I тарау. Ежелгі қазақстан § Қазақстан тас дәуірінде


§ 49.Қазақтардың материалдық рухани мәдениеті



бет60/99
Дата14.10.2022
өлшемі215,97 Kb.
#153095
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   99
Байланысты:
ТОпиик (копия), Шамаран Дана 318 А ., физика, жас маманнын педагогиалык идеясы
§ 49.Қазақтардың материалдық рухани мәдениеті

Қазақ халқының мәдениеті ХІХ ғасырдың ортасына дейін терең дәстүрлі ұлттық мазмұнда болып келді. Оның бұзылуы күшті көршілердің баса-көктеп енуінің, артынша шаруашылықтың құлдырауының, көшпеліліктің одан әрі экономикалық тиімсіздігіне әкелген саяси дағдарыстардың салдары еді. Ресей ХІХ ғасырда тек өзінің Орта Азиядағы жағдайын нығайтуды ғана көкседі және империя халықтарының бір-бірімен кез келген өзара мәдени байланысына шектеу қойды.


ХІХ ғасырдың басында қазақ халқының басым көпшілігі киіз үйлерде тұрды. Шеберлер киіз үйлердің тамаша үлгілерін жасады. Оларды талай рет түрлі этнографиялық көрмелерге де жіберді (Петербург, Мәскеу, Париж). Жиі-жиі көшіп-қонумен, әскери жорықтармен, шаруашылыққа тиімділігіне байланысты, өмірдің түрлі жағдайларына қарай киіз үйлердің неғұрлым қарапайымдандырылған типтері: қос, жолама үй және тағы басқалары қолданылды.
ХІХ ғасырдағы қазақтардың киім-кешегінен елдің саяси өмірінде орын алған өзгерістердің ықпалы байқалады. Ғасырдың басында жібек, барқыт, атлас сияқты ортаазиялық маталарға орын берілсе, ғасырдың аяғында орыстың фабрикалық өндірісінің маталары далаға кеңінен ене бастады. Қазақтардың дәстүрлі киімінің көптеген үлгілері - саптама (қонышы ұзын етік), сәукеле (жас келіннің бас киімі), айыр қалпақ (ер кісілердің төбесі үшкір бөркі) біртіндеп қолданыстан шыға бастады.
Ресей ХІХ ғасырдың 70 жылдарына дейін өзінің Орат Азиядағы жағдайын нығайтуды ғана көздеді және империя халықтарының кез келген даму әрекетіне жол бермеді.
ХІХ ғасыр әдебитеніде Шығыстың классикалық тақырыптары мен сюжеттері кеңінен көрініс тапты. ХІХ ғасырдың кітаби ақындары Бұхара, Ташкент, Самарқандағы медреселерде білім алды. ХІХ ғасырдың соңында «қисса», «хикаят», «дастандар» кең тарады. Бұл бағытта Ақылбек Ибн Сабал (60 қиссаның авторы), шәді төре Жәңгіров, Мәшһүр Жүсіп Көпеев және тағы басқалар жемісті еңбек етті.
ХІХ ғасырдағы саз өнері қазақ халқы рухани мәдениетінің алтын қоры. Бұл көшпелілердің мыңдаған жылдар бойы жинаған барлық руханиятының шын мәніндегі тамаша мұрасы. Саз өнерінде қазақ халқының бүкіл шығармашылық таланты мен рухани күш-қуаты шоғырланған. Шыныда да бұл кезең халқымыздың мәдени өмір тарихындағы ғажайып дәуірі болды. Бұл кезде ұлы сазгер, күйшілер, әнші орындаушылар өмір сүрді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет