I тарау. Ежелгі қазақстан § Қазақстан тас дәуірінде



бет63/99
Дата14.10.2022
өлшемі215,97 Kb.
#153095
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   99
Байланысты:
ТОпиик (копия), Шамаран Дана 318 А ., физика, жас маманнын педагогиалык идеясы
Абай Құнанбаев - қазақтың ұлы ақыны, кемеңгер ойшылы, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы. Қазіргі Семей облысы, Абай ауданындағы Шыңғыстаудың баурайында 1845 жылы дүниеге келген. Шын есімі - Ибраһим. Анасы Ұлжан оны еркелетіп Абай деп атаған. Абайдың әкесі Құнанбай тобықты руының көсемі, белді би әрі шешен болған. Абайдың парасатты азамат болып қалыптасуына әжесі Зере зор еңбек сіңірді.
Абай алғашқы білімін ауыл мектебінде алады да, Құнанбай кейін он жасар баласын Семейдегі Ахмет Ризаның медресесіне оқуға береді. Мұнда ол басқа балалардан өзінің зеректігімен, алғырлығымен ерекшеленеді. Абай Семейдегі Ахмет Ризаның медресесінде оқып жүргенде ақындық талабын көрсете бастаған болатын. Абай – жастарды ғылым мен білімді үйренуге шақырып, өзге халықтарды құрметтеуге солармен қарым-қатынас орнатуға үндеді. Ол шығыстың Науаи, Низами, Фирдоуси сияқты ақындарының шығармаларын құнығып оқыған.
Абайды әкесі оқуын бітіртпей ауылға алып кетіп, ел басқару ісіне араластырады. Абай ел басқару ісінде жүріп жанына қарапайым да талантты жастарды жинаған. Семейде танысқан көптеген орыс зиялыларымен байланысын үзбей, Семейде үйренген орыс тілін одан әрі өздігінен дамытады. Абай Құнабаев бірнеше өлеңдер жазған. Бізге Абайдың 50-ге жуық қарасөздері жеткен. Оның қарасөздері терең философиялық мағынаға толы. Сондай-ақ оның өлеңдері көптеген тілге аударылған. Абай өлеңдер мен қара сөздер, «Ескендір», «Масғұт», «Әзім туралы аңыз» поэмаларын жазып, халқына ұлы мұра қалдырды.
Абай өмірдің жаңа қағидаларын игеріп, өз ортасына жоғары тұрды. Ол адамзат қоғамын игі, саналы, прогрессивті даму үстінде көргісі келді. Абай «жүрегі - айна, көңілі - ояу» жастарға үлкен үміт артты.
Абай орыстың А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, М.Е.Салтыков-Щедрин, Лев Толстой және басқа да ақын-жазушыларының шығармаларын өз ана тіліне аударды. Абай ақын ғана емес, сазгер де болған. Ол, А.С. Пушкиннің «Евгений Онегинінен» өзі аударған үзінділеріне ән шығарған. Абай әндері қазақтың кең даласына тарап, көпшіліктің сүйіп тыңдайтын әндеріне айналды. Абай 1904 жылы қайтыс болады. Абайдың асыл сөздері бүкіл адамзаттың рухани қазынасына айналды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет