I. Тіл сабағында көрнекі құралдарды пайдалану әдістемесінің



бет4/5
Дата08.11.2023
өлшемі50,58 Kb.
#190515
1   2   3   4   5
Байланысты:
батп курси

Ұяң дыбыстар

Ұяңмен келген сөздер

Ұяң дыбыстармен келген сөйлемдер

Б
В
Д
З
Ж
Г
Ғ
һ

Байлық
Вагон
Дала
Зейін
Жаппар
Гүлсім
Ғұмар
Аһ, уһ

Ел байлығы жылдағыдан арта түсті.
Бұл вагонда Асқардың ағалары бар еді.
Дала гүлге бөленді.
Айша сабақты зейін қойып тыңдады.
Жаппар ағасының сөзін тыңдады.
Гүлсім оқуға жүріп кетті.
Ғұмардың жолдасы Павел болатын.
Аһ, - деп демімді алдым.

Бұл кестедегі материал бойынша ұяң дауыссыз дыбыстардың фонетикалық заңдылықтарын, ерекшеліктерін (қатаң мен сонор дауыссыздыбыстарға қарағанда) салыстырып байқайды.
Ал грамматикалық кесте меңгеруі қиын сөздерді түсіндіру мақсатында пайдаланылады дедік. Мысалы, сын есім, зат есім, сан есім, есімдік, етістік жалғау, жұрнақ категорияларын, сондай-ақ құрмалас сөйлемңің жасалу жолдарын меңгеруге орай жасалатын кестелерді қолдану тиімді.
Морфологияны оқытуға байланысты кесте.
Қосымша​​
Жұрнақ​ ​ Жалғау ​
сөз тудырушы сөз түрлендіруші​ көптік, тәуелділік, септік, жіктік
Жұрнақ
Сөз тудырушы​ Сөз түрлендіруші
ім​ ар
Біл — гіш​Айт - қан
гір​ қыз
Сондықтан бұл кестенің құрылысы V сыныпоқушыларының жас ерекшелігіне лайықты. Кестеде негізгі мәселе дараланып берілген, яғни жұрнақ жалғанғандағы өзгеріс қандай, жалғау жалғанғанда қандай айырмашшылық болғаныноқушының саналы түсінуіне көмектесетінін көруге болады.
Кесте-схема қазақ тілі сабақтарында жиіпайдаланылады. Әсіресе ол жаңа материалды бекіту кезеңінде көбірек қолданылады. Оқулықты өздігінен байқауға, салыстыруға, белгілі тілдік материалдың көлемімен таныстыруға, абстрактілік қабылдау сезімдерін дамытуға үлкен әсері бар.
Қазақ тілі әдістемесінде құрылымдық схема-кестенің негізін
жасаушылардың бірі - әдіскер Ш.Әуелбаев. Кестелерден мысал
келтірелік [4,50].​
а) Ыңғайлас салалас
Кілемдей жерім түрленді,
қызғалдағым гүлденді. (Ж.Ж:)
​жерім​қызғалдағым
кілемдей

ә) Іліктес салалас
Екі тайым бар: бірі ақ, бірі қара.(Ы.А.)
Екі​тайым​бірі
​бар:​ақ,
​​ бірі,
​​қара
б) Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас​
бағыныңқы сөйлем ​-п,-ьш,-іп...басыңқы
​ сөйлем
​ -а, -е, -и...​
​(-қан,-кен) (-дай, дей-)
Жапырағы судырлап, тал сұлуша таранды. (І.Ж.)
Жапырағы​тал
судырлап,​сұлуша таранды'.
Мұндай құрылымдық схема-кесте арқылыоқушыларға қазақ тілінен негізгі синтаксистікқұрылымдарды таныту арқылы пунктуациялықбілім негіздерін жан-жақты меңгертуге болады.​
Мұндай схемалармен түрлі практикалықжұмыстар жүргізу нәтижесінде оқушылар қазақ тіліндегі тыныс белгілердің қойылмайтын сөйлем құрылымдары мен сөйлемдердің синтаксистік негізгі және қосымша желілерін, тыныс белгілерінтудырушы түрлі синтаксистік байланыс түрлері мен тәсілдерін сөйлем мүшелерін саналы меңгеретін болады.
Қазақ тілі сабағында графикалық көрнекілік белгілі орфограммаларды дұрыс жазып үйрену үшін пайдалы. Мысалы, жалғау-жұрнақ жалғанғандағы өзгерістерді графикалық схемаарқылы көрсетуге болады. Оқушыларға таныс тілдік материалдарды схема арқылы иллюстрация жасап отыру да тиімді. Схема арқылы оқушылардың сөз немесе сөз тіркестеріненжіберген қателерін түзетуге болады.
Кейбір грамматикалық тақырыптарды оқытуға байланысты динамикалық көріністі қолдану да пайдалы. Мысалы, сөз тудыру, синтаксистік синонимдер тақырыбына байланысты жылжымалы кестелерді кодоскоп арқылы көрсетуге болады. Ол мөлдір, жылтыр пленкаға жазылады да, кодоскоп арқылы жылжытылып көрсетіледі. Мысалы, бас-бас-шы, бас-тық, бас - қар-ма, бас-шы-лық. Сөзді осындай түбір арқылы өрбітіп жасалатынжылжымалы дииамика арқылы көрсету мұғалімдерге
үлкен жеңілдік жасайды.
Үлестірме карточка да көрнекіліктің бір түріне жатады. Бұл жеке оқушымен жұмыс істеуге өте ыңғайлы. Әсіресе суретпен берілген карточкаларды «Лексика», «Сөз құрамы» тақырыптарын оқытуға байланысты қолдануға болады. Суретпен берілгенкарточка арқылы сын есім, зат есім, етістік, үстеулердің нақты лексикалық мағынасын түсіндіру тиімді.
Берілетін материалдағы тапсырмалар суретке сай болуы қажет. Мүмкіндігіне қарай ол тапсырмаларды орфографиялық жәнәпуңктуациялық дағды беруге, тіл дамытуға байланысты, кұрмалас сөйлем синтаксисін қайтадау мақсатында қолдану кереқ.​
Қазақ тілі сабағында сурет көрңекілігі деерекше орын алады. Бұл көбіне оқушылардың; тілін дамыту мақсатында қолданылады. Суретке ат қойғызу, суреттің астына оның мағынасын жазып көрсету оқушылзадың дұрыс сөйлеп, сөздік қорларының баюына ықпал жасайды.
Қазақ тілі сабақтарында кесте, альбом, лото сияқты көрнекіліктер де қолданылады. Бұларбелгілі біртақырыпқа (тұтас қамтитындай) немесе бір сыныптың тақырыбын түгелі.{қамтитындай мақсатта жасалады. Мысалы, зат есімнен жан-жақты мәлімет беруге байланысты кесте-альбом жасауға болады.
Ал лото көрнекілігі оқушылардың орфографиялық және грамматикалық білімдерін бекіту үшін пайдаланылады.
Оқушылардың бейнелеу өнеріне деген ықыласын арттыру мақсатында қазақ тілі сабақтарына открытка және түрлі түсті сериялы суреттер пайдаланылып жүр. Открытка және түрлі түсті сериялы суреттер сабақты қызықты ұйымдастыруға ғана емес, сондай- ақ оқушыныңбелсенділігін арттырып, танымдық қабілетін дамытады. Түрлі түсті сериялы суреттер магниттақталары арқылы көрсетіледі. Сурет бойынша сөйлем құрату, мазмұндама, шағын шығарма жаздыру да тиімді.
Қазіргі мектептегі оқу-тәрбие ісінде мындаған мұғалімдеріміз техникалық құралдарды өте орынды пайдалануда. Ауылдық мектептерден магнитофон, телевизор, оқу диафильмдері, кодоскоп, эпидаскоп, грампластинка, телевизор, кинопроекторлар, ЛЭТИ, СВЕТ-терді жиі кездестіруге болады.
Мұғалімдер қазақ тілі сабақтарында диаграммалар, диафильмдер, диапозитивтер, магнитофондық жазбалар, кинофильмдерді кеңінен пайдалануда.
Дыбысты жазып алатын, оны қайта естіртетін аппаратты (магнитофонды) қолдану оқу процесін жетілдіретін, оқу-тәрбие жұмысының сапасын арттыратын жетекші құралдардың бірі деп есептеледі. 
Қазақ тілі сабақтарында әмбебап проекциялықаппараттарды пайдалану кең жолға қойылып отыр. Солардың бірі — диаскоп. Бұл проекциялық фонарь сияқты аппарат. Фотографияға түсірілген суреттерді, схемаларды, кестелерді көрсету үшін ыңғайлы құрал. Қазақ тілі сабақтарында эпидаскоп та пайдаланылады. Бұл құралмен кез-келген грамматикалық тақырыпқа орай схема, кестелерді көрсетуге болады. - Қазақ тілі сабағында ЛЭТИ, «Орбита» сияқты отандық диапроекторларды пайдаланады. Бұл арқылы мұғалім кинофильмнің қажетті бөлімдерін көрсете алады.
Табиғаттағы түрлі дыбыстардың сырын білуге адамзат қашанда болсын құштар болды. 1589 жылы атақты физик Джам-Батист Порт, кейін астроном Иоганн Кеппер (1634 ж) дыбысты сақтауға болатындығын дәлелдеді. Ал 1807 жылы бірінші рет дыбысты қабылдаған ағылшын ғалымы Томас Юнго болды. Ол барабанның үстіне қапталған майлы, күйелі қағазға дыбыстық қозғалыстарды жазып алды. 1857 жылы жарты ғасырдан кейін, француз Леон Скотт дыбысты жазып алатын фоноавтограф жасады. Бірақ бұлардың жасаған аппараты дыбысты жазғанымен, оны қайыра естірте алмады [5,12].
1877 жылы атақты американ электротехнигі Т.А.Эдисон дыбысты жазып, әрі оны қайыра естіртетін аппаратты ойлап тапты. Оны фонограф деп атады. Бұл фонографтың кемшілігі жазылған дыбыстың көшірмесін алуға болмайтын болды.
1888 жылы Эмиль Берлинер граммофон жасап шығарды. 1889 жылы А.Ф.Рикшелеский дүние жүзінде бірінші рет жарықты өткізетін материалға оптикалық дыбысты жазып алатын аппаратты, 1888 жылы Ресейде орыстың атақты физигі А.Г.Столетов дүние жүзінде бірінші рет фотоэлементті ойлап тапты. 1900 жылы И.Л.Поляков фотоэлементті пайдаланып фотографиялық фонограммаға дыбысты жазып алды. 1929 жылы Ресейдің атақты ғалымдары Т.Г.Тагер мен А.Ф.Шорин оптикалық дыбысты кинопленкаға жазып алудың әдісін ұсынды.
1898 жылы даттың атақты физигі В.Паульсен дыбысты магниттік жолмен болат сымдарға жазуды ұсынды. Міне қазір дыбыстық аппараттар дүниеге осындай жолдармен келген. 
Қазір техникада, ғылымда әр түрлі дыбысты жазу қолданылады:
1) механикалық дыбыс, бұл өндіріске граммофондық пластинкалар үшін пайдаланылады;
2) оптикалық дыбыс, ол кинода ғана пайдаланылады;
3) магнитті дыбыс, ол радиоторабы, дыбыстық кино т.б. мақсаттарда қолданылады.
Дыбыстық аппараттарды оқу-ағарту жұмыстарында оқу құралы ретінде пайдалану керектігін ұсынған орыстың ұлы жазушысы Л.Н.Толстой болған. 1908 жылы Т.Эдисон сыйлаған фонографқа жазушы оқушылар үшін бірнеше мәтіндер жаздырған.
1930-40 жылдар аралығында алғаш рет грамжазу орта мектептердегі оқу-тәрбие ісінде пайдаланыла бастады. 1935 жылы ағылшын тілін үйренуге байланысты ең бірінші оқу грампластинкасы жоғары оқу орындарында қолданылды. 1964 жылы Оқу министрлігінің шешімінде 5-8 сыныптардың бағдарламалық материалдары бойынша грампластинкаларды кешенді шығару ұйғарылды.
1972-73 оқу жылдарында грампластинкалар қазақ тілінде шығарылды. Онда Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Ажар Асқарбаеваның мәнерлеп оқуындағы мәтін грампластинкаға бірінші рет жазылған болатын. Қазір оны мектеп мұғалімдері оқу-тәрбие ісінде пайдаланып жүр. 
Сондықтан өндіріс орындарында оқу ісіне пайдаланатын дыбыстық аппараттарды көптеп шығарылуда. Ресей Педагогикалық ғылым академиясының ғылыми қызметкерлері З.С.Харьковский, Л.Ц.Цесарский, Д.П.Василевский және Ф.Р.Шлейснер оқу ісінде қолданылатын магнитофондардың құрылысын өзгертуде көп еңбек етті. Олар магнитофонды пайдалану талаптарын белгілеп, бұл жөнінде ғылыми жұмыс жүргізді. Осы бойынша жаңадан ұсынылған магнитофондар мұғалімнің немесе оқушының сөзін сапалы жаза алатын болды. Радиоторабынан дыбысты дұрыс қабылдап, қайта жазуға мүмкіндік ашылды. Ал дыбыстық аппараттардың құрылысы техникалық жағынан барған сайын жетілдіре келіп, оқу-тәрбие ісінде қолданылатын магнитофондар осындай талаптар негізінде жұмыс істейтін болды.
Дыбыстық аппараттарға магнитофон, радиола, грамжазулар, пластинка ойнатқыштар жатады, ал фонофаф, граммофондар XX ғасырдың басында оқу-ағарту жұмыстарында пайдаланыла бастаған. 
Қазіргі заманғы оқу құралдарының бірі, ең жетілгені деуге болатыны – кино. Киноның да дыбыстық аппарат сияқты тарихы ертеден басталады. Ең алғашқы проекциялық аппарат XVI ғасырда жасалған, оның жұмыс істеу принципін алғаш рет дәлелдеген Италияның атақты ғалымы Леонардо да Винчи болды.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында ғалымдар мен педагогтар проекциялық аппаратты оқу құралы ретінде кеңінен пайдаланды. 1858 жылы Петербург аудиторияларында оқылған ғылыми-көпшілік дәрістерде олар жиі қолданылды. 
1894 жылы француз өнертапқыштары ағайынды Луи мен Август Люльерлер «киноматограф» деген аппаратты ойлап тапты да, бір жыл өткен соң алғашқы кинофильм Париж академиясының ғылыми қоғамы мәжілісінде көрсетілді.
1895 жылы 28 желтоқсанда дүние жүзі бойынша бірінші кино Парижде көрсетілді. Онда қысқа метражды он шақты ғана кинофильм 20 минут шамасындай көрсетілген еді.
Ал кеңестік кино өнері революциядан кейін қанат қақты. 1927 жылы Кеңес Одағында педагогтар тілегі бойынша тұңғыш рет оқу киносының маман педагог-әдіскерлерін даярлайтын киноконкурсы ұйымдастырылды. 1930 жылы бірқатар оқу фильмдері шығарыла бастады.
1960-65 жылдары оқу кинофильмдерінің қарқындылық жоспары жарияланды.
Қазақстанда да киноматографияның дамуына зор көңіл бөлініп, көптеген шаралар белгіленді. 1923 жылы Алматыда «Восток» кино тресі құрылды. 
1929 жылы "Бүліншілік", 1930 жылы "Түрксіб", 1931 жылы "Жұт", 1932 жылы "Қаратаудың сырлары", 1938 жылы "Аманкелді" киноленталары жарыққа шығып, көрермендер ықыласына бөленді.
Қазақстанның кейбір мектептері мен жоғары оқу орындарында 1954-56 жылдары Қазақстанның кейбір мектептері және оқу орындарында оқу киносы қолданыла бастады. 
1964 жылы 6 мамырдағы мемлекеттік қаулыда оқу-тәрбие процесінің сапасын арттыруда телевизор, радио сияқты техникалық құралдарды кеңінен пайдалану керектігі ерекше аталды.
Алматы қаласында 1965 жылы Республикалық ғылыми-практикалық конференция шақырылды. Онда республика мектептеріндегі педагогикалық еңбек шеберлерінің іс-тәжірибесі кеңінен талқыланды. Оқу-тәрбиесі ісінде техникалық құралдарды пайдалану жолдары сөз болды. Конференция материалдары екі тілде (орысша,қазақша) жинақ болып жарияланды.
Техникалық құралдарды оқу ісіне пайдалануға ғалымдар да едәуір үлес қосты. Бұл салада техника ғылмдарының докторы Мәулен Құдайқұловтың «Оқу киносы», «Оқу киносынының практикумы» деген еңбектері мұғалімдердің күнделікті дидактикалық оқу құралдарына айналып кетті.
Қазақ тілінде оқу диафильмдерін жасау 1970 жылдардан бастап қолға алынды. Бұл салада қазақ тілінде шыққан 15-тен астам оқу диафильмдерінің тәрбиелік мәні зор болды.
1990 жылдардан бастап оқу-тәрбие жұмысында қолдануға болатын күй таспалар, бейне таспалар және компьютерлік таспалар қазақ тілінде шығарылуы қолға алынды.
Техникалық құралдарды сабақта пайдалану туралы орыс ғалымы Н.М.Шахмаев былай деген: “Урок с применением технического средства – это качественно новый тип урока, на котором учитель вынужден согласовать методику своего объяснения учебного материала с той методикой, которая принята в телевизионной передаче кинофильма, звукозаписи, радиопередаче”[5,5]. 
Бiздiң елiмiзде техникалық құралдарды оқу тәрбие жұмысында қолдану 1960-1970 жылдары басталды. Ал тiл сабағында техникалық құралдары пайдалану жолын алғаш рет Б.Құлмағамбетова зерттеп, өзiнiң мақалаларында, оқу құралдарында /көмекшi оқу құралдарында/ жазған, мынадай құнды пiкiр айтқан: “… Техникалық құралдарды пайдаланып өткiзген сабақта оқушылар жалықпай тыңдаған жаңа оқу материалын қабылдау процесiнде олардың әр түрлi сезiм мүшелерi /көру, есту тағы басқалары/ қатысатындығын, соның нәтижесiнде оқушылардың қызығушылығы артып, түсiндiрiлген материалдардың бәрiн қабылдауға мүмкiндiк туғызады,” – дедi [4,22]. 
Ал, 1994 жылы қазақ бөлiмi оқушыларына орфографияны оқытуда жаңа техникалық құрал – компьютердi қолдану тиiмдiлiгi туралы Г.Бектұрова диссертациялық еңбек жазып қорғады [6,47]. Бұл еңбек те қазақ тiлiн оқыту әдiстемесiнде құнды жұмыстардың бiрi болып есептеледi.
Әдiскер-ғалым оқытудың тыңдап-түсiну, естiп-байқау құралдарының концепциясының негiзгi құралы туралы былай дейдi: оқыту былайша орналасады: тыңдау‚ сөйлеу‚ оқу‚ жазу. Оның iшiнде ауызша қабылдау /тыңдау мен сөйлеу/ әрдайым iлгерi шығып отырады [7,279].
Видео арқылы жаңаша жаңғырту әдiстемесi өзге тiлдi оқыту процесiнде үлкен рөл атқарады. Мысалы:
-естiп-байқау материалдарының түп-нұсқасын түсiнуге бейiмдейдi;
- үйретудегi уәждеменi кеңейтедi;
- сөйлеу iс-әрекетiнiң сөйлеу және тыңдаудағы ролiн күшейтетiн және оны басқа түрiмен ешқандай ауыстыруға келмейтiн тәсiл;
- үйренушiнiң сөйлеу тiлiн тереңдетуге қызмет етедi;
- тiлдi тудыратын және дамытатын қорғаушы күш ретiнде қолданылады;
- видеоны сабақта қолдану үйретушiнiң сөйлеу дағдысы мен шеберлiгiн аса үлкен жылдамдықта шапшаңдатады;
- үйренушiнiң танымдық әрекетiн күшейтедi;
- үйренушiнiң ой-өрiсiн ұлғайтады [7,279].
1.2 Көрнекіліктердің түрлері.
Ең алғаш оқытудағы көрнекілікке анықтама беріп, құнды пікір қалдырған Я.А.Каменский болатын. Оның көрнекілік туралы айтқан «Алтын ережесінде»: «... бала сезімі қабылдай алатын нәрселердің барлығын сезім әсерлерін туғызып білдірген жөн. Көруге болатынды көзге көрсет, естуге болатын нәрсені құлақ қойып тыңдасын, иіскеп білсін, дәмін татып көрсін, қолына ұстап нәрсенің қатты, жұмсақтығын т.б. байқасын ...» [1, 361],- деген болатын. 
Көрнекілік түсінігі соңғы жылдары айтарлықтай тереңдеп, өзгерістерге ұшырады. Кезінде көрнекілікпен айналысқан В.Т. Балтянский (1970ж.): «Изоморфизм плюс қарапайымдылық» деген болатын[2,11]. Ал А.Н. Леонтьевтің еңбегінде «Ішкі тірек қызмет атқаруы тиіс» делінген. П.Я. Гальперин, Т.В. Кудрявцев және т.б. зерттеулерінде практикалық қызмет процесінде көрнекілік абстрактілі деңгейлі ретінде қарастырылады. В.Г. Балтянский, Э.Г. Мингаузев, В.П. Стрекозин және т.б. бірқатар ғалымдар оқушылардың меңгеретін білімдегі көрнекілік принцитің маңызын атап көрсеткен. Сонымен бірге көрнекілік мәселесіне К.Д. Ушинский де көп еңбек сіңірген. 
Көрнекіліктің түрлері көп. Әр тақырыптың ыңғайына қарай көрнекілікті таңдауға болады. Көрнекіліктің түрлерін педагогиканың дидактика тарауында көрсеткен.
1. Жаратылыс көрнекілігі. Оқушыларды табиғатқа экскурсияға апару арқылы шағын әңгіме, мазмұндама, шығарма жаздыру.
2. Көлемдік көрнекілігі. Фото, суреттер, картиналар,диафильм, диапозитив, кинодан фрагмент т.б. көрсету арқылы тақырыпқа байланысты әңгіме құрастыру.
3. Дыбыстық көрнекілік. Күйтабақ, грампластинка, магнитафоннан үзінді оқып, талдату.
4.​Графикалық символдық көрнекілік. Картина, схема, таблица,диограммалар.
Қазақ тілі сабағына тақырыптың ыңғайына қарай, жоғарыда аталған қажетті көрнекілік таңдалады. Сабақ сайын көрнекілік - білімді ынталы игеруге, уақытты үнемдеуге пайдалы.
Әр сабақта шығармашылықпен көрнекілік таңдап, эстетикалық талғаммен іріктеп, жүйелі түрде қолдану мұғалімнің іскерлікпен жүргізіп отыратын күнделікті жұмысында жақсы нәтижеге жетудің ең тиімді жолы деуге болады. 
Кез-келген затты көзбен көріп, қолмен ұстап, я болмаса суретін көрсе, ол баланың есінде ұзақ сақталады. Осы көзқарасқа қытай халқының тәлімдік сөзі арқау бола алады: «Егер маған айтсаң, мен ұмытып кетемін, 
Егер маған көрсетсең, мен есіме сақтаймын, 
Ал егер менің өзіме ерік беріп, тапсырманы орындатсаң, мен өзімнің мүмкіндіктерімді толық іске асыра алар едім», - деген екен.
Осы дана сөздің айғағындай біз кез-келген лексикалық, я болмаса грамматикалық тақырыпты көрнекілік арқылы оқушыға түсіндіріп, оның өз қабілетіне ерік берсек, жұмыстың тиімді нәтижелі болуы анық. Зерттеу жүргізген ғалымдар сабақты көрнекілік арқылы түсіндіргенде 91% ұқса, тек кұрғақ сөзбен түсіндіргенде 24% ғана ұғатынына көз жеткізген.
Сол сиякты қазақ тілі сабағында қолданылатын көрнекіліктің тағы бір түрі - дидактикалық кеспе қағаздар. Дидактикалық кеспе кағаздар неғұрлым әдемі, эстетикалық талғамға сай жасалса, соғұрлым оқушылардың қызығушылығын жақсы арттырады. Ондай кеспе кағаздарды өткен сабақты қайталауға, бекітуге қолдануға болады.
​Көрнекіліктің басқа бір түрі суреттерді пайдалану (жеке кеспе суреттер, сюжетті суреттер). Мұндай әдіс жақсы нәтижелер береді, оқушылардың тілін дамытуда да өте тиімді. Негізінде еске сақтау қабілетін дамытатын көрнекіліктерді жеңілден қиынға қарай өзгертіп қолдануға болады.
Тіл пәнінің алға қойған мақсатын орындау үшін пән мұғалімі үнемі ізденісте болып, шығармашылықпен еңбек етсе, өз жемісін береді деп сенуге болады. 
Көрнекілік — оқытуда заттар мен құбылыстардың өзіне тән жаратылыс бітімін, сыр-сипаттарын сезім мүшелері арқылы көзбен көріп, қолмен ұстап, құлақпен естіп қабылдауға баулитын дидактикалық үрдіс. Көрнекілік мұғалімнің шығармашылық ізденісі мен әдістеме жаңалықтарына сергек қарап, сабақ барысында шебер пайдалана білуді талап етеді. Көрнекіліктерді пайдалануға қазақтың ұлы педагогы Ы.Алтынсарин де зор көңіл бөлген. "Қазақ жастары ғылым, өнерді кітап сөзі деп қарамай, заттай көзімен көріп ажырата білулері керек" деп тұжырымдайды ағартушы ұстаз [3,387].
Сан алуан көрнекіліктер түрлері педагогика ғылымында жүйеленіп, топ-тастырылған: нақтылы, табиғи көрнекіліктер, символиқалық, графикалық, салыстырмалы көрнекіліктер.
Қазақ тілі сабақтарында көрнекі құралдарды пайдалану грамматикалық ұғымдарды немесе ережелерді түсінуге көмектесіп қана қоймай, сондай-ақ оқушылардың пікір алысуьша да мүмкіндік туғызады. Көрнекі құрал мұғалімнің сабақта еткен материалдарды қайталау, жаңа материалдарды тусіндіру, бекіту мақсаттарында қолданылуы мүмкін. Сондықтан да көрнекілікті белгілі бір мақсат қоя отырып пайдалану қажет.
Қазақ тілі сабағында жиі қолданылатын көрнекілік – кесте. Ол не схема, бұрын таныс емес грамматикалық материалды нақты түсіндіруге, сөйлем құрылысыи меңгеруге өте ыңғайлы.
Қазақ тіліндегі кестелер мазмұнына қарай: лексикалық, морфологиялық, фонетикалык, орфографиялық және синтаксистік, пунктуациялық болып бөлінеді. Ал қолданылуы жағынан - салыстырмалы, сөзді көрсету, анықтау, түрі жағынан (формасы) жылжымалы болып бөлінеді. Лексикалық кестелер сөздің мағынасын түсіндіруге, оқушының сөздік қорын дамытуға, лексикадан ауызша және жазбаша жаттығу жұмыстарын жүргізу үшін қолданылады. Лексикалық кестелер мазмұны жағынан әр түрлі болады. Өрнектелуі және жасалуы жағынан кейде сөздің тізімі болуы да мүмкін. Мысалы, сөз және оның мағынасы, сөздің тура және ауыспалы мағынасы, омонимдер, синонимдер, антонимдер, қазақ тілінің сөз байлығы туралы, басқа тілден енген сөздер, көнерген сөздер (архаизмдер) мен жаңа сөздер (неологизмдер), жалпылама қолданылатын сөздер мен терминдерге, диалект сездер мен кәсіби сөздерге, тұрақты сөз тіркестеріне, мақалдар мен мәтелдерге, сөздіктермен олардың түрлеріне байланысты мұғалімдер мен әдіскерлердің жасаған кестелері бар.
Осындай мақсатта жасалған кестелер оқушылардың сөздік қорын молайтумен бірге, грамматикадан, орфоэпиядан, орфографиядан тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Фонетикалық және орфографиялық кестелер жазылуы және айтылуы қиын сөздерді меңгерту үшін қолданылады. Әсіресе фонетика тарауын өткен кезде дыбыстар жүйесін саналы меңгерту көптеген ұйымдастыру және шығармашылық жұмыстарды қажет етеді. Мысалы, фонетиканы оқытуға байланысты жасалған мына кестеге көңіл аударып көрелік:
Техникалық құралдар – оқушылардың бiлiм, дағды, iскерлiктi игеру әрекетiндегi ақыл-ой жұмысын басқаруға мүмкiндiк беретiн құрал-жабдықтар. Сонымен қатар, техникалық құралдар оқушылардың танымдық белсендiлiгiн аттырады, орфографиялық, лексика-грамматикалық дағдыларды қалыптастыруда өз бетiнше тiлдi тереңiрек меңгеруге ықпал етедi. Оқушыларға бiлiм беру үшiн, өтiлген сабақтан әсер қалдыру үшiн техникалық құралдарды пайдалану керектiгiн күнделiктi тәжiрибе көрсетiп отыр.
Қорыта айтқанда, көрнекілік оқу құралдарын сабақта қолданудың негiзгi ортақ мақсаты – оқушылардың тiлдi меңгеру, үйрену дағдысын қалыптастырып, бiлiмiн тереңдетуге көмек көрсету.
1.3 Қазақ тілін көрнекі құралдар арқылы оқытудың педагогика-психологиялық негіздері
Ортағасырлық ғұлама ғалым Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының (1388-1483) жан туралы пайымдаулары ерекше назар аудартады. Оның басты еңбегі «Шипагерлік баянда» көптеген психологиялық ұғымдар (түйсік ойлау, сөйлеу, қиял, дағды т.б.) туралы қызықты мағлұматтар бар. Ол өзінен бұрын өмір сүрген ұлы ғұламалардың (әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни т.б.) жан туралы түсініктеріне сүйене келіп, бүткіл тіршіліктің басқарушы, реттеушісі жүрек дейді. Сөйте тұра жан құбылыстарын басқаруда мидың атқаратын рөлін де жоққа шығармайды. Оның адам есіне, ойлауына байланысты айтқандары ғылыми тұрғыдан дәйекті де нанымды. 
​Ғұлама есті- көрген, естіген нәрсені жадта сақтау үшін аса қажет дейді. Адам тез аңғарғыш, байқағыш және есте қалдырғыш болуы тиіс («…тез, шапшаң, жеткілікті аңғарып, ойға қонымды, көңілге толымды, өте нанымды, бүге- шүгесіне дейін ойда сақтау»). Автор есті даиыту үшін көптеген тау- тас, жер-су және жан- жануарлардың аттарын жаттап алудың қажеттілігіне үлкен мән береді. Адамның есте сақтау қабілетінің ойдағыдай дамуына негіз болатын қасиетінің бірі- зерделілік пен зейінділік. Оның пікірінше, саналы іс-әрекет зейінсіз іске аспайды. Осы еңбекке зейін көбінесе «мәнділік аңғарым» деген ұғым мағнасында беріліп, оның адамның мақсатты қызығуына байланысты қалыптасатыны біраз сөз болды. 
​Шәкәрім ХХ ғасырдың басындағы қазақтың қоғамдық- әлеуметтік, мәдени- әдеби өміріне белсене араласып, туған халқына ізгілік пен имандылық, ғылыми ағартушылық идеяны тарату жолында ұлы Абайдың ұлттық нақышқа толы пәлсапалық- психологиялық дәстүрін әрмен қарай жалғастырып, халқына мол мәдени мұра қалдырған ғұлама. Шәкәрім көптеген жан сыры туралы (көбісі өлеңмен жазылған) шығармалардың авторы. Ал, ән мен күй, музыка саласында жазған еңбектерінің өзі бір төбе. Шәкәрім шығармаларында адамның жан мен тән, адам психологиясы туралы айтылған сындарлы ғылыми ой- пікірлер көптеп кездеседі. Мәселен, ақынның психологияға байланысты көзқарасын «Анық пен танық», «Қазақ айнасы»,«Мұсылмандық шарты» т.б. шығармаларынан кездестіреміз. Бұларда ғұлама адамдарға сыртқы дүниенің, қоршаған табиғаттың жұмбақ сырын ұқ, танып-біл, оның өлшеусіз байлығын мұратыңа, қасиетіңе жарат, бұл үшін Алла тағала адамға ми берді, білу, нану, ұғыну, тану- бәрі ақыл ісі, олар мидан шығады деп тұжырым жасайды. 
Тән сезіп, құлақ естіп, көзбен көрмек,
Мұрын иіс, тіл дәмнен хабар бермек.
Бесеуінен мидағы ой хабар айтып, 
Жақсы - жаман әр істі сол тексермек.
​Шәкәрім адам жанының әр түрлі жағдайда көрінетінін айтады. Өзінше бұлардан орысша- қазақша термин жасағысы келеді. « …Инстинкт- сезімді жан, сознание- аңғарлық жан, мысль- ойлайтын жан, ум- ақылды жан» дегендей әртүрлі қасиеттерді тізбектейді. Дене әр түрге түскен сияқты жан да өсіп, өніп, жоғарлайды…толық терең ақыл адамнан шығады… 
Совесть (ұждан)- жанның тірегі… ми, жұлын - жанның тұрағы, ол бұзылса, электрия сияқты жан да кетеді, дейді.
ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде педагогика, психология саласында өздерінің сонны да сындарлы пікірлерімен көрінген қазақ ғұламаларының ішінде М.Ж. Көпеев ерекше орын алады.
​Дін оқуынан мейлінше сусындап, кейіннен белгілі фольклоршы- публицист атанған шежіреші ақын М Ж. Көпеев Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде – ақ әр түрлі тақырыпта бірнеше кітап жазып шығарған. 
​М Ж.Көпеев айналадағы дүниені танып білу үшін көз бен құлақтың зор маңыз алатынына тоқталады. Көз мимен жалғасып жатады. Ол миға сыртқы дүниедегі әртүрлі нәрселерден ақпарат әкелуші дәнекер ролін атқарады. Таным келесі бір түрлі адамның бір көрген нәрсесін қайта жаңғырту қабілеті. Көпеевтің тілімен айтсақ, бұл сытртан келген нәрсенің бәрін жазып отыратын хатшы істетпес ақпарат. Танымның үшінші түрі – ақпараттың дұрыс- бұрыстығын тексеріп, бақылаушы мидың әрекеті. Мұның төртінші түрі- кісінің көрген -білгеніне қоса көрмегенін де тануға жәрдем беретін ішкі танымның, яғни қиялдың мазмұнымен үйлесіп келеді. Қиял неғұрлым ұшқы р да, аумақты болса – таным солғұрлым тереңдей түспек. 
Қиялда елестетудің мәні зор. …Адам танымы бес бастаудан нәр алатын асау өзен істетпес. Оның бірі – көру, екіншісі- есту, үшіншісі- түйсіну, төртіншісі- иіс сезу, бесіншісі- дәм. Сезім органдарына тек тап- таза бейнелер ғана келіп түспейді , сонымен бірге бұған ескі-құсқысы аралас , тіпті лас нәрселер де келеді. Ойлау оларды сұрыптай отыра жарамдыларын ғана қабылдап, жарамсыздығын шығарып тастайды… Тіл – ой маржаны, ойсыз тіл жоқ… Арман - сөздің қаймағы, нәр тұзы. Қиял- өмірдің гүлі, әдеміліктің мәйегі. Қиялсыз адам – дәрменсіз.
​Қазақ ғылымы мен мәдениетінің аса көрнекті өкілі, әмбебап ғалым, қоғам қайраткері А.Байтұрсынов оқу-ағарту, тәлім- тәрбие саласында артына аса бай мұры қалдырады. Ол психология ғылымы саласында да өзіндік қолтанбасымен дараланады.
Ушинский оқытудағы көрнекілік принціпінің көптеген мәселелерінде жаңаша талдау жасаған, бұл принціпті жаңа сатыға көтерген. Оқытудағы көрнекілік – Ушинскийдің дәлелдеуінше, оқуды жалпы ұғымдарға емес, нақты факторлаға, нақты образдарға негіздеу. Көрнекілік әдісімен оқу- оқушыларды өз бетінше байқауға, үйретуге негізделеді. 
К.Д. Ушинский көрнекілік мәселесіндегі оқытудың көрнекілігі мен жолдарын тұңғыш рет анықтады. Бастауыш мектептегі көрнекіліктің әдістемесін жасады. 
Ушинскийдің ескеруінше бала табиғатты үнемі көрнекілікті талап етіп отырады. Сондықтан, көрнекі құралмен оқытуды баланың ерте жасынан бастау керек - деген. Ушинский көрнекіліктің бастапқы оқуда көбінесе сөзбен байланысты болуын талап етті, себебі сол арқылы баланың ойлай білуді де, тілі де дамиды. 
Ушинский оқыту жұмысын ұйымдастырудың негізгі жолы кластағы сабақ жүйесі деп білді және осы жүйе үшін күресті. Ушинский еңбектерінде ретті, дұрыс ұйымдастырылған жақсы сабақтың негізгі белгілері анықталады. Олар: сабақтың негізгі мазмұны мен деректерін білдіріп отыру, бұрынғы тиянақты менгерілген білімдерге іштей байланысты түрде жаңа ойларды, ұғымдармен деректерді ендіру, білімдердің байланыстарын ескеру, оқушылардың саббаққа деген ынтасы мен белсенділігін арттыру, өтіліп жатқан тақырыпты оқушылардың терең меңгеруін ойластыру, саналы тәртіп пен реттіліктің болуы т.б. К.Д. Ушинский оқу процесін сапалы ұйымдастырудың басты шарты әдістемелік шеберлікте, ал әдістемелік шеберлік әртүрлі оқыту әдістеріне байланысты деп есептеді. Ол мынадай негізгі оқыту әдістерін ұсынды: 
Түсіндіріп оқыту. Оқытушының әңгімесі, бақылай әңгімелесе\у, әр түрлі жаттығулар (ауызша, графикалық, жазбаша).
Әр бір сабақтың сапалы болуы – мұғалімнің бүкіл сынып бойынша жұмыс істей білуінде, әрбір оқушының зейінін сабаққа жұмылдыра білу шеберлігінде»- деді Ушинский. Бұл туралы ол былай дейді - «Өз сабағына барлық оқушыларды тарта білуі мұғалңм ісінің көрнекілігі». 
Мектептерде қазақ тілін көрнекілік арқылы оқыту оқушылардың оқуға деген ынта-жігерін қалыптастырып, тілге деген қызығушылығын арттырады. Бұл көрнекілік мектептер, лицей-гимназияларда, жоғарғы оқу орындарында қолданылып, бағдарламалық материалдарды жақсы меңгеруіне ықпал етеді.
Соңғы жылдары психология-педагогикалық зерттеу жұмыстарының нәтижелеріне шолу жасағанымызда, көрнекілік құралдарыды қазіргі уақытта тәжірибелі педагогтар мен әдістемешілер қазақ тілін оқыту барысында техникалық құралдарды, атап айтқанда, проекциялық дыбысты жазып алатын аппараттарды, диафильм, видеофильм, теледидарды пайдалану сабақты жандандыратын, оқушыларды сол пәнге қызығушылығын арттыратындығын, өздігінен ізденуі мен шығармашылық бағытта ізденістер жасауына мүмкіншіліктер жасайтындығындәлелдеп отыр. Техникалық, көрнекілік құралдарды пайдаланып өткізілген сабақта оқушылар жалықпайды, жаңа оқу материалын қабылдауда олардың әр түрлі сезім мүшелері (көру, есту т.б.) қатысады, оқуға қызығушылығы артып, түсіндірілген материалды тез қабылдауына мүмкіндік туады. Әрине, техникалық құралдар мұғалімнің рөлін ешуақытта да атқара алмайды. Себебі, мұғалім оқушы үшін білімнің көзі, оқу процесінің жетекшісі ғана емес, ол – оқушының еліктейтін үлгісі де. Мұғалім сабақ үстінде жаңа материалды түсіндіру барысында оқушылардың көз алдында өзінің ойлану-толғануы арқылы оларды қажетті дағдыларға үйретумен қатар, логикалық ойға ғылым мен техниканың мәселелерін шығармашылықпен, зерттеу әдісімен шешіп үйренуге баулиды. сондықтан техникалық құралдар мұғалімге тек көмекшілік қызметін ғана атқара алады, оны бірсыпыра жұмыстардан босатады.
Сонымен мектептегі оқу-тәрбие жұмысында көрнекілік, техникалық құралдарды пайдалану бағдарламалық материалды оқыту әдісіне ықпал жасаумен қатар, оқу ісінің басқа да жақтарының жақсаруына жәрдемін тигізеді.
Нақтылы көрнекі материалды саналы түрде меңгеру үшін қабылданатын зат пен құбылысты дұрыс байқау, талдау жасауға бағыт, дағды беріледі, яғни оқушы көрген нәрсесін дұрыс байқай отырып, ең бастысы қайсысы екенін ажыратуға, оның артықшылығын байқауға, заңдылықтарды анықтап, одан қорытынды шығаруға үйрететіндей мақсат қойылады. Демек, орыстың әйгілі педагогы К.Д. Ушинский көрнекіліктің мәнін психологиялық жағынан терең зерттеген: «Бұл дерексіз түйсіктер мен сөздерге емес, балалар тікелей қабылдайтын нақты бейнеге құрылған ілім нақтыдан дерексіз, түйсінуден ойлауға қарай оқыту соншалық табиғи және айқын психикалық заңдылыққа негізделеді»деді. Олай болса, көрнекілікті пайдалану оқушыны байқағыштыққа, оймен топшылауға жаттықтырып, одан логикалық қорытындылар шығаруға тәрбиелейді. Сөйтіп, сабақ көрнекілігі, жалпы көрнекіліктің ғылыми негізі И.П. Павловтың жоғары дәрежелі жүйке қызметі туралы іліміне негізделген психологияда түбегейлі зерттеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет