I тарау. Ежелгі қазақстан § Қазақстан тас дәуірінде


§ 50.ХІХ ғасырдың соңындағы қазақ ағартушылары



бет61/99
Дата14.10.2022
өлшемі215,97 Kb.
#153095
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   99
Байланысты:
ТОпиик (копия), Шамаран Дана 318 А ., физика, жас маманнын педагогиалык идеясы
§ 50.ХІХ ғасырдың соңындағы қазақ ағартушылары


Шоқан Уәлиханов 1835 жылы қараша айында қазіргі Қостанай облысы Құсмұрын бекінісінде дүниеге келген. Ол Абылай ханның үлкен ұлы Уәлиден тарайды. Азан шақырып қойған есімі - Мұхамед Қанапия. Алайда жастайынан бала болып ойнағаннан гөрі, әжесі Айғанымның қасында отырып, әңгіме, қиссаларды тыңдағанды ұнатқан. Шоқан Уәлиханов – географ, саяхатшы, ойшыл, тарихшы, этнограф, суретші болған. Әкесі Шыңғыс – қазақ ханы Абылай ханның немересі. Бес жасынан хат таныған. Содан әжесі Айғаным сүйікті немересін Шоқан деп атап кеткен. Балалық шағының алғашқы кезеңін Құсмұрында, кейін өзінің атамекені Сырымбетте өткізеді. Сырымбеттің сұлу табиғаты да оның болашақ ғалым болып қалыптасуына әсер етті. Шоқанның жастайынан білім, ғылымға жақын болуына әкесі Шыңғыстың да әсері мол тиді. Шыңғыс көптеген орыс зиялыларымен таныс болған.
Алғашқы білімін қазақ мектебінде алған Шоқан, онда арабша жазуды және сурет салу өнерін меңгерген. Сонымен қатар араб, парсы, ұйғыр тілдерін үйренді. Шығыстың ғұлама ғалымдарының еңбектерімен танысады. Әкесі оны (12 жасында) 1847 жылы сол кездегі ең іргелі оқу орындарының бірі болып саналатын Омбыдағы Сібір кадет корпусына оқуға түсіреді. Кадет корпусында білім алып, оны 1853 жылы (18 жасында) бітіреді. Атты әскер корнеті деген атақ алып шығады, өз мамандығы бойынша қызметке орналасады. Ол жас кезінен Орталық Азияны зерттеген экспедицияларға қатысты. 1856 жылы Ыстықкөлге, 1857 жылы Алатау қырғыздарына, 1858-1859 жылдары Қашқарияға сапар шекті. Алатау қырғыздарына сапарында қырғыздардың атақты «Манас» жырын алғаш қағазға түсірді. Қашқарияға Марко Поло мен иезуит Гоестен кейін тұңғыш барған ғалым атанды. 1859-1861 жылдар аралығындағы Петербургте болған кезеңі оның ең қызықты шақтарының бірі еді. Шоқан орыстың аса көрнекті жазушысы Ф.М.Достоевскиймен, орыс мәдениетінің алдыңғы қатарлы өкілдерімен араласты. Шығысты зерттеуші орыс ғалымдарымен, ақындарымен таныс болып, байланысын үзбеген. Неміс, ағылшын, француз тілдерін жетік меңгеріп, осы тілдердегі ғылыми еңбектер мен карталарды да зерттеумен айналысқан. Шоқан қазақ халқыныңы құқығы, салт-санасы, діні, тарихы туралы құнды деректер жинап, мақалалар жазды.
Шоқан көптеген еңбектер жазған «Көшпелі қырғыздар туралы», «Сот реформасы туралы» тағы басқалар. 1865 жылы сәуір айында Шоқан Алтынемел жотасында (қазіргі Алматы облысының Кербұлақ ауданындағы Шоқан аталатын ауылында) бар-жоғы 30 жасында қайтыс болады. Шоқанның туғанына 150 жылдық тойына академик Әлкей Марғұлан ғалымның бес томдық еңбектерін құрастырып, жариялады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет