Талаптар туралы ілім.
1.Мемлекеттік соттың пайда болуы .Іс жұргізудің 2-кезеңге бөлінуі.
2.Легисакциялық,формулярлық жёне экстраординарлық іс-жұргізулерінің тұсінігі.
3.Талаптардың тұсінігі жёне олардың тұрлері.
4.Талаптың ескіруі.
1.Мемлекеттік сот жоқ болған кезде рим халқы жеке қол жҰмсау кезеңін басынан кешірді.Әр адам егер оның қҰқығына қол сҰқса ол өзі сотсыз қҰқығын қорғай алатын.Бірақ біраз уақыт өткен соң қҰқық қорғаудың бҰл тұрі жолйылды.Алайда Рим қҰқығында жеке қол жҰмсаудың кейбір элементтері сақталды.Рим қҰқығында өзін-өзі қорғау біраз уақыт өмір сұрді.Ол қҰқық бҰзушылықтың болмауын реттейді. ІҰқықты бҰзған кезде оның қайтадан кұшпен қалпына келтіруге тыйым салынады. Егер бір адам соған қарамастан қҰқықты қалпыфна келтірем десе оған қарсы шара қолданылады. ІҰқықты қорғау функциясы сотқа беріледі. Соттың 2-тұрі болады:
Юдиция публика мемлекеттің мұдделерін, бҰзылған істерді қарастырады;
Юдиция привата (жеке сот) азаматтық істерді қарастырады.
Рим азаматтық іс-жұргізуі 2-кезеңге бөлінген: Юс жёне Юдициум. Бірінші кезеңде істі шешім шығаруға дайындайды. Істің қарастырылуы жёне шешім шығару 2-кезеңде болады,бҰл іс жұргізу ординарлық болып табылады. Абсолюттік монархия кезеңінде іс жұргізудің 2-кезеңге бөлінуі жойылды. Ал процесс төтенше экстра ординарлық деп аталады.
2. Республика кезде азаматтық іс-жұргізуі лекс акциялық деп аталынады. Бірінші кезеңде ( Ин Юрэ) 2-жақ соттың магистраттың алдында белгіленген бір салт-дёстұрді жасап, белгіленген сөздерді айтады. БҰл сөзде талапкер өз талабын айтады, ал жауапкер өзінің қарсылығын білдіреді. Ин Юрэ соңғы кезеңі Метис Контестацио деп аталады lіtes contestatіo дамудың белгілеуі.
2-ші кезеңде магистраттың шешімі мен тағайындалған судья дәлелдерді тексеріп шешім шығарады.
Формулярлық іс-жүргізу Республиканың соңғы жылдарында(б.э.д 17ж) leges акциялық іс жүргізуінің орнына формулярлық іс жүргізу келеді. Бұл іс жүргізу бойынша талаптар мен қарсылықтар салт дәстүрсіз айтылады. Ал (Ин Юрэ) кезеңінің аяғында талапкерге судьяға арналған хат берілген. Бұл хатта судьяға талапты қалай шешу керек екендігін айтылған. Бұл хат бұйрық ретінде қолданылатын және формула деп аталатын.Барлық адамдар үшін бұл іс-жүргізу Августың заңдарымен белгіленеді.Б.э.д.(17ж) жаңа іс жүргізу бойынша претор ескі ережемен жұмыс істемейтін,ол жаңа қоғамдық қатынастарды тануға мүмкіндік алды.Ал ескірген қатынастарды қорғамауға құқығы болды.Ол үшін претор талапкерге заңның формуласын бермейтін.Әр претор өзінің эдиктісінде талапты қорғау немесе қорғамау кездерін жариялайды.Сол себептен Рим құқығындағы талаптар жүйесі,формула бірнеше бөлімдерден тұрады:
1.Судьяның тағайындауы;
2. Ad Tolіtіo мыс: белгіленген бір мүлікті бір адамға беру;
3. Бөлім гентенция талапкердің шағымдары;
4. Демонстрация-істің құрамы,мазмұнынан тұрады;
5. Конденация-судьяның жауапкерді ақтау немесе соттау құқығы;
Формуланың құрамына эксцепция және прескрипция қосымша бөлімдері ретінде кіре алатын.
Эксцепция-бұл жауапкердің талапқа қарсылығы.
Прескрипция-бұл талапкердің келешекте жауапкерден қалған мүлкін қайтарып алуы.
3-ғасырдың соңында формулярлық іс-жүргізудің орнына экстраординарлық іс-жүргізу келген еді. Бұл іс-жүргізу екі кезеңге бөлінбейді және магистрат судьяға істі бермейтін. Экстраординарлық іс-жүргізуді әкімшілік органдар жүзеге асыратын. Істің қаралуы жариялылық болып есептелмейтін. Егер талапкер іс қаралған кезде келмейтін болса, іс аяқталған. Ал егер жауапкер келмейтін болса,онда іс сырттай қарастырылған. Экстраординарлық іс-жүргізу бойынша апелляцияны беруге мүмкіндік болды. Сот шешімін мемлекеттік органдар талапкердің өтініші бойынша жүзеге асыратын.
3.Легесакциялық іс-жүргізуінде талап-бұл белгіленген дәстүр бойынша бір адамның қызметі. Классикалық рим құқығында талап бұл-белгіленген бір істің сот арқылы шешілуі. Талаптың түрлері:
Мүліктік және жеке талаптар. Мүліктік талаптар бойынша жауапкер ретінде әрбір адам бола алады. Жеке талаптар бойынша кредиторға тек ғана қарыз болған адам жауап бере алатын.
Аналогия бойынша талаптар.
Фикциясы бар талаптар.
Айып талаптары және бұзылған құқықтарды қалпына келтіру талаптары.
Интердикт претордың бұйрығы,бұл бұйрық бойынша претор құқығына кедергі жасайтын немесе оларды бұзатын іс-әрекеттерге тыйым салады.Кейбір кездерде претор реституция деген бұйрық шығаратын.Реституция -бұл бұрынғы құқықарды қалпына келтіру.
4.Талаптың ескіруі бұл максималды мерзім.Бұл мерзім ішінде талап қаралуы керек.Талаптың ескіруі 30 жыл болып,оның үзілуі мүмкін еді.Рим құқығында заңды мерзімдер болған.Заңзы мерзімдердің ағымы үзілмейтін.
Достарыңызбен бөлісу: |