I тарау. Ежелгі қазақстан § Қазақстан тас дәуірінде


§ 78.Қазақстанның ұлттық валютасы



бет86/94
Дата11.10.2023
өлшемі4,07 Mb.
#184723
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   94
Байланысты:
Қазақстан тарихы пәнінен лекциялар жиынтығы (5 - 11 сынып)
Сөзжұмбақтар, жаратылыстану, c әрпі, ГЕОГРАФИЯ ПИЗА
§ 78.Қазақстанның ұлттық валютасы

Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы теңгенің де өз шығу тарихы бар. Ұлттық теңгені жасауға екі жыл уақыт қажет болды, себебі бұл - өте көп еңбекті қажет ететін күрделі жұмыс. Қазақстан өз төл ақшасын шығару үшін 1990 жылы теңгенің үлгісін жасайтын арнайы жұмысшы тобын құрды. Олар барлық дүние жүзіндегі мемлекеттердің ақшаларымен және еліміздің аумағында табылған теңгелер тарихымен танысты. Алайда Қазақстанда ұлттық ақша жасайтын арнайы мамандар мен шеберханалардың жоқтығынан, бұл саланың қызметкерлерін шетелден іздеуге тура келді. Алғашқы ұлттық теңгелерді жаасауды ағылшынның «Харрисон» атты фирмасы қолға алды.


Теңге беттеріне қазақтың біртуар перзенттерінің суреттері салынып, сапалы қағаздан жасалды. Әрбір мемлекеттің мемлекеттік валютасының қолдан жасаудан қорғайтын көзге көріне бермейтін сапа белгілері болады. Ұлттық теңгемізде бұндай сапа белгі саны - 18.
1993 жылғы 5 қарашада «Ақша жүйесін тұрақтандыру жөніндегі шұғыл шаралар туралы» Президент Жарлығы шықты. 1993 жылы қараша айының басында Ресей мен Қазақстан басшылары бірнеше рет жаңа сомдық аймақ құру жөнінде келісім жасады. Бірақ Ресей жағы негізсіз талаптар қоя бастады. Бұл жағдай Қазақстанның сомдық аймақтан шығуын тездетті. Бұл кезде Ресейде 1992 жылға дейінгі рубль банкноттар айналымнан шығарылған еді. Сондықтан Қазақстан басшылары ұлттық валютаны енгізуге қадам жасады. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі ұлттық валюта банкноттарын дайындады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы «теңге» деп аталды.Ұлттық валютаға 1 теңгелікте - әл-Фараби, 3 теңгелікте - Сүйінбай, 5 теңгелікте - Құрманғазы, 10 теңгелікте - Шоқан, 20 теңгелікте - Абай, 50 теңгелікте - Әбілқайыр хан, 100 теңгелікте - Абылай хан бейнесі салынған. Қазіргі күні бұл қағаз ақша металл түрімен ауыстырылды. Әл-Фараби 200, 500, 1000, 2000, 5000, 10000 теңгеліктерде де бейнеленген.
1993 жылғы 15 қарашада Республика Президентінің жарлығымен ұлттық валюта-теңге теңгеміз айналымға енгізілді. Ұлттық теңгеміз металл және қағаз ақша түрінде шығарылды. Теңгенің айналымға енгізілуі - аса зор саяси-экономикалық маңызы бар тарихи оқиға.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет