немесе әнші, күйші бір үйге қонақ болып түссе, бұл ол үй иесі үшін үлкен мәртебе саналды. Ол үйге тек үй иелері ғана емес, ауылдың үлкен-жасы жиналып ән-күй тыңдаған. Қазіргі күні қазақ халқының арғы замандағы ән өнері туралы дерек аз. Біз тек ХІХ ғасырдағы Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Жаяу Мұса, Майра, Естай сияқты ұлы өнерпаздарды білеміз. Олардың әрбіреуі тек қана үлкен талант иесі ғана емес, өнердегі айтулы тұлға болды. Өнерпаздардың әрқайсысы бір театрдан кем болмаған, олардың жанында қашанда өнерлі жастар тобы еріп жүрді.
Қазақтың ән өнерінің аса дамыған орны - Көкшетау, Баянауыл, Қарқаралы сияқты табиғаты көркем, көшпелі салт-дәстүрді, еркіндікті бергі заманға дейін ұстанған қасиетті жерлер. ХІХ ғасыр қазақ ән өнерінің алтын ғасыры болды. Күй өнері - орындау мәнері, орындаушылық дәстүрімен және күйдің тақырыптарының әртүрлілігімен ерекшеленеді. Атақты күйшілер: Байжігіт, Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей, Қазанғап, Сүгір, Дина Нұрпейісова. Күйлер төкпе және шертпе болып екіге бөлінеді.

Құрманғазы Сағырбайұлы
Төкпе күйдің майталман шебері
Құрманғазы Сағырбайұлы (1818-1879 жж.). Қазіргі Орал облысы, Жанғалы ауданында Жиделі елді мекенінде дүниеге келген. Күй атасы. Оның ұстазы Ұзақ деген күйші. Құрманғазының «Ақбай», «Ақсақ киік», «Кішкентай», «Түрмеден қашқан» және тағы басқа күйлері бізге жеткен. Құрманғазы Сағырбайұлының алғашқы музыкалық шығармасы - «Кішкентай» күйі Исатай мен Махамбеттің көтерілісіне арналған еді. Құрманғазы бірнеше рет қуғын-сүргінге ұшырап, түрмеге қамалған. Атақты күйшілер Д.Нұрпейісова, Сүгірәлі, Шора сынды домбыра тарту шеберлері оны өздерінің ұстазы деп бас иген. Сарыарқа жерінде шертпе күйдің тамаша үлгісін жасаған Тәттімбет. Ол Қарқаралы, Қу тауларының баурайында дүниеге келген. Жас кезінен бастап өнерлі ортада өскен. Тәттәмбеттің күйлері «Былқылдақ», «Сылқылдақ», «Қос алқа». Замандастарының айтуына қарағанда ұлы сазгердің 40-тан астам күйі болған.
Аса көрнекті композитор Дәулеткерей Шығайұлының (1820-1887 жж.) қырыққа жуық күйлері сақталған. Оның «Жігер», «Бұлбұл», «Керілме», «Желдірме» тағы басқа күйлері лирикалық, әсем нақышымен ерекшеленетін, нағыз халықтық рухты бейнелейтін әсем де ырғақты туындылар.
Біржан сал Қожағұлұлы (1834-1897 жж.) туған өлкесінің ән мәдениетіне қомақты үлес қосты. Оның музыкалық-ақындық шығармаларының демократиялық сипаты айқын аңғарылып тұрады. Біржанның «Жанбота» әнінде Жанбота болыстың зорлық-зомбылығы айыпталған.

Біржан сал Қожағұлұлы
Ақан сері Қорамсаұлы (1843-1913 жж.) қазақтың халық әндері классикалық қазынасына қосылған музыкалық-поэтикалық мол мұра қалдырды. Ақан серінің жүрекке жылы тиіп, жан толқытар әсерлі де сазды әндерінде қазақ қоғамы өмірінің әлеуметтік мәселелері көрініс тапқан.
Жаяу Мұса Байжанұлының (1835-1929 жж.) шығармашылығы ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ саз өнеріндегі аса ірі құбылыс болды. Жаяу Мұсаның көркемдігі мен мазмұны жағынан әр алуан 60-тан астам әндері сақталған.
Қазақтар қобызды қасиетті музыка аспабы санап аса қадір тұтады. Ерте дәуірде өмір сүрген Қорқыттан бастап ХІХ ғасырдағы Ықыласқа дейін күйші мен қобызшылар есімдері қазақ арасында кеңінен таныс болды. Бүкіл қазақ даласы Біржан салдың, Ақан серінің, Мұхиттың, Абайдың Балцан-Шолақтың, Жаяу Мұсаның, Мәдидің, Ыбырайдың, Естайдың және басқалардың әндерін айтты. Халық сазгерлерінің шығармашылығы адамдардың туған өлкесіне деген ыстық сүйіспеншілігін бейнеледі, табиғаттың сұлулығын дәріптеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет