I тарау. Ежелгі қазақстан § Қазақстан тас дәуірінде


VІІ ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСЕЙ ИМПЕРИЯСЫ ҚҰРАМЫНДА



бет50/99
Дата14.10.2022
өлшемі215,97 Kb.
#153095
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   99
VІІ ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСЕЙ ИМПЕРИЯСЫ ҚҰРАМЫНДА


§ 39.Қазақстанның Ресейге қосылуы

ХVІІІ ғасырдың бас кезі орыс мемлекеті нығаюының және империялық кезеңге өтудің басы болып саналды. Ол ХVІІІ ғасырдың 20 жылдарында бастау алған Қазақ хандығы мен Ресейдің белсенді саяси байланыстарының дамуымен сипатталды. Жоңғар шабуылынан кейін (1717-1718 және 1723-1727 жылдар) қазақтың көптеген тайпалары ғасырлар бойы мекендеген жерлерінен кетуге мәжбүр болды. Бірқатар тайпалар Әбілқайыр ханмен бірге Жайық өзенінің оң жақ жағалауына көшуге әрекет жасады. Осы жерде олар Ресей бодандығындағы қалмақ, башқұрт елдерімен қатар қоныстанды. 1726 жылы кіші жүз өзінің шекаралық келіспеушіліктерін реттеу үшін Ресейге елші жіберген. Екі ел арасындағы сауда-дипломатиялық қатынастардың дамуы Ресейге де аса пайдалы екендігі І Петр заманында-ақ белгілі болды.


1730 жылы маусымда Әбілқайыр хан өзіне бағынышты қазақтарды Ресейдің қол астына алуын сұрап императрица Анна Иоанновнаға өтініш хат жолдайды. Сейітқұл Қойдағұлов пен Құтлымбет Қоштаев бастаған елшілікті 1730 жылы қыркүйекте Петербургке жібереді. Осы уақытта Ресейдің құрамына Еділ қалмақтары, Қабардин княздігі, Грузия енген болатын. Ресей Әбілқайырдың елшілерін сыйлап зор құрметпен қарсы алады. 1731 жылы 19 ақпанда Анна Иоанновна Әбілқайыр ханның және оның қарамағындағы қазақ ұлысының Ресейге ерікті түрде қабылданғаны туралы грамотаға қол қойды.
Қазақстанға Әбілқайыр ханнан ант алуға Шет елдер коллегиясының аудармашысы А.Тевкелев басшылығымен елшілік келеді. 1731 жылы А.Тевкелев 5 қазанда Ырғыз өзеніндегі Майтөбе деген жердегі Әбілқайырдың ордасына жетеді. Осы жерде қазақ билеушілерінің арасында бодандыққа көшу туралы бірліктің жоқтығы байқалады. Билер мен сұлтандардың көпшілігі «орыс бодандығы»туралы естігілері де келмеді. Бірақ Тевкелев табын руынан шыққан Бөкенбай батырға және оның күйеу баласы Есет батырға арқа сүйеді. Нәтижесінде 1731 жылдың 10 қазанында Әбілқайыр хан, Бөкенбай және Есет батырлар бодандықты қабылдап, ант берді. Осылайша, Ресейге кіші жүздің қосылуы басталды. 1732 жылы 24 қарашада А.Тевкелев елшілігі кері қайтады.
ХVІІІ ғасырдың 30 жылдарының ортасында жоңғарлар қайтадан қазақтарға, әсіресе Орта жүзге қысым көрсете бастады. Орта жүз ешкімге тәуелді болмай, өз еркімен өмір сүрді. Сәмеке хан өлгеннен соң да орта жүз тәуелсіз болып қала берді. 1743 жылы орта жүз бен Жоңғария арасында бейбіт келісім жасалды. Шын мәнінде, 1822 жылғы «Сібір қазақтары туралы Жарғыға» дейін Солтүстік және Орталық Қазақстан тәуелсіз өмір сүре берді. Ұлы жүз қазақтары 1734 жылы Жоңғариямен келісімге келіп, жартылай бағыныштылықты күй кешті. Тек ХVІІІ ғасырдың 50 жылдары Жоңғар ордасының дағдарысы ұлы жүзді бостандыққа жеткізді. Қазақстанның Ресейге қосылуы ХVІІІ ғасырдың 30 жылдары басталып, ұзақ және күрделі оқиғалар мен үрдістерден кейін ғана ХІХ ғасырдың 60 жылдары аяқталды. Қазақтардың орыс бодандығын қабылдауы әр түрлі ішкі саяси жағдайда іске асты. Кіші жүздің көп және Орта жүздің кейбір аудандары Ресейге ХVІІІ-ХІХ ғасырлардың басында қосылды. Патшалық империя Орта Азияға байланысты алға қойған стратегиялық мақсаттарына жету үшін Орта жүздің үлкен бөлігін және Оңтүстік Қазақстанның қалалық бөлігін қатаң әскери күшпен бағындырды. Қазақстанның Ресейге қосылуы үш кезеңнен тұрады:
Бірінші кезең – ХVІІІ ғасырдың 30 жылдарынан басталып ХІХ ғасырдың 20 жылдарына дейін. Бұл жүзжылдықтың ішінде Ресей мен Қазақ хандығының арасында протекторат қарым-қатынасы орнады. Ресей бекіністері мен шептері қазақ жерінің солтүстік шекарасын жан-жақтан қоршады. Қазақ хандарының сыртқы істеріне орыс билігі тығыз араласты және хандарды бекітіп отырды.
Екінші кезең – бағыныштылық кезеңі, ХІХ ғасырдың 60 жылдарына дейін. Оның негізгі көрінісі 1822 жылы қабылданған «Сібір қырғыздары туралы Жарғы» мен 1824 жылы қабылданған «Орынбор қырғыздары туралы Жарғы». Осы жарғылардың нәтижесінде хандық билік күшін жойып, Ресей бодандығындағықазақ өлкесінде ішкі және сыртқы округтер ашылды. Округ басшылары аға сұлтандар мен сұлтан-правительдер генерал-губернаторлықтарға бағынды. Өз кезегінде округтерде болыстықтар мен дистанциялар ашылды.
Үшінші кезең – таза бодандық, 1860 жылдары басталады. Оның негізгі белгісі Қазақ жерінің тұтастай Ресей империясының құрамына енуі, облыстарға бөліну, олардың өз кезегінде уездерге және тағы басқаларға бөлінуі. Қазақтың саяси элитасы – сұлтандар мен билер биліктен біржолата шеттетілді. Қазақ шаруашылығы Ресейдің тауарлы-сауда қарым-қатынастарының шеңберіне тартыла бастады.
Бір жарым ғасырға созылған орыс жаугершілігі ақыры Қазақстанның оңтүстіктегі қалаларды жаулап алумен аяқталды. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақтың ұлт-азаттық қозғалыстары жеңіліспен аяқталып, Қазақстанның бүкіл аумағы Ресей билігіне өтті. Қазақтардың жеңілуінің бірнеше себептерін көрсетуге болады: ол алдымен Ресей империясының экономикалық ресурстары қамтамасыз еткенорыс әскері техникалық жарақтандырылуының артықшылығы еді. Екіншіден, бірқатар сұлтандар мен билердің сатқындығы, үшіншіден, Кенесары қозғалысы кезінде Ресейді қолдаған Қазақстанның оңтүстік көршілерінің – Хиуа, Қоқан және қырғыз манаптарының саясаты. Кенесары көтерілісі жеңілгеннен кейін орыс әскерлері Жетісуды, 60 жылдары оңтүстік қалаларды басып алды (Ташкент, Шымкент, Түркістан, т.б.). Ресей өзінің әкімшілік-саяси реформалары арқылы Қазақстандағы дәстүрлі басқару жүйесін бұзды, көшпелілерді құнарсыз жерлерге ығыстырып, Ресейден келген қара шекпендерге үлкен жеңілдік берді. 1867-1868 жылдардағы «Уақытша Ережеден» кейін Ресейдің отаршылдық саясаты кең етек жайды. Сонымен қатар Қазақстанның Ресейге қосылуының нәтижесінде қазақ көшпелілері кең көлемде айырбас және сауда қатынасын жасау мүмкіндігіне ие болды. Қазақ ауылдарында сауданың даму барысында капиталистік өндірістік қатынастар қалыптаса бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет