I тарау. Ежелгі қазақстан § Қазақстан тас дәуірінде



бет65/99
Дата14.10.2022
өлшемі215,97 Kb.
#153095
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   99
Біржан сал Қожағұлұлы (1834-1897 жж.) туған өлкесінің ән мәдениетіне қомақты үлес қосты. Оның музыкалық-ақындық шығармаларының демократиялық сипаты айқын аңғарылып тұрады. Біржанның «Жанбота» әнінде Жанбота болыстың зорлық-зомбылығы айыпталған.
Ақан сері Қорамсаұлы (1843-1913 жж.) қазақтың халық әндері классикалық қазынасына қосылған музыкалық-поэтикалық мол мұра қалдырды. Ақан серінің жүрекке жылы тиіп, жан толқытар әсерлі де сазды әндерінде қазақ қоғамы өмірінің әлеуметтік мәселелері көрініс тапқан.
Жаяу Мұса Байжанұлының (1835-1929 жж.) шығармашылығы ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ саз өнеріндегі аса ірі құбылыс болды. Жаяу Мұсаның көркемдігі мен мазмұны жағынан әр алуан 60-тан астам әндері сақталған.
Қазақтар қобызды қасиетті музыка аспабы санап аса қадір тұтады. Ерте дәуірде өмір сүрген Қорқыттан бастап ХІХ ғасырдағы Ықыласқа дейін күйші мен қобызшылар есімдері қазақ арасында кеңінен таныс болды. Бүкіл қазақ даласы Біржан салдың, Ақан серінің, Мұхиттың, Абайдың Балцан-Шолақтың, Жаяу Мұсаның, Мәдидің, Ыбырайдың, Естайдың және басқалардың әндерін айтты. Халық сазгерлерінің шығармашылығы адамдардың туған өлкесіне деген ыстық сүйіспеншілігін бейнеледі, табиғаттың сұлулығын дәріптеді.


VІІІ ТАРАУ. XX ҒАСЫРДЫҢ БАС КЕЗІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН


§ 52.ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік,
экономикалық және саяси жағдайы

ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ өлкесінің әлеуметтік-экономикалық өмірінде болған өзгерістер ескі қалалардың өсуімен, жаңа қалалардың пайда болуымен, әсіресе, олардың ірі әкімшілік орталықтарына айналып қана қоймай, оларды мекендеген халықтың шаруашылығында және мәдени, қоғамдық өмірінде үлкен рөл атқаруымен сипатталды. ХХ ғасырдың басында-ақ Қазақстан көпұлтты елге айналды да, ғасыр басында Қазақстанның негізгі аумағы алты облысқа бөлінді: Сырдария мен Жетісу облыстары Түркістан генерал-губернаторлығына (орталығы - Ташкент қаласы), ал Ақмола, Семей, Орал, Торғай облыстары - Дала генерал-губернаторлығының құрамына кіргізіліп, Ішкі (Бөкей) ордасының аумағыв Астрахань губерниясына, ал Маңғыстау Закаспий облысына қаратылды.


Осы кезеңде Ресей империясының ішкі губернияларынан көші-қон ағынының дамуы нәтижесінде Қазақстан халқының тез өскендігі де аңғарылды. Оған дәлел: Ресей империясының бірінші жалпыға бірдей санағынан кейінгі алғашқы екі онжылдықта (1897-1917 жж.) Қазақстан халқының саны 4147,7 мың адамнан 5045,2 мың адамға, яғни 25,7%, көбейген. Ал, өлкенің демографиялық деректерінің табиғи өсу деңгейіне салыстырмалы талдау жасасақ, мынадай цифрларды аңғаруға болады. Өлкенің сол кездегі негізгі алты облысы бойынша 1897-1906 жылдарда жалпы алғанда бір мың адамға халықтың табиғи өсімі 11,3%, ал 1907-1916 жылдарда 15,3%; Ақмола облысы бойынша орыстар мен украиндардың үлес салмағы 1897 жылы 33,0%, 1917 жылы 55,7%, дейін өскен де, осы екі онжылдық ішінде халықтың табиғи өсімі 38,9% болған. Ал қазақтары басым облыстарда табиғи өсімнің едәуір төмен болғандығы көрінеді: Жетісуда - 25,7%, Сырдарияда - 25,6%, Семейде - 15,6%. Сөйтіп, Қазақстанның байырғы халқының үлес салмағының азаюына ғасырдың басында орыстардың, украиндардың және басқа да ұлт өкілдерінің, империяның ішкі аймақтарынан жаппай қоныс аударуының қатты әсер еткендігін аңғаруға болады.
Ерекше назар аударатын тағы бір жайт - ол өлке тұрғындарының 90%-ынан астамының ауылдық жерлерде қоныстануы еді. Олардың негізгі кәсібі ежелден келе жатқан мал шаруашылығы болатын.
Сонымен қатар, ХХ ғасырдың басында егіншілік халықтың көп бөлігінің негізгі кәсібіне айналды. Қоныс аударған орыс шаруаларынан басқа, егіншілікпен жергілікті қазақтар да айналысты.
ХХ ғасыр - қазақ халқының тарихындағы ерекше кезең. Сондай-ақ, ХХ ғасырдың басында Қазақстан экономикасында көптеген өзгерістер болды. 1902 жылы Қазақстандағы өндіріс орындарының саны 8887-ге, ондағы жұмысшылар саны 25392-ге жетті. Қазақстан жеріндегі ең ірі өнеркәсіп орындары: Қарағанды көмір шахтасы, Успен кеніші, Спасск мыс зауыты, Риддер металлургия комбинаты. Осы өнеркәсіп орындарының әрқайсысында 300-400 жұмысшы болды. Ал Орынбор - Ташкент теміржол құрылысында 30000-ға жуық адам еңбек етті. 1906 жылы ұзындығы 1656 шақырым болатын Орынбор-Ташкент теміржолы іске қосылды. Бұл жолдардың Қазақстанды Ресейдің дамыған экономикалық аудандармен байланыстыруда маңызы зор болды.
ХХ ғасырдың басында орыс шаруаларын Қазақстан жеріне қоныстандыру ісі жалғасын тапты. Бұл жағдай патша үкіметінің қазақтардың жерін тартып алу, құнарлы жерлерді орыс шаруаларына бөліп беру саясатын жалғастырды. 1906-1907 жылдар аралығында патша үкіметінің қазақтардан тартып алған жер көлемі 17 миллион десятина болды. Патша үкіметінің аграрлық саясаты 1905-1907 жылдардағы революцияға алғышарт болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет