Іазаістан республикасы


Атақты рим заңгерлерін ата-



бет4/46
Дата07.02.2022
өлшемі438,5 Kb.
#87716
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
Байланысты:
Лекция РИМ ҚҰҚЫҒЫ
Лекция РИМ ҚҰҚЫҒЫ, Мамандық таңдау
Атақты рим заңгерлерін ата-

а) Литви, Сантэс, Маик Эдисон
б) Марк Манили, Юни Бруд, Аквили Галл, Цицерон(дұрыс)
в) Гейдер, Галл, Титон, Эрик.

  1. Иелену”- қандай қатынас-

а) Тұрақты қатынас(дұрыс)
б) Тұрақсыз қатынас
в) тұрақты және тұрақсыз қатынас



  1. Иелену неше элемент ен тұрады:

а) 2(дұрыс)
б) 5
в) 7



  1. Рим құқығында міндеттеменің пайда болуын қанша топқа бөлген?

а) 4(дұрыс)
б) 2
в) 8

10. Вербальді контракт - деген сөздің мағынасын атаңыз-


а) Ауызша (дұрыс)
б) Жазбаша
в) Мүлікті берумен байланысты міндеттер туындайтын шарт

Лекция2(4-сағат)


Рим құқығының қайнар көздері.
1.Рим құқығының қайнар көздерінің түсінігі және түрлері.
2.Қарапайым құқық және заң.
3.Рим магистраттары және олардың эдикттері.
4.Рим заңгерлерінің қызметі. Заңгерлер мектебі.
5.ХІІ-кесте заңдары.
6.Рим құқығын кодификациялау.
7.Юстиниан кодификациясы.
1.Рим тарихшысы Тит Ливий ХІІ-кесте заңдарын бүтін көпшілік құқық пен жеке құқықтың қайнар көзі деп атап өтті.Бұл жерде қайнар көз сөзі рим құқығының мықты құқық саласы ретінде өсіп шыққан негізі,тамыры мағынасында қолданылады.Әртүрлі халықтардың Рим құқығы заң әдебиеттерінде құқықтың қайнар көзі әртүрлі мағынада қолданыллады:1)құқық нормаларының қайнар көзі ретінде;2)құқық нормаларының пайда болуының әдісі ретінде;3)құқықты танудың қайнар көзі ретінде.
Құқықтың сңғы қайнар көзі ретнде қоғам өмірінің материалдық жағдайлары танылады.Бұл жағдайды әрдайым есте сақтау керек,әсіресе құлиеленуші қоғамның тұсындағы құқықты оқыған кезде.
Заң әдебиеттерінде кездесетін өзге жағдайларда құқықтың қайнар көзі мағынасы-құқықтың, құқық нормаларының қандай тәсілмен,қандай жолмен жасалады дегент сұрақтарға жауап береді.Бұл жағдайда құқықтың қайнар көзі терминінің мағынасымен шатасып қалмауы үшін,құқықтың жасалу түрлерін айтып өткен дұрыс. Рим құқығы тарихында құқықтың пайда болуы мына жолдармен қалыптасқан:

  1. Қарапайым құқық ;

  2. Заң (Республика кезеңінде- халық жиналысының қаулылары, принципат кезеңінде- сенатконсульттар,абсолюттік монархия кезеңінде- император конституциялары);

  3. Магистраттар эдиктттері;

  4. Заңгерлер қызметі.

2. Юстиниан Институцияларында жазылған құқық (іus scrіptum) пен жазылмаған құқықтың (іus non scrіptum) аражігі ашылып көрсетілген. Жазылған құқық - бұл билік органдарының шығарған заңдары және өзге де құқық нормалары. Жазылмаған құқық - бұл тәжірибенің өзінде қалыптасатын нормалар. Егер мұндай тәжірибеде қалыптасқан адам іс-әрекетінің ережелері мемлекеттік биліктің қолдауы мен қорғауына иеленбесе, олар жәй ғана әдет-ғұрып болып қалады.Ал, егер әдет-ғұрып мемлекеттен қолдау тапса, олар қарапайым құқықты құрайтын заңи әдет-ғұрыпқа, кейде мемлекеттік билікпензаң түрінде қабылданады.
Әр кезеңде құқықтың қалыптасуы бұл тарихи кездейсоқтық емес. Құқықтық жағдайдың мазмұны оның сыртқы факторларға сәйкес келетіндігіндей,құқықтың формалары да мемлекеттік саясатты айқындайтын барлық жағдайларға,уақыт пен орынның әлеуметтік-экономикалық жағдайларына тәуелді болады.
Қарапайым құқық-Рим құқығының пайда болуының көне түрі болып табылады. Қарапайым құқық нормалары Рим құқығында mores maіorum-ата-баба әдет-ғұрыптары,usus - қарапайым тәжірибе,commentarіі magіstratіum- магистраттардың тәжрибесінде қалыптасқан ә.ғ,consuetudo - ә.ғ. император кезеңінде терминдермен сипатталады.
Әдет-ғұрыптардың ұзақ уақыт қолдануына қарағанда,оның мәртебесі жоғары ,алайда ол заңнан күшті болмауы керек.Республика кезеңінде заңдар халық жиналысынан өтіп leges деп аталатын.Заңның толық күші болуы үшін Рим мемлекетінің 3 органының қатысуы керек еді.
1.Магистрат- халық жиналысын шақыруға құқығы бар орган;
2.Халық- жобаны қабылдау немесе қабылдамау мақсатында жиналған халық.
3.Заң - магистрат ұсынған, халық қабылдаған заң сенаттың қолдауынан өтуі тиіс.
3.Рим құқығының қалыптасуының бір түрі болып Магистраттар Эдикті болып табылады.Эдикт термині dіco сөйлеймін мағынаға сәйкес магистраттардың белгілі іс бойынша ауызша баяндамасы.Уақыт өте келе эдикт қалыптасқан тәжірибе бойынша республикалық магистрлердің қызметіне кірісу барысында жарияланатын арнайы бағдарлама мағынасында қолданылады.Магистраттар өз эдиктілерінде олардың қызметінің негізгі ережелері,қандай жағдайда талап қойылады,қандай жағдайда қойылмайды және т.с.с мәселелерді жариялайды.Мұндай магистраттың бір жылдық ызметінің бағдарламасын анықтайтын эдиктілерін жеке жағдайға байланысты бір рет жарияланатын эдиктілерге қарағанда тұрақты деп атаған.
Эдикт шығаратын преторлар да,магистранттар да магистранттар да заңдарды өзгертуге,бас тартуға немесе жаңа заң шығаруға құзыреті жоқ болады.Мысалы:Гайдың айтуынша претор өзге біреуге мұрагерлік құқықты бере алмайды.Бірақ сот қызметінің басқарушысы ретінде претор цивильдік құқық нормаларына тәжірибелік мән беруі немесе цивильдік құқықтың кейбір ережесін күшінен айыра алатын.Мыс:кейбір жағдайларларда претор меншік иесі емес азаматты қорғап,меншік иесін қорғаусыз қалдыруы мүмкін,бірақ меншік иесі емес азаматты меншік иесі ете алмайды.
Юрист Марциан преторлық құқықты өмірдің жаңа қажеттілігіне тез жауап беретін және оларды қанағаттандыратын цивильдік құқықтың жанды дауысы деп атап өткен.
4.Цицеронның шығармаларында рим заңгерлерінің қызметінің түрлері respondere ,cavere, agere, scrіbere терминдерімен көрсетілген. Respondere-термині рим заңгерлерінің кеңес беру қызметі, agere-тараптардың іс жүргізу барысындағы іс-әрекетіне басшылық жасау және т.с.сЕрте заманда заңгер қызметін заңға түсінік беретін,заңи құпияларын көпшілікке жарияламайтын жеке кастаны құрайтын понтификтер атқаратын.Заңгерлердің құқықтық шығармашылық қызметі принципат кезеңінде нақты мойындалды.Осы кезең Рим құқығының шарықтау кезеңі болатын.Көптеген ғасырларға шығармашылық мағынасын сақтап қалған рим заңгерлерінің күші негізінен ғылым мен тәжрибенің айырылмас байланысынан болатын.Рим заңгерлері құқықтық құрылымдарын өмір қажеттілігіне сай жасайтын.
Республика кезеңіндегі атақты заңгерлер деп :Марк Манилий,Юний Брут,Публий Муций,Сцевола,Аквилий Галл,Цицерон сияқты заңгерлерді атауға болады.Классикалық кезеңнің көрнекті өкілдері Лабеон ,Капитон болды.Осы заңгерлерден заңгерлердің 2 мектебі бастау алды:Прокулян мектебі,Сабиньян мектебі.Бұл заңгерлерден басқа Юлиан ,Помпоний,Гай, Папиниан,Павел,Ульпиан-атты заңгерлерді атап өткен жөн.
Бізге кейбір бөлімдері ғана жеткен рим заңгерлерінің ғылыми-әдеби шығармаларын келесі бөлімдерге бөлуге болады.Бірінші претолық құқыққа қарсы шыққан цивильдік құқықтың нұсқасындағы шығармалар.Бұл шығармаларда заңгерлер Сабиннің “Азаматтық құқық туралы” шығармасындағы жоспарларға сәйкес жасайтын.Заңгерлердің шығармаларының бұл категориясын lіbra ad Sabіnum деп атайтын.
Шығармалардың екінші тобын преторлардың эдиктілеріне түсінік беретін шығармалар құрайды.Мысалы:Лабеонның,Гайдың ,Павелдің,Ульпианның шығармалары.
Үшінші тобына цивильдік құқық пен преторлық құқықты байланыстыратын дигестерді жатқызуға болады.
Төртінші тобын оқулықтар,яғни институциялар болатын.Олардың ішінде ең атақтысы Гайдың Институциялары.
Бесінші тобын“Сұрақтар”(Цельза,Помпония),”Жауаптар” (Папиниан) атты казустардың жиынтығы құраған.Сонымен қатар рим заңгерлері арнайы сұрақтарға байланысты көптеген монографиялар жазған.
5. 5-ғасырдың орта кезінде плебейлер патрицилармен кұресіп кейбір жетістіктерге жетеді. 451 ж 10адамнан сайланатын (комиссия қҰру) заң шығару ұшін комиссия қҰрылды. Ол көрнекті патрицилерден қҰралып, кең уёкілдіктермен пайдаланады. 1-жыл бойы істі кодекстеу бітпеген соң 2-ші жылы 10 адамнан жаңа комиссия қҰрылды. Бірақ бҰл жолы оның қарапайым қҰқықтың жаңа өңделген тұрін жинақтап шығарды. Оны тарихта 12 кесте заңдары деп атады. Олар шындығында да жай ғана қҰқықтардың жиынтығы еді. Бірақ оның алдағы жерде Рим империясы ұшін ұлкен пайдасы болды. Рим тарихшысы Тит Ливийдің айтуынша 12-кесте заңдары көпшілік қҰқықтың да, жеке қҰқықтың да ең басты қйнар көзі болды. 12-кете заңдары өз атын қаланың орталық алаңында 12 ағаш тақтасына ойылып жазылған ёдет-ғҰрып заңдарына байланысты алды. Кейбір мёліметтерге қараған Рим азаматтығын алу ұшін осы 12-кесте заңдарын жатқа білу міндетті болды. Осы заңдар негізінде плебейлер қҰқығы қорғалды. Заңның толық тұпнҰсқасы бізге толық жеткен жоқ.Оларда тек қана Римнің көрнекті тарихшылары мен заңгерлерінің шығармаларынан көруге болады, ёсіресе Цицеронның, Ульпианның, Гайдың щығармаларында жазылған. Осы аталған заңгерлер ішінде б.э. 2-ғасырда өмір сұрген заңгер Гайдың сол кездегі Римдегі заңгерлер мектебіне арналған шығармасы “Институция”-ны атауға болады. Оны кездейсоқ 1816 ж тарихшы Нейбур Италияның Веронна қаласынан тауып алды.
12-кесте заңдарының негізгі белгісі мұлікті екі категорияға бөліп қарады 1-жер,мал,қҰлдар т.б. 2-өзге мұліктер. 12-кесте заңдары мына сөздерден басталады. “Егер сотқа шақырылса келсін. Бірақ өкімет жауапкерді шақыруға ешбір шара қолданбайды. Оны дауласушының өзі ертіп келуі тиіс.”
6. Римде кодификацияның басталуы Рим қҰқығының белсенді дамуының Рим мемлекетінің қҰлдырауымен тҰспа-тҰс келеді. ІҰқық бҰрынғыдай жедел дамуын тоқтатты. Сондықтан қҰқық нормалардың саны сапасына көшетін болды. Империя кезінде бұкіл толып жатқан императорлардың басқару актілерін бір жұйеге келтіріп тёрт іпті қатаң формада ұстемдік ететін, қҰл иеленушілік топтың ерігін бекіту керек болды. Ең алғашқы кодификациялауды император конституцияларын жинақтаушы жеке тҰлғалар бастаған еді. 5-ғ 1-жартысында император Федосий-2 “Codex Theodosіanus” (Феодосий кодексі) атты алғашқы кодификация жарық көрді. Бұл кодекс 16 кітаптан тҰрды, ал кітаптар –титулдардан тҰратын.
Рим империясының 2-ге бөлінуінен соң (батыс жёне шығыс) батыс бөлігі ирландық жаулаушылардың қоластында болды. Оның аумағында Вестгот,Остгот,Бургунт корольдіктері пайда болды. БҰл корольдіктерде рим қҰқығы өз кұшін сақтап қалды.
7. Феодосий-2-нің кодификациясына қарағанда,б.э. 6-ғ.1-ші жартысында, шығыс императорларының ішіндегі ең бір іскері Юстинианның тҰсында жарық көрген Юстиниан кодификациясы болды. Осы уақытта варварлардың қолында болған Римнің Батыс бөлігімен,Шығыс бөлігін қосу жоспарланған еді. Сонымен қатар сол заманға сай,мазмҰны айқын қҰқық керек болды. Осыған орай Юстиниан оған дейін жиналған барлық заң актілерін бір жинаққа келтіруді алдына мақсат етіп қойды. Заңгерлердің Ұзақ жҰмысының нётижесінде толық заңгерлік жинақ пайда болып, оған “Corpus jurіs cіvіlus” деген атақ берілді. Юстиниан архаизмдердің барлығын жою, құлиеленушілік құрылысты баянды ету және шексіз монархияны бекіту бағытында жұмыстар жүргізді.
Кодификация жұмыстарын жүргізген-император кеңесін басқарған Трибониан және Константинополь мектебінің профессоры Феофил болды.
524-534 ж үш жинақ дайындап шығарды.

  1. Институция

  2. Дигестер

  3. Пандектер

Юстинианның кодексі мен бұйрықтары Новеллалар деп аталды.
Гайдың институциясы-бұл адамдар үшін түсінікті, ең жақсы, қарапайым және бай тілде жазылған еңбек болды. Ол өз еңбектеріндеРим құқығының маңызды тұстарын ашып көрсетті. Еңбектерінің құрылысын-жай адамдар, заттар, міндеттемелер деп үшке бөлді. Институциялар 4-топқа, кітаптар титулдарға, титулдар параграфтарға бөлінді.
Дигестер- “Corpus jurіs cіvіlus”-тің ең үлкен бөлімі. Бұған Римнің ең маңызды 40-заңгерлердің еңбектері енгізілді. 1570 кітаптан үзінді алынды. Олардың ішіндегі ең маңыздылары Ульпиан мен Павелдің еңбектері деп есептелінді.
Юстиниан кодексі-бұл императорлардың ресми жарлықтары, Юстинианның өзі шығарған 50-жарлығы осы жинақтарға енгізілді. Жарлықтардың негізгі мақсаты-бұрынғы императорлардың шығарған жарлықтарының арасындағы қайшылықтардыжою болды. Жарлықтар ретке келтіріліп, кодекстің жаңа жаңа редакциясы шығарылды. Осы кодекс біздің заманымызға дейін сақталып, бүгінде Юстинианның еңбектерімен танысуға мүмкіндік беріп отыр. Новеллалар Юстинианның өзі шығарған бұйрықтардан тұрады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет