22
23
көптеген шешендіктану туралы оқулықтардан да табуға болады.
Мына төмендегі сияқты ұсынбалар осыған дәлел. Мәселен,
сөздің
басында және аяғында өте күшті айғақтарды қолдану; шешеннің
табиғи дарындылығын теориялық оқумен, жаттығулармен және
үлгі алумен бекітіп, жетілдіре дамытып отыру; сондай-ақ тек өзің
жете білетін мәселелер туралы ғана айту талабы және т.б
.
Цицеронға қарағанда, Квинтилиан сөздің логикалық негізі
мен оның бейнелеуіш құралдары, сондай-ақ шешендік техника
-
сы мәселелеріне біршама бұтарлай талдау жасайды.
«Шешеннің
қалыптасуы туралы»
трактаты
шешеннің шаршы топ алдындағы
тәртіп қалпы, дене қимылы, бет қимылы, тыныс және дауыс
қалыптастыруы теориясы туралы
арнайы тарауларды қамтиды.
Квинтилианның түйіндеуінше, бұл іспеттес жекелеген мәселелер
шешен жетістігін қамтамасыз етуде ерекше мәнді.
Цицерон мен Квинтилиан дәуірі рим шешендік өнерінің жоғары
дәрежеде гүлдену кезеңі болумен бірге, бұл кезең бір мезгілде оның
ең ақырғы шектеулі тұсы да болды. Римдік классикалық шешендік
өнері республиканың құлауымен бірге құлдырады. Таза саяси рито
-
рика бірте-бірте жоққа айналса, сот шешендік өнерінің мүмкіндіктері
ақырындап құрдымға кете бастады.
Алғы орынға өзіндік жалықтырар және сыртқы форма
-
сына ғана көбірек назар аударылатын мерекелік эпидейктілік
шешендік шығарылады. Ғасыр ортасында, феодализм дәуірінде,
классикалық шешендіктану қоғамдық өмірге өз әсерін жоғалтты.
Шешендіктанудың жаңадан гүлдеп өркендеуі тек буржуазиялық
төңкеріс кезеңінде ғана мүмкіндік алды.
Достарыңызбен бөлісу: