Ыбырай Алтынсарин Кел, балалар, оқылық



Pdf көрінісі
Дата05.12.2019
өлшемі114,29 Kb.
#53064
Байланысты:
Altyinsarin Yi. Kel Balalar Ok Yilyik




Ыбырай Алтынсарин  

Кел, балалар, оқылық 

 

 



 

http://www.litres.ru/pages/biblio_book/?art=23127760 

«Кел, балалар, оқылық»:  

Ыбырай Алтынсарин 




Кел, балалар, оқылық 

 

Кел, балалар, оқылық 

 

 

Бір құдайға сиынып



Кел, балалар, оқылық , 

Оқығанды көңілге 

Ықыласпен тоқылық.. 

Істің болар қайыры 

Бастасаңыз аллалап, 

Оқымаған жүреді 

Қараңғыны қармалап. 

 

Кел, балалар, оқылық, 



Оқығанды көңілге 

Ықыласпен тоқылық. 

Оқысаңыз, балалар, 

Шамнан шырақ жағылар

Тілегенің алдыңнан 

Іздемей ақ табылар. 

 

Кел, балалар, оқылық, 



Оқығанды көңілге 

Ықыласпен тоқылық.. 

Мал дəулеттің байлығы, 

Бір жұтасаң жоқ болар, 

Оқымыстың байлығы, 

Күннен күнге көп болар

Еш жұтамақ жоқ болар. 

 

Кел, балалар, оқылық, 



Оқығанды көңілге 

Ықыласпен тоқылық. 

Сиса көйлек үстіңде 

Тоқуменен табылған. 

Сауысқанның тамағы 

Шоқуменен табылған… 

Өнер білім бəрі де 

Оқуменен табылған. 

 

Кел, балалар, оқылық, 



Оқығанды көңілге 

Ықыласпен тоқылық. 

Надандықтын белгісі – 

Еш ақылға жарымас. 

Жайылып жүрген айуандай 

Ақ, қараны танымас. 

Аяңшыл ат арымас

Білім деген қарымас… 



Жөн білмеген наданға 

Қыдыр ата дарымас. 

 

Кел, балалар, оқылық, 



Оқығанды көңілге 

Ықыласпен тоқылық. 

Оқу деген шыны ды, 

Тұрған сайын шыныққан… 

Оқу білген адамдар 

Май тамызған қылыштан… 

Білмегенді білуге 

Есті бала тырысқан, 

Есер бала ұрысқан. 

 

Кел, балалар, оқылық, 



Оқығанды көңілге 

Ықыласпен тоқылық. 

Əлпештеген ата ана 

Қартаятын күн болар. 

Қартайғанда жабығып, 

Мал таятын күн болар. 

Ата енең қартайса – 

Тіреу болар бұл оқу, 

Қартайғанда мал тайса 

Сүйеу болар бұл оқу. 

 

Кел, балалар, оқылық, 



Оқығанды көңілге 

Ықыласпен тоқылық. 

Оқу білген таниды 

Бір жаратқан құдайды, 

Танымаған құдайды 

Не қылғанда ұнайды? 

Шырағым абай болғай деп, 

Ата енең жылайды

Баладан қайыр болмаса, 

Баланы неге сұрайды. 



 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет