I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет160/249
Дата18.05.2022
өлшемі5,47 Mb.
#143830
түріОқулық
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   249
Орталық функционалды
бұзылыстарына
функционалды немесе психогенді 
афония жатады. Бұл бұзылыс адамның психикасын жарақаттайтын жағдайда 
аяқ асты пайда болады. Ол, әдетте, истериялық реакцияларға бейім адамдарға 
тән, қыздар мен әйелдерде жиі кездеседі. Дауысы мүлдем жоқ болғанымен 
үнді жөтел мен күлкі сақтаулы болады. Бұл маңызды диагностикалау белгісі 
деп саналады. Функционалды афония ұзаққа созылуы және дауысты қалпына 
келтіргеннен кейін қайталануы мүмкін. 
Дауыстың бұзылуын осылай органикалық және функционалды бөлуі 
фониаторлық емдеу және логопедиялық сабақтардың әдістерін таңдауын 
болжауда маңызы зор. Мысалы, дауыстың функционалды бұзылыстары 
көмейдегі дауыс қатпарларының функциясының өткінші өзгерістеріне 
байланысты болады, сондықтан, логопедиялық ықпалдың арқасында 
бұрынғы дауыс қалпына келтірілуі мүмкін. Органикалық бұзылыста көмей, 
дауыс перделерінің 
құрылысында ауыр патологиялық-анатомиялық
өзгерістер орын алады, сондықтан дауыстың коммуникативті функциялары 
қалпына келтірілгенімен оның күшінің, жоғарлығының және тембрінің 
сапасы қалыпты дауыстан өзгеше болады.
Дауыстың бұзылуын терең зерттеуі науқастарды әр түрлі мамандардың 
кешенді тексеру нәтижесінде ғана мүмкін болады. Сонымен, дауыстың 
бұзылуын клиникалық (фониаторлық, отоларингологиялық, неврологиялық), 
логопедиялық және психологиялық тұрғыдан тексеру аса маңызды. 
Дауыстың бұзылуын медициналық, логопедиялық және психологиялық 
аспекілерден қарастыру ауытқудың түп негізін тереңірек анықтауға және оны 
жеңудің тиімді жолдарын, әдістерін шығаруға мүмкіндік береді.
Дауыс бұзылуын 
медициналық 
аспектіден талдағанда мынаны 
ескереміз: сөйлеу анализаторының қайсысы бұзылған (сөйлеу-қимыл, 
сөйлеу-есту); анализатордың қай бөлігі бұзылған (шеткі немесе орталық); 
бұзылу сипаты қандай (органикалық немесе функционалды). Сонымен қоса 
ақаудың пайда болу уақыты ескеріледі. Дауыстың органикалық және 
функционалды бұзылуының көбі баланың кішкене кезіндегі даму үрдісінде, 
оның тұлға болып қалыптасу, сөйлеу функцияларының қалыптасу кезеңінде 
жүре пайда болады. Ескертетін бір ғана, ол дауыстың орталық органикалық
бұзылыстары туа біткен және жүре пайда болған болулары мүмкін (афония,
анартрия, дизартрия кезіндегі дисфония), сонымен бірге жұмсақ таңдайдың 
ақауларының салдарынан (ринолалия, туа біткен естуінің зақымындағы 
дисфония) дауыстың перифериялық (шеткі) бұзылыстары. Даустың барлық 
функционалды бұзылыстары баланың сөйлеу тілі қалыптасу үрдісінде, не 
болмаса сөйлеу тілі қалыптасып болғаннан соң пайда болады. Кейбір 
жағдайда дауыс бұзылысы сөйлеу тілінің басқа бұзылыстарымен тіркесу 
түрінде кездеседі (дизартрия, ринолалия, естудің төмендеуінің салдарынан 
сөйлеу тілінің бұзылуы). 
Логопедиялық аспект
дауыс бұзылуының мәнін ашады. Негізгі
нозологиялық бірліктер — афония, дисфония, жалған байланысты дауыс


313 
ринолалия және ринофония. Дауыстың бұзылуының әр бір формасы 
бұзылудың жоғарлығы, дауыс модуляциясы, сөйлеу тілінің ырғақты-
екпіндік-әуендік жағының әр түрлі бұзылыстарымен көрінеді. Өзгерудің 
әртүрлігі бір қатар факторларға байланысты: бұзылу деңгейі, анализатордың 
қай бөлігі зардап шекті, бұзылу қашан пайда болды, бұл бұзылыс сөйлеу 
тілінің басқа бұзылыстарымен қалай үйлеседі, т.б.
Психологиялық аспект
– сөйлеу тілінің коммуникативті қызметіне, 
тұлғалық ерекшелігіне тигізетін әсері ескеріледі. Дауысы бұзылған баланың 
қатынасқа түсуінің қиындауына байланысты сөйлеу тілінің коммуникативті 
қызметінің төмендеуі байқалады. Бала өз дауысынан ұялып ыммен қатынас 
жасайды, кейде мұғалімнің тапсырмасын жазбаша түрде орындайды.
Эмоционалды ерік-жігер аясында ауытқушылық байқалады, өзіндік мінез 
көрініс береді, сабырсыздық, ашуланшақтық, түңілушілік, негативизм және 
т.б. Кейін бұл ерекшеліктер науқастың жеке еңбек өмірінде өз ізін 
қалдырады.
Функционалды орталық дауыс бұзылулары үлкен адамдарға қарағанда 
балаларда сирек кездеседі. Мысалы, психогендік афония немесе дисфония. 
Осы кездегі бұзылудың механизмі келесіде: күшті есеңгіреу (стресс) әсері 
кезінде орталық жүйке жүйесінде тежеудің соңғы аясы пайда болады
нәтижесінде бас миының қабығы жағынан дауыс қалыптасуының барысын 
реттегіші бұзылады. Кейде себеп болушы фактордың жоғалуынан дауыс 
өздігінен пайда болады, бірақ афония немесе дисфония түріндегі 
патологиялық рефлекс пайда болуы мүмкін. Бұндай жағдайларда дауысты 
орнына келтіру үшін арнайы жұмыс жүргізу керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   249




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет