I . Тіл сабағында көрнекі құралдарды пайдалану әдістемесінің ғылыми-теориялық негіздері 1.1 Тіл сабағында көрнекі құралдарды пайдалану әдістемесінің зерттелуі.
Қазақстан педагогика тарихы, сондай-ақ қазақ тілі мәселелері Ы.Алтынсарин есімімен байланысты. Ол мектептегі оқу процесінің ғылыми негізінде құрылуын, халықтың жаппай білім алуын, халқымыздың мәдениетінің ілгері дамуын аңсады.
Тіл мамандары кеңес үкіметі тұсындағы ең алғашқы зерттеулерді мектепке керекті оқулықтармен оқу құралдарын жасаудан бастады. 20-30 жылдарда тіл мамандары тек алфавит, орфография, пунктуация, ана тілі оқулықтары, грамматикалар, сөздіктер және басқа құралдар жасаудың айналасында еңбек етті. 1935 жылға дейін қазақ тілі оқыту әдістемесіне арналған мақалалар ғана жарық көрді. Олар «Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту әдісі» атты жинақ.
Қазақ тіліндегі тыныс белгілерін оқыту әдістемесін жан-жақты зерттеген – Ш.Әуелбаев. Ш.Әуелбаев «Қазақ тілі синтаксисі мен пунктуациясын оқытуға арналған құрылымдық схемалар» атты еңбегі жарық көрді. 1965 жылдан бастап қазақ тілін оқыту әдістемесінің даму тарихына үлес қосушылардың бірі – Б.Кәтенбаева. Оның «Грамматикалық кестелер» және т.б. еңбектері жарық көрді. Көрнекілік әдісі - оқушылардың тілін дамыту, қисынды ойлау қабілетін жетілдіру, өткен материалдарды қайталап, бекіту үшін маңызды әдістердің бірі. Оқушылардың материалдарды саналы түрде меңгеріп, есінде берік сақтауын қамтамасыз ететін көрнекіліктің мәні өте зор. К.Д.Ушинский көрнекілік жайлы: «Бірнеше сезім мүшелері қатысуы арқылы жаңа ұғым адам санасына тез қонады және берік сақталады»[1,372], - деп оныңұтымды әдіс екенін естен шығармауды ескертеді. Көрнекілік оқушының белсенділігін арттырып, жан-жақты сөйлеп үйренуге бағыт береді. Оқыту үрдісінде көрнекілік принципін жүзеге асыру - қазақ тілі сабағына қойылатын басты талаптардың бірі. Тиісті затты көзбен көру, қолмен ұстау немесе суретін көрсету арқылы жүргізілетін сабақ есте жақсы сақталады. Сабақты құрғақ сөзбен түсіндіргеннен гөрі, көрнекі құралдарды пайдаланып түсіндіру тиімділігін мұғалім әрқашан есте ұстауы қажет.
Демек қазақ тілінің әрбір сабағын көрнекі құралдарды пайдалана отырып өткізген жөн. Олардың түрі, көлемі, мөлшері әр сабақ тақырыбына байланысты алынады. Кей жағдайларда оқулықтың өзіндегі материалдарды үлкейтіп пайдалануға да болады. Ал енді осы көрнекілік құралдармен өткізілетін сабақтардың тиімділігіне көз жүгіртейік:
1. Оқушының таным қабілеттерінің барлығы (елестету, ойлау, жады, қабылдауы, зейіні) қатысады.
2. Оқушының таным қажеттіліктерін қанағаттандырады (Тілдік карым-қатынас, шығармашылық, өзін-өзі өзектілендіру, өзін-өзі бекіту, т.б.).
3. Оқушының белсенді сөздік қорын дамытады, оқуға, білімге деген қызығушылықтарын қалыптастырады.
4. Оқушы жаңа сабақты, материалды оңайқабылдап, тез меңгереді.
5. Сыныпта басы артық шу, әңгіме болмайды, материалдарды түсіндіруде мұғалім көп қиналмайды.
6. Көрнекілік пайдалану жеке сөздерден сөз тіркесін, сөз тіркесінен сөйлемге әрі сұрақ-жауап жасап, қарым-қатынас жасауға көп көмек береді.
7. Сюжетті суреттерді колдану - оқушыларды жүйелі сөйлеуге баулиды.
8. Оқушының тілін дамытып, тіл ұстартуға тиімді.
Жалпы білім беретін мектептерде қазақ тілін түрлі әдіс-тәсілдермен оқытатын ұстаздар үшін бірден-бір тиімді жол - көрнекі құралдарды пайдалана отырып, оқушыларды коммуникативтік тілдік қатынас деңгейіне жеткізу.
Оқыту үрдісінде көрнекілік принципін жүзеге асыру — мектептердегі қазақ тілі пәніне қойылатын басты талаптардың бірі. Кез келген жаңа сөзді көзбен көру, мүмкіндік болса, қолмен ұстап көру оқушының санасында берік орыналады. Оқулықта берілген материалдардан көрнекілік жасап алу өте тиімді. Олардың түрі, көлемі әр сабақ тақырыбына байланысты болмақ.
Ал көрнекіліктің бір түрі - кесте, сызбалар модульдік технологиямен жазылған оқулықтарда басты орын алады. Жыл мезгілі туралы мына сызба арқылы жүйелі таным қалыптастыруға болады.
Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда тірек- сызбаларын пайдалану оқушылардың танымдық қабілеттерін, тіл шеберлігін ұштайды.
Тірек сызбасын үздіксіз жүйелі қолданудың нәтижесінде қазақ тілінен оқушылардың білім деңгейінің жоғарылағаны байқалады.
Тірек сызбасын сабақта кеңінен пайдалану- мұғалімнің жан жақты пайдалануына, уақытты ұтымды өткізуіне әсері зор.
Уақыт талабы мұғалімнен сабақты қызықты, тартымды өткізе білуді көп шығармашылық ізденісті, білімділікті, тапқырлықты қажет етеді.Оқушылардың белсенділігін, жеке дара жұмыстануын ынталандыру, жеке көзқарастарының қалыптасуын, дамуын, оқу еңбегініңнәтижесі тиімді болуын талап етеді.
Тірек сызбасы 6-11сыныптардың бағдарламасы бойынша жасалады.Жеке-жеке тақырыптар бойынша беріледі. Тірек схема оқушылардың алған білім дағдыларын тексеруге, өтілген материалды одан әрі тануға, жаңа материалды түсіндіруге бейімделіп жасалады.Әрбір тірек схема үлгісін сыныптағы оқушыларға жететіндей молшерде көбейтуге болады, не болмасатақтаға ілініп қойылады.
Мектептегі оқыту ісі сабақ мазмұнына байланысты алуан түрлі әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдануды қажет ететіні мәлім. Соңдай әдістердің ең ұтымдыларыньң бірі — оқушылардың байқау-көру қабілеттерін дамыту үшін сабақта қолданылатын көрнекі және дидактикалық құралдарды пайдалану. Бұл негізінен мұғалімдердің ізденісіне, әдістемелік жаңалықтарды іске асыра білуіне байланысты болып келеді. Мысалы, оқушыларға көрнекі құрал ретінде заттың өзін пайдаланған тиімді. Бұл оқушылардың қабылдауына жеңіл болып, олардың сабаққа деген белсенділігін арттырады.
Оқушыларға ғылым негіздерінен алғашқы мағлұматтар берілуі, бағдарламада көрсетілген оқу материалдары бойынша пайдаланылатын көрнекіліктер оқушылардың жас ерекшеліктеріне, білім деңгейіне сәйкес болуы қажет. Сабақта оқушылар өздеріне берілетін білімді қабылдау белсенділігін арттырумен бірге, ойын да (салыстыру, талдау, жинақтау, қорытындылау, жүйелеу) жетілдіруі, яғни қабылдау мен ойлаудың себеп-салдарлық байланысы қатар дамиды. Сондықтан негізгі мақсат — оқушыларға бағдарламалық оқу материалдарын сапалы, жүйелі меңгерте отырып оларды ғылыми негіздерімен қаруландыру. Соңдай-ақ оқушылардың қоғамдық өмір жөніндегі ғылыми көзқарасын қалыптастырудың, өздігінен еңбек ете білуге үйретудің, алған білімін тәжірибемен ұштастыра білу дағдыларын жетілдірудің, пәнаралық байланыс жүйесін сақтаудың мәні өте зор. Мәселен, оқу материалының тақырыбына сәйкес мұғалімнің көмегімен оқушылардың өздері дайындаған көрнекі құралдарды сабақ үстіңде пайдалануы олардың танымдық қабілетін арттыратынына дәлелдеудің қажеті жоқ. Бұл бағьтта, әсіресе, қазақ тілі сабағы үлкен рөл атқарады.