I тарау. Ежелгі қазақстан § Қазақстан тас дәуірінде


Қазақстан патриоттары партиясы



бет88/94
Дата11.10.2023
өлшемі4,07 Mb.
#184723
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   94
Байланысты:
Қазақстан тарихы пәнінен лекциялар жиынтығы (5 - 11 сынып)
Сөзжұмбақтар, жаратылыстану, c әрпі, ГЕОГРАФИЯ ПИЗА
Қазақстан патриоттары партиясы
Партияның төрағасы құрылған күннен бастап – Қасымов Ғани Есенгелдіұлы. Партия 2000 ж. 4 тамызында тіркелді, 2003 ж. 6 қазанында қайта тіркеуден өтті.

«Руханият» партиясы
Партия төрағасы – Жағанова Алтыншаш Қайыржанқызы. 2003ж. 6 қазанында тіркелді. Партия құрамында 72 000 адам бар. Партия бөлімшелері облыс орталықтарында, Астана және Алматы қаласында орналасқан.
Қызметін тоқтатқан партиялар
Қазақстанның аграрлы партиясы
Қазақстанның азаматтық партиясы
«Қазақстанның халықтық конгрессі» партиясы
Қазақстанның Республикалық халықтық партиясы
«Асар» республикалық партиясы
Қазақстанның Республикалық партиясы
Қазақстанның Социалистік партиясы
Тіркелмеген партия
«Алға!» халықтық партиясы
ХХ ғасыр басындағы партиялар
Алаш партиясы
Үш жүз партиясы
Иттифак ал-муслимин
Жұмысшы Мұсылмандар Одағы


§ 80.Қазақстандағы діни бірлестіктер

Қазақстан Республикасы зайырлы мемлекет. Қазіргі уақытта Қазақстанда 130-дан аса ұлт өкілдері татулықта өмір сүреді. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан барлық діндерге еркіндік берген. Діни ағымдардың сандық және сапалық өсімі байқалды. Бүгін діни бірлестіктердің саны 3206-ға жетті, ал 1990 жылы олардың саны 670 болды.


Мұсылман бірлестіктерінің саны 46-дан 2441-ге дейін көбейді, оның басым көпшілігі суниттік бағыттағы бірлестіктер. Орыс православие шіркеуінің бірлестіктерінің саны 62-ден 293-ке дейін, римдік-католик шіркеуінің бірлестіктерінің саны 42-ден 86-ға дейін, протестанттық бірлестіктер 13-тен 540-қа жетті.
Қазақстандағы негізгі діни бағыттар суниттік ислам және христиандықтың православиелік бағыттары. 1990 жылы республикада Қазақстан мұсылмандарының рухани басқармасы құрылды.
Діни бірлестіктердің 3129 діни орындары бар. Олардың 2229 - мұсылман мешіттері, 258 – православие шіркеулері, 93 – католик шіркеулері, 6 – синагога, 500-ден аса – протестанттық шіркеулер мен ғибадатханалар.
Діни бірлестіктер 38 мерзімдік баспасөз басылымдарын шығарады.
Діни мейрамдар «Құрбан айт» және «Рождество Христово» Қазақстанда демалыс күндері деп жарияланған.
1992 жылы «Діни сенім мен діни бірлестіктердің бостандығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Қазақстан президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастауымен Астанада 2003 және 2006 жылдары Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі өтті.
Қазіргі Қазақстандағы дәстүрлі емес діни қауымдарға төмендегілер енеді: 5 буддистік қауым, 24 индуистік, 12 кришнаиттік, 23 бахаи, 2 трансценденталдық медитация қауымы, ұлы ақ бауырластықтың 2 қауымы, 6 саентология шіркеуі қауымы және т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет