I тарау. Ежелгі қазақстан § Қазақстан тас дәуірінде



бет62/99
Дата14.10.2022
өлшемі215,97 Kb.
#153095
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   99
Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының Торғай жерінде дүниеге келген. Ол қазақ халқының қоғамдық ой-пікірінде, мәдениеті мен әдебиетінде аса көрнекті жаңашыл педагог және жаңа мектептерді ұйымдастырушы, этнограф, фольклоршы, ақын, аудармашы ретінде кеңінен танымал боды. 1844 жылы әкесі қайтыс болып, атасы Балқожа биден тәрбие алған. Ыбырай 1857 жылы Орынборда мектепті алтын медальмен бітіреді. Мұнда орыс, араб, татар және парсы тілдерін жақсы меңгеріп шығады. Мектепті 1857 жылы бітіріп, атасы Балқожа бидің хатшысы ретінде тілмаштық қызмет атқарады. 1864 жылы 8 қаңтарда Ыбырайдың басшылығымен Торғай қаласында қазақ балаларына арналған мектеп ашылды. Сол заманның ең озық білім ордалары саналған Петербург, Қазан қалаларына барып, орыс ағартушыларының еңбектерімен, орыс үкіметінің халыққа білім беру жүйесімен танысты. Солармен таныса отырып, қазақ балаларына арналған оқулықтар жасаумен айналысты.
Ыбырай Алтынсарин 1879 жылы Торғай облысындағы мектептерге инспектор болып қызметке тағайындалды. Осы жылы оның алғашқы қазақ тіліндегі оқулығы «Қырғыз хрестоматиясы»Орынбор қаласында жарық көрді. Бұл «Қырғыз хрестоматиясы» оқулығына енгізілген өлеңдер мен әңгімелерінің тәрбиелік, білімділік маңызы зор болды.Мысалы, «Кел балалар, оқылық!», «Өнер-білім бар жұрттар» сияқты өлеңдері оқырман қауымның жүрегінен шықты. Сонымен қатар «Қырғыз хрестоматиясындағы» бірқатар өлеңдері шәкірттерді Отанын сүюге, адамгершілікке, тәлім-тәрбиеге жетелейді. Ыбырай Алтынсарин қазақ даласында бірінші болып қыздарды білімге тартты. 1887 жылы Ырғызда жанында интернаты бар қыздарға арналған мектеп ашты. Ыбырай Алтынсарин сонымен қатар жазушы да. Қазақ балаларының жас ерекшелігіне лайықтап, түсінікті етіп әңгімелер жазды. Ол орыс тіліндегі балаларға арналған көптеген шығармаларды қазақ тіліне жеңіл аудара білді. Ол ұлтымыздың халық ағарту саласында көп еңбек етті. Өз кезеңінің аса көрнекті және білімді адамы ретінде Ыбырай Алтынсарин халыққа білім берудің дамуына баға жетпес зор үлес қосты.
Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының әдет-ғұрпын жинақтай отырып, шығармаларында әдепсіздікті сынады. Ол (1889 жылы) 48 жасында ерте қайтыс болса да, болашақ ұрпаққа тәлім болар мол еңбек қалдырды. Ыбырай Алтынсариннің еңбегі қазақ халқының мәдени және рухани дамуына, алдыңғы қатарлы озық мәдениетке жетуге игі ықпал етті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет