I тарау. Қос сөздердің қазақ тіл біліміндегі зерттелу тарихы


Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ ШИ



бет17/17
Дата11.05.2022
өлшемі319,5 Kb.
#142130
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Дип.-Қос-сөздердің-қазақ-тіл-біліміндегі-зерттелу-тарихы«Абай-жолы»-романы

Ф. ғ. к, аға оқытушы: А. Ақкөзов.


Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ ШИ

филология факультетін қазақ тілі
мен әдебиеті мамандығы бойынша
бітіруші 31-11 тобының студенті
Назарбаева Қарлығаштың “М. Әуезовтің
Абай жолы” романындағы қос сөздер”
атты тақырыптағы диплом жұмысына

П і к і р


Сөз - күрделі құбылыс, сондықтан оның түрлі қасиеті, мағынасы мен тұлғасы, тіпті сөздердің өзара тіркесуі де жеке-жеке тіл саласының объектісі болып жүр. Олар жеке-жеке қолданылуымен бірге, бір бірлікте, бір категорияда қолданылады. Демек, жеке тұлға ретінде өмір сүрмейді. Мағынасымен байланыспаса, тұлға өздері сөз бола алмайды. Сондықтан жалаң формалармен байланыспаған жинақ мағына өмір сүрмейді.


Сөз тұлғасын зерттейтін тіл саласы–морфология саласы. Сөз тұлғасы дегеніміз сөздің мағынасымен байланысып барып қана сөздің бір элементі болады. Сондықтан сөз мағынасына сүйене отырып, сөздерді тұлғалық негізде екіге бөледі.
Дипломдық жұмыста осы қасиетке негізделіп, жалаң сөздер мен күрделі сөздер деп екіге бөлінеді. Ал күрделі сөздерді беске бөледі:

  1. Қос сөздер.

  2. Қысқарған сөздер.

  3. Біріккен сөздер.

  4. Кіріккен сөздер.

  5. Тіркескен сөздер.

Олардың әрқайсысы анықталып “Абай жолы” романынан терілген мысалдар келтіріледі.
Жұмыстың сәтті шығуы мынада:
1. Жай сөздер мен күрделі сөздерді ажыратып, лексика-семантикалық, грамматикалық белгілерін дұрыс көрсете білген.
2. Күрделі сөздердің ХІ ғасырдан бастап жиі қолданылғандығын көрсетеді.
3. Тарихта күрделі сөздер жай сөздерден бастау алғандығын дұрыс көрсеткен.
4. Еркін сөздердің күрделі сөздерге дейін дамуына әрі мағыналық, әрі морфологиялық жағынан дамуын десемантизация, деформацияға түсуін дұрыс көрсеткен.

  1. Күрделі сөздердің мағынасын дұрыс ажыратқан.

Зерттеу жұмысы диплом жұмысына қойылатын талапқа сай орындалған. Диплом жұмысын мемлекеттік емтихан комиссиясына қорғауға ұсынуға болады.
Ғылыми жетекші ф. ғ. к.
ХҚТУ ШИ профессоры: З. К. Керімбаева.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет