311
Перифериялық функционалды бұзылыстарға фонастения, гипо- және
гипертонусты афония және дисфония жатады.
Фонастения
(«phone» - дыбыс, дауыс, «astheneia» - әлсіздік, дәрменсіздік) –
сөйлеу қозғалу аппаратының табиғи зақымдануының болмауы кезіндегі
дауыс қалыптасуының бұзылуы. Көбінесе
шамадан тыс дауыс зорығу
салдарынан болады. Психогендік сипат алуы мүмкін. Бұл бұзылыс «дауыс»
мамандарында байқалады. Фонастения тыныс алу мен фонацияның
үйлестігінің бұзылуымен, дауысты күшейту және төмендету мүмкіндігінің
болмауымен сипатталады. Фонастенияның ауыр түрлері афонияға айлануы
мүмкін.
Әдебиеттерде фонастенияның пайда болу себептері жайында бірыңғай
көзқарас жоқ. Кейбір авторлар себептердің арасында психикалық жарақаттар
мен шамадан тыс эмоционалды жүктемелерді атаса, басқалары тыныс
жолдарының асқыну ауырулары кезінде
дауыстың сақтану тәртібін
ұстанбаудан дейді.
Гипотонусты дисфония (афония
) екі жақты миопатикалық парездің
салдарынан, яғни көмейдің ішкі бұлшық еттерінің парезімен шартталған.
Олар кейбір инфекциялардан кейін (тұмау, дифтерия), сонымен қатар
дауысқа артық күш салу нәтижесінде пайда болады. Дауыс перделерін
тарылтатын бұлшық еттері зақымдалады. Бұл жағдайда дауыс перделері
толығынан қабыспайды, олардың арасында саңылау қалады. Дауыс ауытқуы
жеңіл қарлыққаннан дауыстың шаршауы, мойын бұлшық еттерінің, желкенің
және кеуде қуысының ауыруымен білінетін афонияға дейін көрінуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: