I тарау. Ежелгі қазақстан § Қазақстан тас дәуірінде


§ 54.Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстан



бет67/99
Дата14.10.2022
өлшемі215,97 Kb.
#153095
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   99
§ 54.Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстан

Бірінші дүниежүзілік соғыс 1914 жылы 1 тамызда басталып 1918 жылы 11 қарашада аяқталды. Бірінші дүниежүзілік соғыс - дүние жүзін қайта бөліске салу жолында «Үштік одақ» (Австрия-Венгрия, Германия, Италия) пен Англия, Франция, Ресей коалициясы арасындағы саяси-экономикалық қайшылықтардан туындаған соғыс. Бірінші дүниежүзілік соғыс ең алдымен, аталған державалардың экономикалық мүдделерімен, аграрлы елдердегі шикізат көздері мен оларды өткізу рыноктары үшін таласымен және отарлық үстемдікке ұмтылуымен сипатталды. Соғыс барлықелдердің экономикасын күйзелтіп, адамзатты бұрын көрмеген қайғы-қасірет пен ашаршылыққа душар етті. Соғысқа дейінгі тұста Ресейде жаңа өнеркәсіп салалары жедел қарқынмен дамыды. Өнеркәсіп орындары ел экономикасының дамуына үлес қосумен қатар, соғыс қажеттілігіне орай ірі мемлекеттік тапсырмаларды да атқарды. Соғыс басталған соң жалпы Ресей империясында, ішінара Қазақстанда өндіргіш күштердің даму деңгейі бірте-бірте кеми берді.


Бірінші дүниежүзілік соғыс Қазақстан экономикасының құлдырауына әкеліп соқты. Ауыл шаруашылығы өлкедегі егіншілік облыстар бойынша біркелкі дамымады. Бірінші дүниежүзілік соғыстың Қазақстанға тигізген зардабы өте көп болды. Қазақстан майданды шикізатпен қамтамасыз ететін ірі өңірлердің бірі болды. Мысалы, 1914-1916 жылдары Түркістан өлкесі соғыс қажетіне 13000 түйе, 70000 жылқы, 14000 киіз үй берді. Жетісу облысынан 34000 сомның мал өнімдері алынған. 1917 жылы шаңырақ салығы 100109 сом болды. Қарағандыдағы көмір өндіру, Ембідегі мұнай өндіру көлемі көп есеге кеміп кетті.
Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында патша үкіметінің ер адамдарды әскер қатарына шақыруы шаруашылықтағы жұмыс күшін азайтты. Ақмола облысындағы жұмысшылардың 50 пайызы әскер қатарына алынды. Майдан қатарына алынған адамдары бар отбасыларына көмек көрсету деген желеумен қазақ тұрғындарына еңбек ету борышы енгізілді.
Жетісу әскери губернаторы Фольбаум 1916 жылғы 16 ақпандағы бұйрығымен, оларды жер жырту мен тұқым себуге еңбекақысыз пайдалануды міндеттеді. Жергілікті әртүрлі міндеттілік пен алым-салықтың түрлері көбейді. Соғыстың ауыр зардаптары Қазақстан экономикасының әр түрлі салаларында байқала бастады. Жұмыс күшінің жетіспеуі салдарынан Орталық қазақстанда көмір, ал батыс аудандарда мұнай өндіру көлемі азайып кетті. Ембі экономикалық аймағында соғыстың алғашқы жылы 1915 жылғы өндірілген мұнай 265560 тоннадан 8 мың тоннаға дейін азайды. Жұмысшылардың нақты жалақысы күннен күнге төмендей берді. Соғыс жылдары қоныс аударып келген шаруалардың да жағдайы нашарлап кетті. 1915 жылы наурызда Верный, Лепсі, Пржевальск уездерінде ауыл тұрғындары бағаның өсуіне, салық пен әртүрлі борыштарды өтеуге қарсы наразылық көрсетті. Тәртіп орнату үшін елде әскери күш қолданылды.
Ауыл, қала және селолар еңбекшілерінің жағдайы күрт төмендеуіне байланысты Қарағанды және Екібастұз шахталарында шахтерлер, Орынбор-Ташкент және Транссібір теміржолдарындағы теміржолшылар 1914 жылдың өзінде ереуілдер мен көтерілістер жасаған болатын. Сонымен қатар, қоныс аударып келген деревнялардағы ауқаттылар мен қазақ шаруалар арасында күрес үдей түсті. Оған қоса Қазақстан әскери тұтқындардың лагеріне айналды. Олар негізінен Павлодар, Семей, Ақмола қалаларына орналастырылды. Мәселен, 1914 жылы желтоқсанда Дала генерал-губернаторлығы орталығында әртүрлі ұлт өкілдерінен жиналған әскери тұтқындардың саны 20 мыңға дейін жетті. Олар негізінен Дала өлкесінің солтүстік-шығыс аудандары мен Түркістан әскери округінің арнайы пунктерінде орналастырылды.
Қазақ зиялылары осы жылдары елдің қоғамдық өміріне белсене араласты. Қазақтар Ресейге мал, киіз, ақшалай көмек берумен қатар, өздері де тікелей соғысқа (С.Аспандияров, Н.Имағамбетов, Ә.Самұратбеков, т.б.) аттанып, шептегі қара жұмысқа алынған қазақтарға көмек берді. Қазақ зиялылары соғыс өртінің ұлғаюына қарсы болып, оның зардабын азайтудың жолын іздеді. 1916 жылы Петроградта Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынұлы, Н.Бегімбетов қазақ халқының атынан Ресей өкіметімен келіссөз жүргізіп, онда:
1) қазақтан осы соғыс үстінде солдат алынбау;
2) солдат алудан бұрын метірке түзеу үшін мүфтилікке қарау;
3) лажсыз алынатын болғанда, жаяу солдат болмай, атты әскер болу, казак-орыстарымен жер-су һәм құқы теңгерілуі сияқты талап-тілектерін білдірді.
Осыған қарамастан 1916 жылы 25 маусымда Ресей патшасының империяның «бұратана халықтарын», оның ішінде қазақтарды да жұмысқа алу туралы жарлығы шықты. Қара жұмысқа 100 мыңнан астам қазақ жігіттері алынды. Олардың басым көпшілігі батыс майданға аттандырылды. Ақпан революциясынан кейін тыл жұмысына алынған жігіттерді елге қайтару кезінде де қазақ зиялылары елеулі еңбек етті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет