I тарау. Ежелгі қазақстан § Қазақстан тас дәуірінде



бет55/99
Дата14.10.2022
өлшемі215,97 Kb.
#153095
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   99
Байланысты:
ТОпиик (копия), Шамаран Дана 318 А ., физика, жас маманнын педагогиалык идеясы
ОКРУГ
(15-20 болыс)
басқарушысы - округтік приказ және аға сұлтан.
(Аға сұлтан 3 жылға сайланды, 10 жылдан кейін дворяндық атақ берілді).


БОЛЫС
(10-12 ауыл)
басқарушысы - болыс сұлтаны.
(өмірлік мерзімге сайланды, 12 кластық чиновникке теңестірілді)


АУЫЛ
(50-70 шаңырақ)
басқарушысы - ауыл старшыны.
(3 жылға сайланды)
§ 44. «Орынбор қазақтарының жарғысы» 1824 жыл

«Орынбор қазақтарының жарғысы» - Кіші жүздегі хандық билікті жоюға негіз болған жарғы. Бұл жарғының жобасын 1822 жылы Орынбор генерал-губернаторы Эссен жасады. Эссенің жобасы Сыртқы істер министрлігінің Азия департаментінде 1824 жылы 20 наурызда бекітілді. Осы жылдан бастап Кіші жүз қазақтарын басқаруда Ресейдің отарлық әкімшілігінің жаңа жүйесі енгізілді. Жарғы бойынша екі басқару жүйесі енгізілді: шекаралық шепке жақын орналасқан қазақтарды басқару - шептік басқарма және далалық аймақта, шекара сыртында өмір сүріп жатқан қазақтарды басқару - далалық басқарма.


Бұл екі басқармада Орынбор Шекаралық Комиссияға бағынды. Шептік басқарма дистанцияға бөлінді. Әрбір дистанцияны шептік дистанцияның басшысы басқарды. Оған бекініс коменданттары бағынды.
Далалық басқарма Кіші жүз даласын төртке бөлді - Шығыс, Орта және Батыс, Ішкі бөлік. Әр бөлікте үш сатылы басқару болды: ауыл, ру және бөлік. Ауылды - старшындар, руды - билеушілер, бөліктерді - аға сұлтандар және кеңес басқарды. Аға сұлтандарды қазақтар өздері сайлады және олар отаршыл әкімшіліктің ең төменгі сатысы болып есептелді. «Орынбор қазақтарының жарғысында» Шекара комиссиясының міндеттері, оның шенеуніктерінің қызметі, болыс билеушілері мен ауыл старшындарының басқару тәртібі, іс жүргізу, әр түрлі қылмыстық істер бойынша қазақтарды соттау туралы, сондай-ақ, салықтың барлық түрлері де айтылған. «Орынбор қазақтарының жарғысын» енгізу Патшаға өз мақсатына жету үшін, яғни кіші жүздегі хандық билікті жойып ондағы басқаруды метрополиядағы басқару жүйесіне жақындату керек болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет