Сарматтардың мәдениеті мен шаруашылығы. Сарматтардың ескерткіштері Батыс Қазақстан аймағында кездеседі. Олардың кейінгі кезеңдегі ескерткіштері қазіргі Украина жеріне дейін жеткен.
Батыс Қазақстан жеріндегі ескерткіштері Жайық, Елек, Жем, Сағыз өзендерінің бойына тақау орналасқан. Тарих ғылымында ерте сармат ескерткіштерін савромат ескерткіштері деп атайды. Жалпы сармат ескерткіштері үш дәуірге бөлінеді. Олар: ерте, орта және соңғы сармат дәуірі ескерткіштері.
Савроматтардың кейініректегі ұрпағы, олардың мәдениетін жалғастырушы тайпа - сарматтар. Кейбір зерттеушілер бұларды бір-бірінен бөлмей сарматтар деген бір-ақ атпен атау керек дейді. Бірақ олардың өмір сүрген уақытындағы айырмашылықтар, мәдениетіндегі кейбір өзгешеліктер оларды кейде бөліп, кейде савромат-сармат деп қосарлап атауға негіз болды. Жалпы, сармат обалары әр түрлі заттарға өте бай. Ерлердің де, әйелдердің де қабірлерінде қару-жарақ міндетті түрде қойылады. Сондай-ақ алтын, күміс заттар да қойылатын болған.
Ал шаруашылығы болса олар негізінен көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. Басты түліктері қой мен жылқы болды. Түйе мен сиыр аз болған, оларды негізінен күш көлік ретінде пайдаланған. Сарматтар жартылай көшпелі, тіпті отырықшылықпен айналысқан. Сарматтар өмірінде аңшылық қосымша роль атқарды. Сондай-ақ, олардың шаруашылығында темір, алтын, күміс, мыстан әртүрлі зергерлік тұрмыстық заттар жасау кең тараған.
ІІІ ТАРАУ. ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН
§ 8.Түрік қағанаты (552-603 жж.)
Біздің заманымыздың І мыңжылдығында Еуразия далаларындағы этникалық орта өзгере бастады. Дәл осы уақытта қазіргі түркі тілдес тайпалардың этникалық-саяси бірігуі қалыптасқан еді. Осы дәуірде түркілердің рухани мәдениеті де жаңа сатыға көтерілді. Түркі жазба мәдениеті мен сына жазуы, түркі әдебиеті қалыптасты. Түркілерде алғашқы діни наным-сенімдер буддизм, христиан, манихей, ислам діндерінің ықпалымен, өзге де өркениет жетістіктерінің әсерімен пайда болған. Олар көшпелі және жартылай көшпелі өмір кеше отырып, біртіндеп қалалық және отырықшы тұрмысқа көшті. Отырықшылыққа көшкен тайпалар өзіне тән өркениетті түрлерін қалыптастырды, олардың сол кездегі әлемдік мәдениетте өзіндік орны бар.
V-VІ ғасырларда түркілер далалы аймақтарды мекендеді және оларды қытайлықтар «жужаньдар», еуропалықтар «аварлар» деп атаған.
«Түркі» сөзі (қытайша «тукюе») алғаш рет көшпелі халықтың атауы ретінде б.з. VІ ғасырында пайда болды. Бізге түркілердің тарихы VІІ-VІІІ ғасырларда жазылған Орхон-Енисей жазбалары арқылы белгілі. Ол ескерткіштер-түркілер мекендеген Енисей өзенінің бойы мен қазіргі Моңғолия жеріндегі Орхон өзенінің жағасынан табылған құлпытастағы жазулар. Сондықтан да оларды «Орхон-Енисей жазуы» деп атап кеткен. Ескерткіштер VІІ-VІІІ ғасырлардағы Түркі қағандығының тұсында Білге қаған (хан), Күлтегін (әскербасы), Тоныкөк (ақылшы, кеңесші) сияқты атақты адамдарға арнап тұрғызылған құлпытастағы жазулар.
VI ғасырда Қазақстан жері сол кезде аса қуатты болған Түрік қағанатының қоластына қараған. Түрік қағанаты Орталық Азиядағы тайпалық одақтардан біріккен ежелгі мемлекет. «Түрік» атауы алғаш рет қытайдың 542 жылғы шежіресінде кездеседі.
Ал түріктердің мемлекеттік дәрежеге көтерілуі 552 жылдан басталады. Бұл этно-саяси бірлестіктің негізін салушы Бумын қаған еді. 552 жылы түрік қолбасшысы Бумын аварларға қарсы шықты. Ол 553 жылы дүние салды, ал оның ізбасары Мұқан қағанның билігі кезінде Түрік қағанаты Орталық Азияда саяси үстемдікке жетті. Қағанаттың негізгі құрамы түркі тілдес халықтар болды. Олардың басым көпшілігі «теле» тайпалары.
Теле көптеген түрік тілдес тайпалардың ортақ атауы. Қытай шежіресі бойынша «теле» сөзінен «түрік» сөзі шыққан. Сондықтанда «теле» сөзінен «түрік» сөзі бір мағынаны білдіреді. Түрік қағанатының құрамында 30-дан аса теле тайпасы болған. Олардың ішінде қырғыз, оғыз, ұйғыр, дулу, үйсін тағы басқа да тайпалар болған. VІ ғасырдың 70 жылдарында түрік қағанаты Солтүстік Кавказ бен Қара теңіздің солтүстік жағалауына дейін үстемдік етті.
VІ ғасырдың екінші жартысында түрік қағанатының билігі Азияның біраз аймағын қамтыды. Осы кезеңде Түрік қағанаты Қытай, Иран, Византия сияқты ірі мемлекеттермен терезесі тең түсіп, күшті мемлекеттің біріне айналды. Ал 561-563 жылдары түріктер Иранмен әскери одақ құрып Орта Азияны бағындырғаннан кейін Ұлы Жібек жолын өз бақылауында ұстады.
VІ ғасырдың 70 жылдарында Түрік қағанаты - Солтүстік Кавказ бен Қара теңіздің Солтүстік жағалауына дейін үстемдік етті. Кең байтақ жерді алып жатқан түрік қағанаты саяси жағынан бір орталыққа бағынған, күшті ел бола алған жоқ. Түрік қағанатының ыдырау себебі - қаған әулетінің арасында билік үшін талас-тартыс.
Сондай-ақ, қағанаттағы халықтар не саяси, не экономикалық жағынан ұйыса алмады. Сонымен қатар, көрші елдермен соғыс және қытай шапқыншылығы әсер етті. Осындай себептердің салдарынан ақыры 603 жылы Батыс және Шығыс Түрік қағанаты болып екіге бөлінді. Қазіргі Қазақстан территориясы Батыс Түрік қағанатының құрамына енді.
Достарыңызбен бөлісу: |