I. Түсіндірме беретін жазба



бет6/7
Дата25.12.2016
өлшемі1,31 Mb.
#4350
1   2   3   4   5   6   7

Тест сұрақтары:
1. АҚШ-та «Тәуелсіздік деклорациясы» қай жылы қабылданған?

А) 1776 ж.

Ә) 1778 ж.

Б) 1777 ж.

В) 1779 ж.

Г) 1775 ж.

2. 1776 жылы «Тәуелсіздік деклорациясы» қай елде қабылданды?

А) АҚШ


Ә) Франция

Б) Англия

В) Қазақстан

Г) Гермения

3. Конституциялардың алғашқылары қашан қабылданды?

А) 1787ж. АҚШ

Ә) 1778 ж. Англия

Б) 1689 ж. Германия

В) 1554 ж. Ватикан

Г) 1789 ж. АҚШ

4. 1791 ж. Қай елдерде конституция қабылданды ?

А) Франция Польшада

Ә) АҚШ пен Францияда

Б) Англия мен АҚШ-та

В) Англия мен Францияда

Г) Польша мен Англияда

5. Шетелдердің конституциялық құқығы –

A) құқықтық саласымен

Ә)конституциялық саласы

Б)қ азаматтық саласымен

В)шет ел қ саласымен

Г)жауабы жоқ болады.

6 Конституциясы ең алғаш қабылданған елдерге жататындар:

A) АҚШ, Франция

Ә) үндістан, Австралия

Б) Египет, Израиль

В) Европа елдерінде

Г) барлық жауап дұрыс

7. АҚШ Конституциясы қай жылы қабылданды?

А) 1787ж.

Ә) 1789ж.

Б) 1791ж.

В) 1814ж.

Г) 1993ж.

8. Екніші дүниежүзілік соғыс алдында қабылданған елдер;

A) жауабы жоқ

Ә) Австралия

Б) Мексика

В) Ливанда

Г) Ирландия

9.Өкілдік құру қай мемлекеттердің конституциясы қаьылданған?

A) АҚШ, Франция

Ә) АҚШ, Германия

Б) Франция, Япония

В) Түркіменстанда

Г) еш жауабы жоқ

10.АҚШ-та конституциялық қадағалауды қандай орган жүзеге асырады?

A) АҚШ жоғары соты

Ә) халық конгреттер

Б) Өкілдік палаталары

В) АҚШ Ұ.Қ Комитеті

Г) барлық жауап дұрыс



13-тақырып. Ұлыбританияның конституциялық құқығының негіздері
Тест сұрақтары:
1. Жазылмаған конституциялар қай мемлекеттерде бар?

A) Ұлыбритания

Ә) Швейцария

Б) Шығыс Европа

В) Орта Азия елі

Г) АҚШ елімен

2. Либералды партияларға жатпайтындар:

A)Францияның саяси партиясы

Ә) Германияның еркін партиясы

Б) Ұлыбританияның партиясы

В) Швецияның орталық партиясы

Г) Италияның либералды партиясы

3. Қай унитарлық мемлекете екі палаталы мемлекетр бар?

A) Ұлыбритания, Нидерландия

Ә)АҚШ,ФРГ,Ресей,Канадада

Б) Мексика, Мехико, Бразилия

В) Ресей, ГДР Жапонияда

Г) Дұрыс жауаптары жоқ

4. Ұлыбритания лордтар палатасына кім төраѓалық етеді?

A) Үкіметі

Ә) Пэрлер

Б) регенттер

В) президент

Г) Сенаттар

5. Үндістанның штат саны -

A) 25


Ә) 50

Б) 49


В) 43

Г) 28


6. Ұлыбританияның кабинет құрамын «құрайтындар»

A) аталғандар барлығы

Ә) премъер – министр

Б) көп қазына канцлер

В) министр хатшылар

Г) лорд – канцлерлері

7. Президенттік үкіметтердің қандай мерзімге тағайындалады?

A) өкілеттік мерзімімен бірдей мерзімге

Ә) президент өкілеттігі мерзіміне

Б) 7 жылға дейінгі қысқа мерзімге

В) 5жылға дейінгі ұзақ мерзімге

Г) ешқашан дұрыс жауап жоқ

8.Ұлыбританияда көмекші үкіметтік аппарттық қандай топтарға бөлінеді?

A) уақытша комитеттер

Ә)қосымша комитеттер

Б) саяси топтарменен

В) ұлттық және қоғамдық

Г) жалпы және қоғамдық

9.Конституциялық бақылау Жоғарғы Соттың құзіретіне кіреді

А) орталықтандырылған

Ә) алдын ала бақылау

Б) формалды бақылау

В) материалды бақылау

Г) американдық бақылау

10. Жалпы юрисдикцалық бақылаудың қандай түріне жатады

А) орталықтандырылмаған

Ә) формалды бақылау

Б) кейіннен бақылау

В) орталықтандырылған

Г) еуропалық бақылау



14-тақырып. Әкімшілік-аумақтық құрылымдар және жергілікті жерлердегі билікті ұйымдастыру.


  1. Шет мемлекеттердің әкімшілік-аумақтық бөліністері мен құрылымдарын оқып-тану.

2. Жергілікті жерлердегі билікті ұйымдастыру тәртіптерімен танысу
Біздің ойымызша жергілікті басқару шетелдердін, құқыктық институттары ішіндегі, біз қарастырып отырған конституциялық құқықтар жүйесіндегі, ең күрделісі болып табылады. Сондықтан да әр түрлі елдердің конституциялық институттарының негізгі анықтамаларын, мейлі ол құқық саласы не оқу пәні болғанына қарамастан, белгілі бір құқық жүйесі ретінде қарастыруға болатын болса, ал жергілікті өзін-өзі басқаруды белгілі бір құкықтық институтқателу киынның-қиыны. Өйткені, жергілікті басқару әр алуан субъектілер (мысалы, жергілікті өкілетгі және атқарушы органдардың занды қүрылымдары, сол секілді жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қүрылымдары) тарапынан жүзеге асырылады. Біз жергілікті өкілетті және атқарушы органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын біртұтас деп карағанның езінде, жергілікті басқару бір жағынан мемле-кеттік органдар, екінші жағынан жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырылатынына куәміз. Сонда бүл екі орган арасына қандай шек қоюға болады?Әрине, конституциялық құқық саласын ғылым ретінде де, оқу пәні ретінде де қарай отырып, төмендегідей тұжырымдарға келуімізге болады:

өкілетті мемлекеттік органдар арқылы жергілікті маңызға ие істерді басқару деп біз белгілі бір әкімшілік-аумақтық бірліктегі түрғындарды жергілікті мемлекеттік басқаруды айта-мыз.

жергілікті өзін-өзі баскзру деп, өздеріне тән аумақта мемлекеттік өкімет міндетіне кірмейтін, жергілікті маңызға ие мәселелерді занда көрсетілгендей сайлау тәртібімен өз өкілдіктерін пайдалана отырып жүзеге асырушы органды айтады (әрине, жергілікті мәселелерді шешуде мемлекетгік органдар тарапынан жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жәрдем көрсетілетінін естен шығармауымыз керек).

Дегенмен, бүл жергілікті басқару институттары белсенді жұмыс істеулері үшін төмендегі ең қажетті өкілеттіктерге ие болулары керек:

-ресми түрде тұрғындардың накты әкімшілік-аумақтық бірлігі (аумағы) болуы;

-жергілікті маңыздағы істерді белгілі бір әкімшілік-аумақтық бірлік (аумак) шеңберінде өзі басқаруы;

-өзінің жеке атқарушы аппараты болуы;

-өзінің жеке материалдық базасы (соның ішінде муниципальдық меншік түрінде) болуы;

-жергілікті салыктарды белгілеп әрі оны жинауы, сондай-ақ белгіленген тәртіпте нормативтік актілер шығаруы.Міне, осы айтылғандарға сүйене отырып, жергілікті (немесе муниципальдық) басқарудың шетелдердегі аныктамасын былай-ша айтуға әбден болады. Бүл жергілікті маңызға ие істерді бас-қаруды сайлау жолымен не болмаса занда бекітілген басқадай тәртіппен құрылған органдар аркылы басқару болып табылады. Ол - өзіне тиісті әкімшілік-аумактық бірлік тұрғындарының окілетгі өкілі.Ескерту. Шетелдердің бірқатарыңда жергілікті басқару мемлекеттік басқарудың ең маңызды бір бөлшегі болып есептеледі. Мысалы, АҚШ-та муниципалъдық қызметте мемлекеттік қызметтің жалдамалы қызметкерлерінің жалпы санының 50 процентке таяуы бар. Ал, ФРГ-да мемлекеттік қызметкерлердіғ 30 проценттейі жергілікті басқару органдарьгада жұмыс істейді.Оның үстіне, жергілікті басқарудаіы сайланбалы органдар көптеген мемлекеттердің (мысалы, Ресей, Индия, Түрікменстан, Испания, Жапония) өкілдік жүйесінін негізгі құрамдас белігі бо­лып саналады.Жергілікті басқаруды конституциялық құқық шеңберіндегі оқулық пәні ретінде ғана қарап әңгімеледік әрі олардың көзге көрініп түрған жактарына әсіресе жергілікті мемлекеттік баскару мен өзін-өзі баскдрудың айырмашылыктарына назар аудардық.Ашығын айтсақ, мемлекеттік әкімшілік-аумактық құрылымы мемлекеттің өзінің белсенді қызметін қамтамасыз ету қажетгілігінен туындайтыны құпия да, жаңалық та емес. Унитарлық мемлекеттерде әкімшілік-аумақтық құрылым мәселелері, сөз жоқ, тек белгілі бір едцің жоғарғы мемлекеттік органдары құзырында болса, ал федеративтік елдерде - олардың субъектілері құзырында болады.Кез келген елдердің әкімшілік-аумактық құрылымына көз жүгірткенде накты жайларды көруге болады. Мысалы, Фран­ция аумағы 95 департаментке бөлінеді, Италия - 20 облыстан, Жапония - 47 префектурадан (олардағы тұрғындар саны 500 мьщнан 12 млн. дейін) тұрады. Әрине, бұл айтылған елдердің бәрінде де өте майда әкімшілік-аумақтық бірліктер де бар. "Өзбекстан Республикасы делінген бұл едцің Конституция-сының 68-бабында,-облыстардан, -аудандардан, поселкалардан, кыстактардан, ауылдардан және сондай-ақ Қарақалпақстан Рес-публикасынан тұрады". Қарақалпақстан Республикасының, облыстарының, қалаларының, аудаңдарының шекараларын тек Өзбекстан Республикасы Президенті Өзбекстан Республикасы Ұлы Мәжілісі келісімімен ғана өзгерте алады.Ал, Армения Республикасында әкімшілік-аумактық бірліктер болып облыстар және қауымдастықтар (қала, қыстақ) табылады.Молдова Республикасының Конституциясына сәйкес бұл елдің аумағы әкімшілік тұрғыдан аудан, қала және қыстактарға бөлінеді. Занда көрсетілгендей кейбір қалалар муниципия деп танылуы мүмкін. Көпшілікті басқару өкіметін қыстактар мен қалалардағы сайланбалы жергілікті кеңестер мен примарлардан тұратын жергілікті автономия жүзеге асырады.

Заңға сәйкес жергілікті кенестер мен примарлар жеке басқарушы екімет ретінде әрекет етіп, қыстақтар мен қалалардағы қоғамдық істерді шешеді.Шетелдердегі жергілікті басқару органдарының міндеттері заң тәртібімен (мысалы, АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Болгария, Молдова Республикасы, Литва, Түркия, Түрікменстан және т.б. бірқатар елдерде) шешіледі. Сондыктан бірқатар шетел мемлекеттері зандары жергілікті басқару органдары өкілеттігін міндетті және міндетті емес деп те бөлетінін айта кеткеніміз жөн. Мұндағы бірінші топка жататын мәселелер көбіне, жалпы мемлекеттік маңызға ие болады, ал міндетті емес топка жергілікті басқару органдарының өз караулары бойынша жүзеге асырылатын мәселелерге өкілеттіктері айтылады.

Шетелдердің зандары жергілікті басқару органдарының негізгі қаржылық қайнар көздерін де анықтап береді. Олар не-гізінен өз табыстарынан, елдің мемлекеттік бюджетінен берілетін дотациядан және түрғындардан алынатын әр түрлі салықтар мен жинаулардан тұрады. Табыстың негізгі бөлігін қозгалмайтын мүлікке салынатын салықтар қүрайтынын ескерте кетеміз.Жергілікті басқару органдарына үкімет тарапынан берілетін субсидия тәжірибеде өте кең тарап отыр. Көп елдерде мұндай жәрдемнің көлемі муниципалитеттің барлықтабыстарының 15-тен 60 процентке дейінгі мөлшерін қамтиды.

Көптеген шетелдерде жергілікті басқару сайлау органдары мен атқарушы аппараттар аркылы жүзеге асырылады. Әдетте, жергілікті басқару органдарын (ЖБО) сайлау реттері заңмен белгіленеді. Әрине, мүндай жағдайда әрбір елде кандидаттарды ұсыну мен оларды сайлаудың өзіне тән ерекшеліктері болады.Мысалы, АҚШ-та муниципальдык кеңеске сайлау өткізуде бірмандатты және көпмандатты округтер қүрылады. Ал, Ұлыбританияда графтар кеңесі мүшелері бірмандатты сайлау округтері бойынша сайланады. Францияда департаменттердің бас кеңестері екі турда өтетін мажоритарлық жүйе бойынша сайлана­ды. Ал, енді, айталық, Италияда жергілікті басқару органдарының сайланатын мүшелеріне сайлаушылар міндеттер жүктей алмайды.



Муниципальдықкеңестер әр түрлі мерзімге сайланады. Мы­салы, Ұлыбританияда - төрт жылға, Францияда - алты жылға, Италияда - бес жылға, Жапонияда - төрт жылға, т.с.с. сайла­нады. Беларусь Республикасында жергілікті кеңес депутаттары төрт жыл мерзімге сайланады.Муниципальдык кеңестер саны жағынан да эр түрлі. Мыса­лы, АҚШ-та-5-тен 50-ге дейін, Францияда-9-дан 165-ке дейін, Италияда- 15-тен 80-ге дейін, Жапонияда - 12-ден 120-ғадейін, Ұлыбританияда - 70 адам шамасында.Муниципальдык кеңестердің негізгі жұмыс түрі отырыс бо­лып табылады. Бұл отырыстар сессиялық тәртіппен откізіледі. Мысалы, Франция мен Жапонияда бүл сессиялар жылына 4 рет-тен кем өткізілмесе, АҚШ-та айына 1-ден 4 ретке дейін өткізіледі.

Бұл арада біз (ЖБО) жергілікті басқару оргаңцары басшыларына кең екілдік берілетінін айта кеткеніміз жен. Мысалы, Жапонияда губернатор (префектурада), мэр (қауымдастыкта) мол билікке ие болып әрі ел үкіметінің өкілі ретінде саналады. Губернаторлар мен мэрлер тұрғындар тарапынан төрт жылға сай-ланып, олар муниципальдық аппараттардың басшы шенеуніктерін өздері тағайындап, өздері орнынан алады.Молдова Республикасында аудандық кеңес ауылдық және қалалық кеңестердің аудандық маңызға ие қоғамдық істерін бас-кдруды үйлестіреді. Жергілікті көпшілік биліктердің ара-қаты-насын автономия принциптеріне негіздеп шешеді әрі жалпы мәселелерді шешуде ынтымақгастық қарым-қатынаста болады.Түрікменстанда әкімдер жер-жерде мемлекет басшысының өкілі есебінде саналып, оларды президент қызметке тағайындап, орнынан алады әрі олар президентке есеп береді. Жергілікті езін-өзі басқару жүйесін кеңестер және аумақтық қоғамдық өзін-өзі басқару органдары құрайды. Кеңестер халықтық өкіметтің өкілетті органы болып табылады, олар азаматтар тарапынан тіке-лей бес жыл мерзімге сайланады әрі әкімшілік бағыныштылық қатынастарда болмайды.Армения Республикасы Президенті Премьер-министрдің ұсынысы бойынша облыстарға префектура қызметіне тағайын-дайды әрі қызметінен босатады. Олар үкіметтің аумактықсаяса-тын жүзеге асырады, республикалықатқарушы органдардың ау-мақтық қызметінің атқарылуын үйлестіреді әрі Армения Респуб­ликасы зандарына жергілікті өзін-өзі басқару органдары қыз-метінің сәйкес болуын қадағалайды.Өзін-өзі басқару органдары қалалар мен ауыддардағы қауымдық меншікті иелік ету, қоғам тәртібін сақтауды ұйымдастыру, қауымның өзге де өзіне тиісті мәселелерін шешу үшін үш жыл-ға сайланады: құрамында үштен он бірге дейін адамы бар және қауым басшысы старейшиндер кауымы кеңесін құрады. Қауым жетекшісі өз аппаратын түзеді.Өзбекстанда облыстар мен Ташкент қаласы әкімінің қызметіне Президент өзі тағайындап, қызметінен босатады әрі өзіне тиісті халықдепутаттары Кеңестері оны бекітеді. Ал, аудан мен қалалардың әкімдерін өзіне тиісті облыстардың әкімдері қыз-метке тағайындап, орнынан босатады әрі бұларды да езіне тиісті халық депутаттары Кеңесі бекітеді. Ал, қалалардағы аудан әкімдерін сол өзіне тиісті қала әкімі қызметке тағайындап, ор нынан босатады, халық депутаттары бекітеді. Ал, аудандық ма-ңызға ие кала әкімдерін аудан әкімі халық депутаттары Кеңесі бекітуімен қызметке тағайындап әрі қызметінен босатады.Осылайша, біз басқа елдердегі жергілікті басқару қызметінің іс-әрекеті мен ұйымдастырылу жүйесін біршама біліп алдық. Енді, нақгылы бір шетелдердің жергілікті басқару жүйелерімен тереңірек танысуымызға әбден болады.Әсіресе, АҚШ тәжірибесі оқырманға ете қызық болар деп санаймыз. Ең алдымен бұл елде 50 муниципальдық жүйе, муни-ципалитетгің алты түрі: графтық, қала, бороу, виллиджи, тауна-лар, тауншиптер бар. Муниципальдык басқару органдары штат-тарға тәуелсіз түрде, жергілікті маңызға ие барлық мәселелерді өздері шешуге құқылы. Алайда, муниципальдық баскару органдарының әрбірінде өз жарғысы немесе хартиясы болуы талап етіледі. Хартия бірнеше түрлерді камтиды. Мысалы, кейбір жағдайларда штаттық өкімет үсынған, өздері негізін салып бекіткен хартиямен жұмыс істесе, кейде муниципалитет ездері жасаған, тек заң шығарушы штат жиналысы бекітуі үшін ұсынған хартиялар да болады. Муниципалитеттер ете жиі түрде ез хартияларын өздері жасайды. Бірақ, мұндайда, бұл хартиялар жергілікті референдумда бекітілуі тиіс.

Қазіргі кезде АҚШ-та муниципалитет ішіндегі басқаруды ұйымдастырудың үш түрі кездеседі

Комиссиялық;

Кеңес-менеджер;

Муниципальдык. кеңес және мэр.

Комиссиялық. Бірнеше адамнантұратын басқарудың мұндай түріндегі муниципальдық кеңес мүшелерін түрғындар 3-5 жыл мерзімге сайлайды. Мүшелердің әрбірі екі сипатта: жергілікті норма белгілеуші органның - муниципальдық кеңестің мүшесі ретінде және муниципалитеттің негізгі департаментінің атқарушы аппараты жүйесіндегі басшысы ретінде болады.Бұл қарастырылып отырған жүйеде мэр орны белгіленбеген. Егер де мэр орны белгіленсе, онда ол тек салтанатты қызметгі ғана орындайды әрі кеңестер отырысыңда терағалық қана етеді. Шындығьша келсек, бүл жүйе тиімді деп табылмайды. Өйткені, ол ең алдымен билікті белісу принципін канағаттаңдыра алмайды.Кеңес-менеджер. Мүндай түрі баскарушы-маманды ете жоға-ры жалақымен қамтамасыз ете алатын муниципалитеттерде ғана пайдаланылады. Бұл жүйе кептеген муниципалиттерде epic алған.Муниципальдық Кеңес және мэр. Тұрғындардың муниципальдық кеңес пен мэр сайлауын жүзеге асыратын нысан муници-пальдық басқаруларда кең таралған. Мэрдің құқыктық мәрте-бесі сол өзіне тиісті муниципалитеттің хартиясымен (жарғысы-мен) белгіленеді. Мэр орнына лайыкты кандидатура табылып, ол да өз кызметінде жүктелген міндеттерді жаксы атқарар бол-са, онда басқарудың мұндай түрі жергілікті маңызға ие мәселе-лерді шешуде ете тиімді, сондай-ақ мэр лауазымы үлкен саяси аренаға (ол конгрессмен, штат губернаторы, президент аппара-тындағы мемлекеттік қызметкер, т.б.) шығуға жол ашады.АҚШ-тың мемлекеттік тәжірибесін сөз ете отырып төмендегі жағдайларды да айта кеткеніміз орынды. Федеральдық өкімет органдарының жергілікті баскдруды ұйымдастыруына қатысты бұл елдің конституциясында белгілі бір нормалар нақты көрсетілмеген. Алайда, орталықөкімет органдарының жергілікті басқаруда ресми реттеушілік құқығы айтылмағанымен, олардьщ муниципалиттерге әсер ету мүмкіндіктерін жоққа шығаруға болмайды. Ондай қатынастың негізіне экномикалық факторды жатқызуға болады. Олардың қатарында федеральдық займ; му­ниципалитет баскд да көздерден алатын федеральдық кепіддік займы; муниципалитет қызметіне жәрдем ету, т.б. атауға болады.



Тест сұрақтары:

1. Құқықтық сұрақтар бойынша ақыл- кеңестері.

А) Рескрипттер

Ә) мандаттар

Б) Эдикттер

В) Декларация

Г) Декреттер

2. Шенеуніктерге арналған императорлық нұсқаулықтар -

А) мандаттар

Ә) Рескрипттер

Б) Конституция

В) Декреттер

Г) Эдикттер

3. 1037 ж «Павий Конституциясы» кімдер реттеледі?

А) Рим империясының Корольі

Ә) Адамдар мен азаматтар арасы

Б) Адамдар арасындағы қатынас

В) Адамдар құқықтық қатынас

Г) Барлық жауаптар дұрыстар

4. 1164 ж. «Кларендиндік Конституциясы» кімдер реттеген?

А) Шіркеу мен Корольдік

Ә) Діндарлар қатынастары

Б) Шенеуніктер қатынастары

В) Қарапайым қатынастары

Г) ақсүйектер қатынастары

5. Еуропа елдерінде феодалдардың және хартияларды қандай құжат.

А) Конституция

Ә) Нормативтер

Б) Пакттрлар

В) Шарттар

Г) Декларация

6. Шіркеу мен Король және қолындағы билігі қалай аталады?

А) 1164 ж. «Кларендин Конституция»

Ә) 1679 ж. «Хабеас корпус акт»

Б) 1037 ж. «Павий конституциясы»

В) 1768 ж. «Құқықтар туралы билль»

Г) 1215 ж. « Еркіндік Ұлы Хартиясы»

7.Рим империясының королі феодалдары реттейтін құжат

А) 1037 ж. «Павий Конституциясы»

Ә) 1768 ж. «Құқықтар туралы бильь»

Б) 1164 ж. «Кларендиндік Конституция»

В) 1222 ж. « Алтын буллалариенен»

Г) 1679 ж. «Хабеас корпус актсімен»

8. Конституцияның әлеуметтік қолдануы туралы пікір ?

А) герман қайрат Ф. Лассал

Ә) Француз тану Анри Ориу

Б) неміс ғалымы П. Лабанда

В) Ресей ғалым Ф.Ф Кокош

Г) неміс ғалымы Г.Еллинег

9. Басымдық ететін қоғамдық күштердің еркін білдруі қалай аталады?

А) Конституция

Ә) Негізгі заң

Б) Декларация

В) Хартиялар

Г) Шарттарда

10. Конституциялардың алғашқылары қашан қабылданды?

А) 1787ж. АҚШ

Ә) 1778 ж. Англия

Б) 1689 ж. Германия

В) 1554 ж. Ватикан

Г) 1789 ж. АҚШ
15-тақырып. Жаңа тәуелсіз мемлекеттердің конституциялық құқық ерекшеліктері

1. Жаңа тәуелсіз мемлекеттердің конституциялық құқық ерекшеліктерін танып-білу.

2. Оның тәуелсіз мемлекеттерден айырмашылығы
Шығыс еддерінің мемлекетгік-қүкыктық жүйелеріне ислам мен мүсылмандық құқық ерекше эсер етіп отырғаньш айтып өткеніміз жөн. Бүл елдерде мемлекеттік қүқыққа исламдық институтгар мен нормаларды қосу саяси да, құқыктық та зор мәнге ие. Өйткені, конституциялық негізге сүйене отырып, қүқықтық жүйелерді исламдандырудың зор маңызы бар. Сон-дықган да кдзіргі кездегі шығыс елдерінен жартылай феодалдық моңархиялық баскару жүйесін бүза-жарып, буржуазиялық мем-лекеттердің тәжірибесіне сай, жаңадан құрылған республика-лык баскару түрін де, республика түрін де көре аламыз. Алайда, бұл басқару реформаларының бәрі исламдық принциптер мен нормаларға негізделген,Негізгі Конституциялық принциптерінің бірі — ислам дінін мемлекеттік дін ретінде үстанулары деп айтуға болады. Осын-дай ереже Иордания (2-бап), БАЭ (7-бап), Тунис (1-бап), Катар (1-бап), ОАР (2-бап), Пакистан (2-бап), т.б. елдердің конститу-циялары негізіне алынған. Ал,Бахрейн (104-бап), Марокко (101-бап) Конституцияларында исламның мемлекеттік сипаты жай-лы ережені кайта қарауға болмайтыны көрсетілген. Кейбір араб елдерінде бұл ережелер баскаша түрде айтылады. Мысалы, 1977 ж. Ливияның "Халық билігін орнату жайлы Декларациясында" Қүран қоғамның заңы» екені (2-бап) айтылса, Ирак конститу-циясы исламды мемлекеттік дін ретінде баяндайды (4-бап).

Шығыс елдерінде исламдық институттар олардың конститу-циясы тетіктеріне бірнеше бағьпта эсер етеді. Бұл елдердің ба-сым көпшілігі өз конституцияларында мемлекеттік биліктің сая-си-идеологиялық негізіне исламдық элементтерді алады және оны конституциялық жолмен қорғайды. Мысалы, Кувейт, Бах­рейн, Катар конституциялары "мемлекет исламдық мүраларды қорғайды" деп ашық жазады. Комор аралдары конституциясы преамбуласында: "Комор халқы өз еркімен мемлекеттік дін — исламның мәңгілік принциптерін негізге ала отырып, мемлекет пен онын, институттарын басшылыккз алады" деп жазылған.

Мүндай сипаттарды шығыс елдері конституцияларынан да кездестіре аламыз.Ал, Катар, БАЭ, т.б. елдерде конституциялық кеңес жүмыс істейді. Оны әмір тағайындап, тек осы консультациялық кеңес органымен келісе отырып зандар кабылдайды. Йемен консти­туциясы преамбуласында "Конституция" принциптерінде Қүран аяттарына негізделетіні айтылады. Осы принцип Бахрейн мен Кувейт конституцияларында да бар. Сауд Арабиясының королі Абу әл-Әзиз де негізгі тайпа көсемдерімен (шейхтері) ақылдаса отырып, маңызды мәселелерді шешеді.Конституциялықтетікке эсер ететін тағы бір бағыт мемлекет басшысына діни цензі қою болып табылады. Мысалы, Иорда­ния конституциясы бойынша (29-бап," Д" параграфы) корольдік-ке әке-шешесі де, өзі де мүсылман адамдар ұсынылады делін-ген. Мүндай цензі Кувейт (Конституция, 4-бап), Тунис (Консти­туция, 37-бап), т.б. елдерде де қойылған.Сол секілді мемлекет басшыларының қүқыктық мәртебесі исламдық дәстүрмен реттеледі. Мемлекет басшысы діни рухани көсем де болады. Мысалы, Марокко королі (19-бап) "діншілдердің эмирі" болып саналып, ислам тазалығын кадаға-ласа, Сауд Арабиясының королі діни биліктің жоғары түткасы-нын иесі. Малайзия федерациясының конституциясы бойынша діни билік федерация басшысына жүктеледі. Брунейде монарх-ты мемлекеттің бірінші рухани көсемі деп жариялайды (3-бап). Республикалықбасқару жүйесіндегі елдерде мұндай міндет-тер берілмегенімен мемлекет басшылары іс жүзінде елдің руха­ни көсемі де бола береді. Мысалы, Тунис президенті К.Бургит, Индонезияның бүрынғы президенті Сукарно, т.б. айтсақ та бо­лады.

Монархтың негізгі бір мәртебесі — оның жеке басына қол сүқпау жайлы конституциялық принцип. Мысалы, Катар Конституциясының 20-бабында: "Эмир абсолютті дербес күқықиесі. Эмирді қүрметтеу міндет" делінсе, Кувейт (54-бап), Бахрейн (33-бап), Иордания (30-бап), Марокко (23-бап), т.б. елдердің конституцияларында да олардьщ дербес қүқық иесі екендігі, жеке басына қол сүғуға тыйым салынатыны жазылған. Олардың дер­бес қүқығына қол сүғу ауыр қылмыс ретінде каралады.Жеке адамдардың қүқыктық мэртебесі шариатка негізделе отырып, олардың құқыктары мен бостандығына конституция-лык кепідцік береді. Исламдық дәстүр бойынша азаматтардың қүқықтық мәртебесі олардын тегіне, тайпасына, діни сеніміне. ислам талаптарын орындауларына байланысты болатынын айтқан жөн. Дегенмен, діни сипатына карап қысымшылық көрсетуге көп конституция тыйым салады. Өз кезегіңде баска діндегі-лер де исламға қарсы болмауы талап етіледі.

Біз қарастырып отырған көптеген мұсылман елдерінің конс-титуцияларында ислам мен мұсылмандық құқыктың экономи­ка, білім мен халықаралық қарым-қатынаста алар орнына жете мән беріліп, исламдық әсерін күшейте түсуге ұмтылады. Мыса-лы, Бахрейн конституциясы (9-бап): "Жекеменшік, капитал және еңбек исламдық принциптерге негізделе отырып қоғамдык және мемлекеттік құрылыс пен ұлттық байлыктың негізі болып табы-лады" — десе, Йемен конституциясы "экономиканы өркендетуге алып баратын даяргерлікте исламдық принцип (10-бап) не-гізге алынады", — деп жазылған. Иранда "исламның экономи-калықтеориясьша негізделген елдің экономикасы үш секторға: мемлекеттік, кооперативтік және жеке секторларға негізделген. Әсіресе, монополия мен жемқорлыкка (яғни, процент турінде пайда алуға) тыйым салады. (Иран конституциясы, 43-44-49-бап-тар).Ал, мемлекеттің білім жөніндегі қызметінің бағыты ең алды-мен діни тәрбиеге негізделеді. Мысалы, Бахрейн конституция­сы (7-бап), Катар конституциясы (8-бап, "В" параграфы), Еги­пет Конституциясы (12-бап), т.б.Жоғарыда аталған барлық шығыс мұсылман елдерінің конс-титуциялары өздерінің сыртқы мемлекеттік саясаттарын ислам жолындағы еддермен тығыз қарым-катынас орнатуға бағыттай-ды. Мысалы, Бахрейн конституциясыньің 6-бабы, Катар конституциясынын 5-бабы, Египет конституциясының 12-бабы араб және ислам мүдцелеріне лайыкты қызмет ете отырып, сырткы саясаттарын жүзеге асыратыны ашық жазылған.Конституциялық зандардың негізгі қайнар көзі ислам екені Сирия, Катар, Араб эмираты, Пакистан, т.б. елдердің консти-туцияларында бекітілген. Сондыктан да арнайы баптар кабыл-данып, онда егер де өкімет актілері ислам қағидаларына қайшы-лық етсе, онда соттар ол актілерді пайдаланбауы айтылады.

Әділет министрлігінде корольдікке қарасты жер-жерлерде филиадцар ашу мақсаты жайдан жай туындаған жоқ. Бұл мәсе-ле әбден ойластырылып, зерттегеннен кейін ғана жүзеге асып отыр. Мүндай министрлік филиалдарын ашу әкімшілік, каржы мәселелерін оңай шешуді, шариаттық органдарды баспа өнімдерімен, кеңсе кажеттерімен камтамасыз етуді, мамандық дәрежелерді дұрыс бөлуді, мекеме үйлеріне қызмет корсету мен жөндеу жұмыстарын дер кезіңце жүргізіп, құрал-жабдыктармен қамтамасыз етуді оңайлатады.

Қазіргі кезде елдің түкпір-түкпірінде министрліктің он фи­лиалы жұмыс істейді. Олар:

-ар-Риядтағы Әділет министрлігінің филиалы;

-Батыс провинциядағы Әділет министрлігінің филиалы; ,

-Шығыс провинциядағы Әділет министрлігінің филиалы;

-Мәдинадағы Әділет министрлігінің филиалы;

-Қасым провинциясындағы Әділет министрлігінің филиалы;

-Асир провинциясындағы Әділет министрлігінің филиалы;

- Джазан провинциясындағы Әділет министрлігінің филиалы;

-Хаил провинциясындағы Әділет министрлігінің филиалы;

-Джуф провинциясындағы Әділет министрлігінің филиалы;

-Табук провинциясындағы Әділет министрлігінің филиалы.

Министрлік мүдделі органдармен бірлесіп, министрлікке үйлерді жалға алуға болмайтын аймактарда, осы филиалдар үшін үйлер салу құжаттарын даярлау үстінде.Екі касиетті орынның (Мекке мен Мәдина) сақтаушысы қасиетті король Фаћ би Абдул Азиз әл-Сауданың көрсетуімен әрі тікелей өзінің қадағалауымен Мәдина қаласында Пайғамбар мешітінің қарсы бетіне шариат органдарының қорығын салу жұмысы басталды. Бұл қорық үйлерін салу жиырма екі айға созылып, оған жүмсалған қаржы 135 миллион ақша болды. Қорық аумағы 5500 шаршы метр. Үйлер бірнеше қабатты, жал­пы көлемі 25350 шаршы метр. Үйде "Үлкен сот", Бірінші саты-лы сот, екі нотариальдық мекеме, каржы баскармасы, Әділет министрлігінің филиалы, сондай-ақ қоймалар мен машиналар үшін түрақжайлар жайғасқан.Орталық провинция губернаторы ар-Рияд каласын өркендету жөніндегі жоғарғы комитеттің терағасы принц Салман би Абдул Азиз ас-Сауданың үсынысымен ар-Риядта шариат органдары қорығын құру жайлы шешім қабылдады. Бұл комитет ми-нистрліктердің өзіне тиісті департаменттерімен бірге ар-Риядта.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет