І тарау. Жас ұрпақҚА Ұлттық ТӘрбие берудің Әдіснамалық негіздері 1 Ұлттық тәрбиенің көздері


Бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар



бет20/36
Дата04.11.2023
өлшемі0,85 Mb.
#189707
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   36
Байланысты:
І тарау. Жас ұрпақҚА Ұлттық ТӘрбие берудің Әдіснамалық негіздері-emirsaba.org

Бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
  • Әлеуметтенудің мәнін аша отырып, оның кезеңдерін, факторларын, құралдарын, тетіктерін атап беріңіз.


2.Этномәдени құзыреттілік – этникалық әлеуметтенудің нәтижесі


3.Мультикультурализм – этникалық әлеуметтену қағидасы.
4. Қазақстандық жастардың этникалық сәйкестілігінің қазіргі жағдайы (мәселені ранжирлеу және бөліп көрсету). Кестені толтыру.

Әдебиеттер
1. Айтбаева А.Б.Әлеуметтік педагогика негіздері: Оқу құралы. –Алматы: Қазақ университеті, 2011 . - 149-бет.
2. Мардахаев Л.В., Беркімбаева Ш.К., Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т., Тастемірова Л.Ө., Майғаранова Ш.М., Абаева Ғ.А., Колумбаева Ш.Ж. Әлеуметтік педагогика. Оқулық. –Алматы. - 2011. - 300 б.
3. Oxford. Большой толковый социологический словарь. Том 1. А – О .Изд: Вече, АСТ 2001- 544 с.
4. Кон И.С. Социализация личности. – М.: Политиздат, 1967. – 382 с.
5. Идентичность и толерантность /Под ред. Н.М.Лебедовой. - М.: Институт этнологии и антропологии РАН, 2002. С. 10-34.
6. Формирование толерантной личности в полиэтнической образовательной среед /Под ред. В.Н.Гурова и др. – М.: Педагогическое общество России, 2004.
7. Эриксон Э. Идентичность: юность и кризис. – М.: Издательская группа «Прогресс», 1996. С. 308-333.
8. Солдатова Г.У. Психология межэтнической напряженности. – М.: Смысл, 1998. С.103-122


2.3 Жоғары оқу орнының білім беру кеңістігі – студент жастарға ұлттық тәрбие берудің шешуші факторы
Жоғары білім беру жүйесінің міндеті – қоғамның барлық саласы үшін кәсіби мамандарды даярлау. Бірақ маманның жоғары білімімен бірге адамгершілігінің қалыптасуы өзекті болып саналады. Бұл үшін жоо-ның тұтас педагогикалық үдерісінің әлеуетін қолдану, соның ішінде студентті ұлттық мәдениетке қатыстыру қажет. Тәрбие үдерісінің тиімділігі үшін жоғары оқу орнындағы білім беру және тәрбие ортасын ұйымдастыру бойынша әр түрлі тұжырымдамалар дайындалуда. Біз мәселенің тәрбиелік аспектісіне аса назар аударамыз.
Тәрбие үдерісін тәрбие жұмысының әр түрлі тұжырымдамаларында төмендегідей түсінеді:
  • Кез келген қоғамдағы тұлғаны әлеуметтендіру тәсілдерінің бірі;


  • Оқу – тәрбие үдерісінде студенттерде сенім, адамгершілік нормалар жүйесінің, жалпымәдени және кәсіптік қасиеттердің қалыптасуына бағытталған оқыту мен студенттің бірлескен әрекеті, сонымен бірге өзін-өзі тәрбиелеу, өздігінен білім алу.


Білім берумен табиғи байланысты мақсатқа бағытталған және жүйелі әрекет тұлғаның әлеуметтік-маңызды қасиетттерін, ұстанымдарын қалыптастыруға бағдарланған, сонымен болашақ маманның рухани, интеллектуалды және физикалық үйлесімді жан-жақты дамуы, өзін-өзі жетілдіруі және шығармашылықпен өзін-өзі іс жүзінде көрсету үшін қолайлы жағдай жасау. Адамзат қоғамның барлық даму барысын студенттер басынан өткізіп жатыр: нашақорлық, маскүнемдік, жезөкшелік, т.б. оқыту, тәрбиені жете ұғыну мен құрылымдауды талап етеді.


Негізгі себептердің бірі білім беру мекемелерінде тәрбие үрдісіне жоғары көңіл бөлу, сонымен қатар адамзат қоғамының барлық жақтарын қамтитын жаһандану үдерістерін де жатқызуға болады. Жаһандану кәсіптік білім алуда жастардың мүмкіндіктерін кеңейтеді, бірақ негативті жақтары да бар. Біріншіден, жаһандану ұлттық және мәдени ерекшеліктер мен құндылықтармен байланысты емес, мінез-құлық нормаларын, түрлері мен стереотиптерін жапсырады. Екіншіден, заманауи еуропалық бұқаралық мәдениет материалдық құндылықтар, адамға сұраныстық қатынас, т.б.
Білім беру жүйесінің барлық деңгейіндегі реформалар тәрбие үрдісінің концептуалды негізін, тәрбиелік іс-әрекеттің мазмұнын, формаларын, әдістерін, технологиясын, нәтижелік көрсеткіштеріне ықпал ете отырып, XXI ғасыр жастарының тұлғасын тәрбиелеуді жаңа тұрғыдан қарастыруды талап етеді.
Қазақстан Республикасында білім беруді гуманитарландыру тұжырымдамасында «жастарға гуманистік тәрбие беру мәселесі жалпы адамзаттық құндылықтар мазмұнында қалыптастырылуы тиіс» - делінген. Гуманистік көзқарас «өмірге дайын адамды» немесе «әрекет жасайтын адамды» қалыптастыру парадигмасын «білімді адам» парадигмасымен ауыстыруды жөн деп санайды.
Бүгінде парадигмалардың осылайша алмастырылуы жоғары оқу орындарының тәрбиелік әлеуетінің маңызын ойластыруды талап етеді.
Сондықтан ЖОО-да әлеуметтік-гуманитарлық кеңістіктің мүмкіндіктерін айқындау «орта», «әлеуметтік орта» және «білім беру ортасы» ұғымдарының мәнін тереңірек түсіну, жоғары оқу орнындағы ортаның белгілерін анықтау маңызды.

«Орта» ұғымын қазіргі заман тұрғысынан анықтау табиғи және әлеуметтік факторлардың жиынтығын қамтиды (Э.Р.Майорова), әлеуметтік орта, яғни білім беру арнайы ұйымдастырылған орта ретінде адамды әлеуметтендіру ортасына жатады (Л.И.Новикова, В.А.Караковский, Е.В.Бондаревская, А.В.Мудрик және т.б.).


С.И.Ожегов сөздігінде «орта - қоршаған әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар, сондай-ақ осы жағдайлардың ортақтығын байланыстыратын адамдар жиыны» - деп анықталады.
Философиялық сөздікте «әлеуметтік ортаға - адамды қоршаған, оның өмір сүруіне, қалыптасуына және іс-әрекетіне қажетті қоғамдық, материалдық және рухани жағдайлар» деген анықтама беріледі.
Олай болса, кең мағынасында орта дегеніміз (макроорта) қоғамдық-экономикалық жүйені (өндірістік күштер, қоғамдық қатынастар және институттар, қоғамдық сана және мәдениет) қалай болғанда да тұлғаның қалыптасуы мен дамуына әсер ететінді толығымен қамтиды. Орта өзінің тар мағынасында (микроорта) адамның тікелей қоршаған ортасы (отбасы, еңбек, оқу және т.б. ұжымдар мен топтар) деп те сипатталатыны белгілі.
Сонымен бірге «білім беру ортасы» деген ұғымды да кездестіруге болады. Әртүрлі көзқарастарды талдау көрсеткендей, білім беру ортасы нақтылы білім беру мекемесінің материалдық факторларының, кеңістіктік-заттық факторларының, тұлғааралық қатынастарының жиынтығын құрайды.
Барлық аталған факторлар бір-бірімен тығыз байланысты, олар бір жағынан бірін-бір толықтырып, байытып, біріне бірі – білім беру ортасы субъектісіне әсер етіп тұрса, екінші жағынан субъектілер білім беру ортасын ұйымдастырып, құрып, оған белгілі бір ықпал етіп тұрады (В.А.Козырев, И.К.Шалаев, А.А.Веряев және т.б.).
Демек «білім беру ортасы» көбінесе, нақтылы білім беру мекемесінің қызмет етуі - деп түсіндіріледі.
В.А.Ясвин «білім беру ортасын» өзі ұсынған үлгі бойынша тұлғаның қалыптасуының әсерлері мен жағдайлары ретінде анықтайды, сондай-ақ қоршаған ортасында оның дамуына әлеуметтік және кеңістіктік-заттық мүмкіндіктер ықпал етеді деп санаса, Я.Корчак «тәрбиелеуші ортаның» төрт типін, атап айтқанда, «догмалық», «идеялық», «алаңсыз тұтыну», «сыртқы жылтырлық және мансап» деп бөліп, олардың әрқайсысына сипаттама береді.
Сапалы білім беру Қазақстанның индустриялануының және инновациялық дамуының негізі болуы тиіс. Өсіп келе жатқан ұрпақты құқықты, демократиялық қоғамның жеке және қоғамдық мәселелерді жасампаздықпен шешуге бейім азамат ретінде тәрбиелеу жалпы және кәсіптік білім модернизациясы тұжырымдамасын жүзеге асыруда ерекше маңызға ие болады.
Тәрбие білім беру жүйесінің модернизациясы жағдайында білім беру мекемелері іс-әрекетінің негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Қазіргі қоғамның тұрақты дамуы әлеуметтік өмірдің барлық саласына жастарды белсенді қатыстыруды талап етеді.
ЖОО-дағы тәрбие кеңістігін дамыту тәрбиенің мақсаты мен міндеттеріне, қағидаларына, мазмұнына, бағытына негізделеді. Тәрбие жұмысы – қазіргі білім беру мекемесі іс-әрекетінің міндетті аспектісі ретінде тұлғаның шығармашылық әлеуетін ашуға және әлеуметтенуіне, адамның ақиқатқа рефлексивті қарым-қатынасын қалыптастыруға, интеллектуалды жетілдіруге, мәдени салт-дәстүрді сақтауға және беруге, қазіргі заманға сай дамыту мен жаңартуға бағытталады.
Сонымен бірге тәрбие жұмысының мәні білім алушы тұлғасын тәрбиелік ортаны байыту жолымен дамытуды сипаттап, тәрбие кеңістігін дамыту құралы болып табылады.
Тәрбие кеңістігі тұлғаның өзін-өзі анықтау, өзін-өзі іс жүзінде көрсету, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі жетілдіру үрдістеріне ықпал ететін тәрбие факторлары мен басқа да кеңістікте (мәдени-әлеуметтік, ақпараттық және т.б.) көрініс табады. Бұл кеңістік тәрбие үдерісінің бағыттылығы мен сипатын анықтайды.
«Тәрбие кеңістігі» феномені көпқырлы, оған білім беру мекемесінің өткені мен бүгіні, тарихы, дәстүрі және болашағы біріктіріледі.
Тәрбие кеңістігінің сипаттамасы тәрбие жұмысының құндылық-мақсатты ұстанымын, жетекші бағытын, әдістері мен формаларын, сонымен қатар тәрбиелік үрдіске қатысушылардың іс-әрекетін, мәдениетті адамды тәрбиелеуге, өз Отаны үшін жауапкершілік сезімін меңгерген тұлғаны қалыптастыруға, анықтауға негіз болады.
«Тәрбие кеңістігі» категориясына қазіргі ғылымда ерекше көңіл бөлінген. Педагогтар үшін тәрбие кеңістігі зерттеу, моделдеу және құрастыру обьектісі, сонымен бірге тәрбие құралы болып табылады.
Тәрбие кеңістігінің тиімділігінің маңызды шарты оның барлық мүшелерінің құндылық-мақсатты ұстанымының болуы, субьектілер арасындағы қарым-қатынас жүйесінің тармақталуы болып саналады.
Тәрбие кеңістігін құрастыру орта диагностикасын, тәрбие кеңістігінің моделін, тәрбие кеңістігі субьектілерінің құндылық-мәнділік бірлігін құру, тәрбие кеңістігінің ұжымдық субьектілерінің дифференциациясы, олардың әрекеттестігін ұйымдастыру, т.б.
Тәрбие кеңістігінің субьектілері білім алушылар, педагогтар, қоғамдық ұйымдар, т.б. болуы мүмкін.
Тәрбие кеңістігін дамыту қағидалары:
• руханилық, білім алушылардың құндылық мәдениетті меңгеруге сұранысын қалыптастыруда, ізгілік адамгершіліктің жалпыадамзаттық нормаларын сақтауда көрініс табады;
• демократизм – ынтымақтастық педагогикасы мен әрекеттестікке негізделген тәрбие жүйесінің қалыптасуы; демократиялық реформа жағдайында өмір сүруге қабілетті тұлғаны тәрбиелеу; ЖОО-дағы тәрбие жүйесін демокртиялндыру;
Білім беру мекемесіндегі тәрбиенің негізгі механизмі білімдік-тәрбиелік кеңістік, оның құрылымдық орталық элементі кеңістік ішіндегі қарым-қатынастар жүйесі, моралдық-психологиялық атмосферасы ЖОО қабылданған талап ережелер мен мінез-құлық эталоны болып табылады.
Тәрбие кеңістігінің келесі құрылымдық элементі тұлға ретінде білім алушыны дамытуға, өзін-өзі дамыту және іс жүзінде өзін-өзі көрсетуіне бағытталған ішкі және сыртқы жағдайлар жүйесі болып саналады. Ішкі жағдайлар: тәрбиешілер жұмысының жүйесі, іс-әрекетінің тиімділігі; психологиялық қолдау; оқыту интеграциясы, дамыту мен тәрбиенің басымдылығы негізінде білім кеңістігін құру; өзін-өзі басқару; дәстүрлер жүйесі - «Білім күні», «Мұғалімдер мерекесі», пәндік декадалар, олимпиадалар, апталықтар, акциялар, т.б.
Тәрбие кеңістігінің басымды бағыттары: мәдени-ағартушылық; азаматтық-патриоттық; кәсіптік бағдар-еңбек және т.б. Білім берудің ізгілік сипатына жалпыадамзаттық құндылықтардың басымдылығы, адамның өмірі мен денсаулығы, тұлғаның дамуы жатады.
Қоғамды гуманитарландыру XXI ғасырдың табалдырығындағы өркениетті дамудың талабы. Оның негізгі міндеті – тәрбие, білім беру, оқу ағарту және мәдениет кешенін гуманистік бағдардағы адам тәрбиесіне жұмылдыру болып табылады.
Тарихқа көз жіберсек, ізгілік қасиет пен қарым-қатынас адам баласы қоғамы дамуы мен жалпыадамзаттық құндылықтың ең негізгі бастауы ретінде адаммен бірге дамып келеді. Бұл мәселе әр түрлі ғылым саласынан (философия, психология, педагогика, әлеуметтану және т.б.) зертелініп келгені айқын көрініс табады.
«Гуманизм» – латынның «humanus» - адамсүйгіштік, адам мен адамдық қасиеттерге құрметпен қарау дегенді білдіреді.
Демек гумандық қасиетке адамзат бойындағы ізгі ниетті барлық ұнамды қылықтар жатады. Ол адамның ойы, көзқарасы, мінез-құлқы, іс-әрекеті, қарым-қатынасы арқылы көрініс табады.
Бүгінде адамгершілік тұрғыдан жетілуді айқындап беретін тәрбиенің өзегі- жастардың ізгілік қарым-қатынастарын қалыптастыру болып отыр. Ал оның негізгі міндеті – қоғамның әлеуметтік қажетті талаптарын әрбір адамның борыш, намыс, қадір-қасиет және т.б. адамшылық ішкі стимулдарына айналдыру болып табылады. Бүгінде гуманитарландыру мақсатына жету зиялылықты қалыптастыруды, өмірлік құндылықтар мен бағдарлардың белгілі бір жүйесін орнықтыру арқылы жүзеге асырылады.
Бүгінгі күні қоғамдағы тәрбие жүйесінің жай-күйі күрделі әрі қарама-қайшылыққа толы. Ол мына төмендегідей көріністермен сипатталады:
  • жастардың адамгершілік қасиеттері деңгейінің төмендеуімен, жеңіл әрі жылдам баю үшін тұтынуға бағытталған озбырлықты, мейірімсіздікті, қылмыстық тәртіпті үгіттейтін насихаттың күшеюімен;


  • мәдени деңгейінің төмендеуімен, ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарынан бас тартумен, рухани әрі мәдени жағынан жүдеумен;


  • жастар белсенділігінің әлеуметтікке және құқықтыққа қайшы түрлерінің өсуімен.


Тәрбиелік жұмыстар жастар саясатының маңызды аспектісі болып табылады. Жастармен жүргізілетін жұмыстардың әлеуметтік аспектісіне және жастарды кешенді дамытуға, қылмыстардың алдын алуға, тұрақты моральдық-этикалық құндылықтарды қалыптастыруға, тәрбие беру жұмыстарына көп көңіл бөлген жөн. Себебі әлеуметтік-экономикалық, жаһандану процесі жастар құндылықтарының өзгеруіне ықпал ететін негізгі факторлар. Сондықтан ЖОО-дағы тәрбие саясатының міндеттері:


  • Университеттегі тәрбие әлеуетінің студенттің болашақ маман ретінде интеллектуалдық әлеуетінің дамуына бағытталуы;


  • студенттердің кәсіби қызметтеріне қажетті кәсіби және тұлғалық маңызды қасиеттерін қалыптастыру;


  • студенттердің азаматтық ұстанымдары мен патриоттық сана сезімдерін, құқықтық және саяси мәдениетін, қазіргі заман жағдайында еңбек пен тіршілікке қажетті қасиеттерін қалыптастыру;


  • тұлғаның жалпыадамзаттық құндылықтар мен адамгершілік идеяларға бағытталған көпмәдениеттілік және экологиялық білімін қалыптастыру;


  • болашақ мамандардың өз бетімен үздіксіз тұлғалық және кәсіби жетілу қажеттіліктерін дамыту;


  • салауатты өмір салтын ұстануға тұлғаның ішкі қажеттілігін, нашақорлық, маскүнемдік және қоғамға қарсы мінез-құлықтарға төзімсіздігін тәрбиелеу;


  • студенттік ортада түсіністік пен толеранттық қарым-қатынасты қалыптастыру;


  • ЖОО-ның тарихи-мәдени және ғылыми дәстүрлерін, олардың сабақтастығын сақтап және арттырып, ұжымдылық сезімдерін қалыптастыру;


  • болашақ мамандарды даярлау жағдайында студенттердің тиімді өзін-өзі басқаруын ұйымдастыру;


  • студент өміріндегі бейімделу кезеңін мақсатты түрде ұйымдастыру;


  • тұлғаның әлеуметтік бірегейлігінің бөлігі ретінде азаматтық бірегейлігінқалыптастыру.


Қазақстан мемлекетінде орын алған өзгерістер және оның көпұлтты қоғам ретіндегі ерекшелігі, жастармен жүргізілетін тәрбие жұмысының мына төмендегідей негізгі бағыттарының мәнін анықтайды:


- ұлттық ар-намысты қалыптастыру;
- азаматтық бірегейлікті қалыптастыру;
- қазақстандық патриотизм мен толеранттықты, әлеуметтік-мәдени өзін өзі анықтауды қалыптастыру;
- мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін, ұлтаралық қатынас тілі ретінде орыс тілін, жаһандану жағдайында ағылшын тілін игеру.
Әлеуметтену тұлғалық дамуындағы табиғи үдеріс, ал қолдау – бұл үдерісті демейтін психологиялық жағдайларды қолдан ұйымдастыру жүйесі. Осыған қарамастан, әлеуметтенудің басты негіздері (теңесу, интериоризация, еліктеу, аккомодация, фасилитация, көз жеткізу, конформизм) соңғы дамудың табиғи заңдылықтарына негізделген, ұстаздың қолдау алатын баламен өзара әрекетінің негізгі тетіктері ретінде қарастыруға болады.
Қолдаудың этикасы (әдебі) қолдаудың педагогикалық және адамгершілік нормаларының бірлігінен тұрады.
Педагогикалық-психологиялық қолдау – бұл: а) тəрбиеленуші сенімінен шығу; б) көбіне педагогикалық қолдау қажеттігін өзі сезбейді, бірақ оған мұқтаж болған тəрбиеленушілерге қол ұшын, жəрдемін беріп, қолдап-қуаттау.
Педагогикалық-психологиялық қолдау мəні: қолайлы (жайма-шуақ) психологиялық жағдай жасау; тұлғаның өз бойындағы мүмкіндіктерін өзінше іске асыруына өзара келісімдік шарт-жағдайлар түзу; өз қадір-қасиеті мен ар-намысын сақтап қалуға жəне ұтымды нəтижеге жету жолындағы кедергілерді бірлесіп жеңіп бару; «жəрдем бер» деп алақанын ашық жайып отырғанға ғана емес, достық ықылас-ниетке мұқтаж болғанның бəріне көмек көрсету; əрқандай тəрбиешінің өмірдегі өз орнын табуға құштарлық білдірген тəрбиеленуші проблемаларын өз назарында ұстай білуі; тəрбиешінің кəсіби деңгейінің жоғары болуы.
Педагогикалық-психологиялық қолдаудың көрініс формалары – жылы лебіз; құлақ сала білу, қажет болса – кеңес беру; тəрбиеленушіге сенім; оның құқығын қорғау; тəрбиешінің балаға болған қамқорлық қатынасы; шəкірттің қандай да табысын көре танып, оған ұнамды баға беруден жалықпау жəне т.б.
Педагогикалық-психологиялық қолдау – жеке тұлғаның өзіндік қызығушылығын, мақсатын, мүмкіндіктерін және оқуда, өзін-өзі тәрбиелеуде, қатынаста, өмір салтында күтетін нәтижеге өз бетімен жетуіне, өзінің адамзаттық абырой-беделін сақтауға кері әсер ететін кедергілерді жою жолдарын анықтаудағы бірлескен үдеріс.
Педагогикалық-психологиялық қолдаудың механизмдері өмірлік маңызды мәселелерді шешу үшін қажет. Педагогикалық-психологиялық қолдаудың кезеңдері:диагностикалық, ізденушілік, өзара келісімділік, іс-әрекеттік (студенттің әрекеті, педагогтың әрекеті), рефлексивтік.Тәрбие үдерісінің нәтижелілігінің негізгі өлшемдеріне мыналарды жатқызуға болады: өзін-өзі анықтауына, өзін-өзі іс жүзінде көрсетуіне, өзін-өзі ұйымдастыруына дайындығы; жеке қабілеттерін дамыту; тұлғаның адамгершілік бағыттылығы;дене және психикалық саулығы;базалық мәдениетінің қалыптасуы; жоо-ында қорғалуы және жайлылығы, қолайлылығы (комфортность). Бұл өлшемдер тәрбие үдерісін тұлғаның өзін-өзі іс жүзінде көрсетуінің факторы, маңызды қағидасы болып табылады.
Жеке тұлғаға арналған педагогикалық қолдаудың мазмұны – адамды алда көздеген нəтижелерден алшақтататын кедергілерді жеңу жолдарын қамтиды. Мұндай кедергілердің түрі: субъектив (тұлғалық) «Мен» - кедергілер: өз бетінше дербес шешім қабылдауға қажет ақпараттың болмауы (ақпарат толықса, кедергі сол бойда жойылады); адамның қосымша еңбектенуінің қажеттігі (қол ұшын, жəрдем беріп, ынтасын көтеру); тұлғаны күйзеліске келтіретін кемшіліктер (тəн-денелік, психикалық, арақатынастық); білім мен тəжірибенің жетіспеуі; объектив (əлеуметтік) «Олар» - кедергілер: (əлеуметтік орта – мұғалімдер, əкімшілік, дос-жарандар, құрбы-қатарлар, отбасы жəне басқалар); материалдық кедергілер (отбасының қаржылық жағдайы жəне т.б.). Психологиялық денсаулығын қолдау әдістері – жаман дағдыларды жою, жағымды мінез-құлық пен дағдыларды үйрену, релаксация - организмді тыныштандыру ішкі қолайлы жағдайды тудыру мақсатында босаңсу тәсілі.
Ақпараттық қолдау - интернет жүйесіне қол жеткізу, студенттердің қоғамдық маңызы бар әрекеттерін қолдайтын сайттар ұйымдастыру, жастар БАҚ-мен қарым-қатынас жасау, университетішілік БАҚ ұйымдастыру; тәрбие мәселесін қамтитын баспа қызметін ұйымдастыруды қамтиды.
Ғылыми-әдістемелік қолдау - кәсіби біліктілікті көтеру институттарында оқытушыларға арналған басылымдарда жарияланып, таратылатын ғылыми-әдістемелік материалдар, нұсқаулар, жадынамалар құрастыруға бағытталған білім жетілдіру курстарын жүргізу. Ғылыми-әдістемелік қолдау, сонымен қатар конференциялар, дөңгелек үстелдер, оқытушылар мен студенттер үшін жоғары оқу орнында тәрбие жұмыстарын тіимді іске асыруға ықпал ететін оқыту бағдарламаларын ендіру арқылы да жүзеге асырылады.
Мәдениеттанымдық қолдау - студенттерге әлемдік мәдениет пен Қазақстан халықтарының мәдениетін тану үшін мүмкіндік жасау, мәдени құндылықтарды игеру бойынша оларды түрлі көркемдік-шығармашылық қызметтерге тарту.
Ұйымдастырушы-басқарушылық қолдау -тәрбие ісіне жағдай жасау, кафедраларда, факультеттерде, бөлімшелерде жалпы университет көлемінде тәрбие жұмысын оңтайлы жобалау; күнделікті зерттеп отыру, оңтайлы жұмыс тәжірибелерін қорытындылап, тарату, тәрбие үдерісіне күнделікті мониторинг жүргізу, студенттердің пікірлерін ескеріп, зерттеп отыру арқылы жүргізіледі.
Құқықтық қолдау -жоғары оқу орнының тәрбие жұмысы ҚР білім саласындағы нормативтік құжаттарына сәйкес жүргізілуі тиіс. Түрлі деңгейдегі студенттер проблемаларын шешу мақсатында үнемі байланыс жасау (ұжымдық және жеке).
Қаржылық қолдау - тәрбие істеріне қатысушы тұлғаларды ынталандыру жүйесін тиімді қолдану арқылы ЖОО бюджет есебінен тәрбие жұмыстарын қаржыландыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет