I тарау. Қос сөздердің қазақ тіл біліміндегі зерттелу тарихы


Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ ШИ



бет16/17
Дата11.05.2022
өлшемі319,5 Kb.
#142130
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Дип.-Қос-сөздердің-қазақ-тіл-біліміндегі-зерттелу-тарихы«Абай-жолы»-романы

Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ ШИ


филология факультетін қазақ тілі
мен әдебиеті мамандығы бойынша
бітіруші 31-11 оқу тобының студенті
Қ. Назарбаеваның “М.Әуезовтің
Абай жолы” романындағы қос сөздер” атты диплом жұмысына


П і к і р


Қ. Назарбаеваның диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан тұрады. Кіріспеде жұмыстың мақсаты мен міндеттері, зерттелу тарихы талданады.
Күрделі сөздер олардың түрлері, қос сөздер, олардың ерекшелігі құралу тәсілдерінде ғана емес, дыбыстық және морфологиялық нұсқаларында да, семантикалық мағыналары мен қолданылу ерекшеліктерінде де үнемі көрініп отыратындығы баяндалады. Қос сөздердің түр – сыңарларына ғылыми тұрғыдан классификация жасалып, олардың әрқайсысы морфологиялық құрамы жағынан жан-жақты талданған.
Диплом жұмысында М. Әуезовтің “Абай жолы” роман-эпопеясындағы қос сөздер пайдаланылған. Романда кездесетін қос сөздердің сыңарлары қайталанып та, басқа синонимдес сөздермен қосарланып та жасалатындығы дәлелденген.
Қос сөздердің семантикалық жағы, сөз таптарына қатысы тілдік материалдармен баяндалады. Кейбір қос сөздер сыңарларының этимологиясы анықталады, морфологиялық табиғаты ашылады. Қос сөздерді есім қос сөздер, етістік, үстеу, еліктеу қос сөздер деп тілдік фактілерге қарай жіктеп зерттеген. Жұмысқа өзінше қорытынды жасаған. М. Әуезовтің “Абай жолы” романындағы кездесетін қос сөздердің санын анықтап, оларды жік-жікке бөліп талдаған.
Жұмыс диплом жұмысына қойылатын талапқа сай орындалған.
Жұмысты мемлекеттік аттестациялау комиссиясына қорғауға ұсынуға болады. Жұмыс “өте жақсы” деген бағаға лайықты деп есептеймін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет