I тарау. Ежелгі қазақстан § Қазақстан тас дәуірінде


§ 41.Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы



бет52/99
Дата14.10.2022
өлшемі215,97 Kb.
#153095
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   99
§ 41.Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы
бастаған халық-азаттық көтеріліс

Қазақ халқының азаттық күресінде Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістің маңызы зор. Исатай Тайманұлы қазіргі Атырау облысының Исатай ауданындағы «Тайман жолы» деген жерде 1791 жылы өмірге келген. Жоңғар шапқыншылығы кезінде аты көпке мәлім болған Ағатай батырдың ұрпағы. Жасынан ақылды, ұстамды, сонымен қатар шешендігімен, батылдығымен аты шыққан. 21 жасында ол Беріш ішіндегі Жайық руының басшысы болып тағайындалады. Исатайдың Тайманұлының жақын серігі әрі досы, ақын Махамбет Өтемісұлы болды. Ол татар және орыс тілдерін еркін білген, орыс жазушысы, этнографы В.И.Даль, ғалым-саяхатшы Г.С.Карелинмен таныс болған.


1836-1837 жылдары орыс отаршылдарына қарсы Исатай Тайманұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс патша саясатына бүкіл халық қарсылығының айқын көрінісі болды. 1836 жылы Исатай Тайманұлы, Махамбет Өтемісұлы және басқа азаматтармен бірге негізгі қозғаушы күші қазақ шаруалары болған көтеріліске басшылық жасады.
Бүкіл халықтық көтеріліс кенеттен басталған жоқ, ол бірте-бірте пісіп-жетіліп, бір жағы, хандық биліктегі басшы топтыңхалықты дұрыс басқара алмауы және патша өкіметінің зорлық-зомбылығына халықтың төзбеуінен болды. Сонымен бірге Бөкей ордасында жер бөлу мәселесі төңірегіндегі жағдай күрт шиеленісті. Күрмеуі көп жер дағдарысы, аса жоғары салықтар, ішкі өзара қырқысулар, отарлық езгі Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліске әкеліп соқтырды.
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс басып жаншылған соң, далада көтеріліске қатысқандарды қатаң жазалау басталды. Патша отаршылдары көтеріліске қатысқандарды каторгалық жұмыстарға жіберді, мал-мүліктерін тәркіледі, мәңгілікке басқа жаққа жер аударды.
Исатай Тайманұлы патша әскерімен болған қанды шайқас кезінде қаза тапты. Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістің негізгі қозғаушы күші көшпелі рулар болды. Қозғалыстың стихиялылығы, нақты бағдарламасының болмауы, ұйымшылдықтың жетіспеуі жеңіліске әкелді. Қалай болғанда да бұл көтеріліс көшпелі қауымның еркін рухты, өз тәуелсіздігін сақтауға арналған ірі қозғалысы ретінде тарихтың бетінде көрнекті орын алды.
Махамбет Өтемісұлы халық көтерілісінде маңызды рөл атқарды. Ол жалынды жырлар арқылы халықты патша үкіметі мен отаршылық билікті жақтаған хандарға қарсы күреске шақырды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет