I тарау. Ежелгі қазақстан § Қазақстан тас дәуірінде



бет47/99
Дата14.10.2022
өлшемі215,97 Kb.
#153095
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   99
Доспамбет жырау 1490-1523 жылдары өмір сүрген. ХV ғасырдың 90 жылдары Жайық алабындағы Азау қаласында дүниеге келіп, Астрахань маңында қайтыс болған. Көне қазақ әдебиеті көрнекті өкілдерінің бірі, әскери жорықтардың жыршысы. Доспамбет жырау қазақ халқы ұлт ретінде қалыптаса бастаған дәуірде өмір сүрді. Өз кезінде Қырым, Ноғай және Қазан хандықтарының арасында болған жорықтар мен шайқастарға қатысқан.
Доспамбет жыраудың ақындық мұрасы бізге толық жеткен жоқ. Халық ауыз әдебиетінде, жекелеген қолжазбаларда сақталып қалған шығармалары ХІХ ғасырдың басында әр түрлі әдеби жинақтарға енген. Кеңес өкіметі кезінде табылған толғауларын М.Мағауин жинап, құрастырған «Алдаспанда» (1971) жарияланды. Оның өлең жырлары сол кездегі ұсақ хандықтардың арасындағы түрлі қақтығыстар туралы болды. Себебі шешендігімен қатар батыр болған Доспамбет бұл соғыстарға өзі де қатысқан. Жырау өлеңдерінен ақын ойын, оның өмірлік мақсаттары мен үміттерін, рухани әлемін, адамгершілік тұрғысы мен көзқарасын білуге болады. Туындыларының рухы өр, мазмұны терең, тілі жеңіл, нақышты. Жыраудың Отан қорғау, халқын сүю рухындағы «Айнала бұлақ басы таң», «Азау, азау дегенің», «Тоғай, тоғай, тоғай су», «Арғымаққа оқ тиді», «Қоғалы көлдер, қом сулар», «Айналайын, Ақ Жайық», тағы басқа жырлары бүгінгі күнге дейін жеткен. Оларда өзі талай қол бастап, қорғаған елін, жерін, ата қонысын сүйіспеншілікпен жырлайды. Доспамбет жырау 1523 жылы Астрахань жерінде қайтыс болады.
Қазақ халқының рухани мәдениетінде Шалкиіз жырау Тіленшіұлы (ХVІ ғ.) үлкен із қалдырды. Шалкиіз жырау Батыс Қазақстанда дүниеге келген. Қазақтың ақын-жыршысы, батыр және жауынгер. Әкесі Тіленші өз тұсындағы ірі феодалдардың бірі болған, ал шешесі Ноғай ордасының ұлы биі Мұсаның қызы екен. Үш айлығында анасынан айырылған Шалкиіз нағашы атасының қолында тәрбиеленеді. Көшпелі шонжарлар ортасынан шыққан жырау еш таршылық көрмей өседі. Бұл жағдайлар оның тұлға ретінде қалыптасуына және поэзиясына ықпал етті. Шалкиіздің поэзиясы тақырыбы жағынан терең философиялық, күрделі көркем образдарға толы, патриоттық сипатта болды. Жыраудың шығармашылығынан бізге жеткені 600 жолдың шамасы. Шалкиіз – туындылары орыс тіліне тәржімаланған ақын-жыршылардың бірі. Оның шығармашылығын сол дәуірдегі орыс оқымыстылары мен зерттеушілері жоғары бағалаған.
Шалкиіз Тіленшіұлы толғаулары қазақтың суырып салма өнерінің негізін қалаушы ретінде классикалық үлгі болып табылады. Шалкиіз жырау ғұмырының көп бөлігін Ноғай ордасының билеушісі Темір бидің қол астында өткізді. Темір би өлгеннен кейін, Мамай мен оның кенже інісі Жүсіппен бірге болды. Өмірінің соңғы жылдарын Хақназар хан тұсындағы Қазақ мемлекетінде өткізеді.
Жыраулар поэзиясының дәстүрін жалғастырып, байыта түскен Марғасқа жырау ХVІІ ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүрген. Бұл дәуір Есім ханның кезі болды. Марғасқа тек ақын ғана емес, сонымен бірге жауынгер де еді. Тұрсын ханға қарсы шайқастарға қатысқан. Ол «Есім хан» атты батырлық поэманың авторы. Марғасқа жырау жауынгерлік рухтағы жырларды шығарушы, қазақ поэзиясындағы ежелгі дәстүрді жалғастырушы. Ол Есім ханның жорық жырауы, қол бастаған батыры болған. Есім ханның өмірі мен ерлік істерін сипаттауға арналған «Еңсегей бойлы ер Есім» атты жеті мың жолдық тарихи жыр шығарған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет