Қыдыршаев indd



Pdf көрінісі
бет13/73
Дата07.02.2022
өлшемі4,53 Kb.
#85808
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   73
Байланысты:
Қыдыршаев

қыпшақ Арғынбай шешен 
мал мен басқа тапшы, бірақ ауыздыға сөз, аяқтыға жол бермейтін 
сөзге ұста шешен кісі екен. Шешенді кемсітіп, кекетіп бір жиында 
Қоңырат Жайынбай датқа былай депті: - Сөйле-сөйле, құлағы жоқ 
шұнақ биім, құйрығы жоқ шолақ биім!
Сонда Арғынбай шешен айтқан екен:

Жақсы айтасың, датқа! Жүйелі сөз жүйесін табар, жүйесіз 
сөз иесін табар. Сен мал мен басқа мақтандың. Байлық түбі – бақыл. 
Асқа тойған кекірер, басқа толған кетілер. Ешкі егіз тауып қойдан 
көп болмас, ит сегіз тауып малдан көп болмас. Құлағым шұнақ бол
-
са, сұңқар шығармын, құйрығым шолақ болса, тұлпар шығармын. 
Құдайдың маған берейін десе баласы жоқ па, соған жіберейін десе 
пәлесі жоқ па?!
[7].
Келтірілген үзіндіге орайлас айтарымыз бұл да бір кісінің сөзі 
еместігі, бірнеше кісінің өңдеуінен өткен, көппін деп мақтанғанға 
жалғыздың, баймын деп мастанғанға жарлының берер ортақ жауа
-
бы. Бұл сөздің де әркімнің атынан айтылатын нұсқасы барлығы осы
-
ны аңғартады. 
Қазақ зерттеушілерінің пайымдауынша, 
дәстүрлі шешендік 
сөздер дегеніміз белгілі бір мәселеге байланысты тапқыр ой, 
көркем тілмен айтылған және халық қабылдап, сөйлемдік құрамы 
қалыптасқан жүйелі де үлгілі сөздер.
Шешендік сөздер – белгілі 
дәрежеде еңбекші адамның өздерін езуші, қанаушыларға қарсы 
жұмсайтын қаруы да. Сөзге шешен, өткір тілді, тапқыр тұлғалар 
ретінде халық сомдап дүниеге келтірген Аяз би, Жиренше, Қарашаш, 
Алдар көсе, Қожанасыр, Тазшалар осындай жандар. Бұлардың өткір 
тілі, тапқырлығы қатал да қиянатшыл, дүниеқор, әділетсіз «жуан
-
дарды» әшкерелеуге, мазақ етуге бағышталғандығы оған дәлел. 
Бүгінгі ұрпаққа ата-бабамыздың шешендік өнері 
шешендік ар
-
нау, толғау, дау
үлгісінде тұйықталып
шешендік бата, әзіл, сын
;
шешендік нақыл, мақал, мысал, жұмбақ, жауап; жер дауы, жесір 
дауы, құн дауы, мал дауы, ар дауы
сияқты бұтарлана жіктелген 
қалпында жетіп отырғаны мәлім. Мәселен, қазақтың дәстүрлі 
шешендік сөздерінің бір тобы 
шешендік нақыл халықтың үрім-
бұтағына, жеткіншек ұрпағына қалдырған өсиеті, өнегесі
болып 
келеді. Соның бірі: 
Қара жерді жамандама, 
Кіретұғын көріңді. 
Қауым жұртты жамандама, 
Көп табады мініңді.
Білгендерді жамандама. 
Басшы болған піріңді. 
Не болмаса, 
сұрақ-жауап түрінде келетін шешендік толғаудың
төмендегі үлгісі қазақ халқының алуан сауалдарға тапқан жауа
-
бы, табиғат сыры мен өмір заңын анықтауға жасаған барлау түйіні 
іспеттес. 
Мәселен, бірде Әз Жәнібек хан билерінен: «Жігітке жақсы 
болу үшін не керек?»,-деп сұрайды. Оған: «Жігітке бірінші – білім, 
екінші – ғылым, үшінші – ұғым керек. Сосын отты жүрек, батыл 
тіл керек»,- деп жауап береді.
Бұл арада халық «білім» деп ақылды, 
«ғылым» деп оқуды, «ұғым» деп оны есте сақтап, орнына жұмсай 
білуді айтқан. Қысқасы, 
қазақтың дәстүрлі шешендік сөздері 
– халық даналығын, ұлылығын, тұңғиық тереңдігін, парасат-
пайымын, рухани байлығын паш етер таптырмас, өшпес қазына.
Ал асыл маржан ару мойнына, алмас қылыш ер қолына жарасатыны 
сияқты ата-бабадан қалған дәстүрлі шешендік сөз мұрасын кейінге 
ұрпаққа үзеңгілестіру – бүгінгі ұстаздар парызы. 
Қазақ ұлты – ықылым заманнан шешен халық. Қазақ шешендігінің 
табиғатына бойлай үңілу қызғылықты да күрделі. Түптеп келгенде, 
қазақ шаруасының, тұрмыс-салтының, көшпелі өмірінің әсері ақындық, 
шешендік, әншілік, күйшілік өнердің өркендеуіне түрткі, жетекші 
болған. Жерінің табиғатымен, көшпелі елдің алуан шаруашылық 
кәсібімен байланысты қазаққа тән ұлттық ерекшеліктердің барлығы 
сайып келгенде, халық санасына, сезім дүниесіне ізгі әсер еткен, 
әдеби-эстетикалық талғамының қалыптасуына, тіл-үн өнерінің да
-
муына, жетілуіне себеп болған. Табиғат халқымызды сезімнен де, 
ақылдан да кенде қалдырмағаны рас. 
Жалпы шешендік өнер өзге де өнер салалары сияқты ақыл-
ой мен сана-сезімнің шабыттанған, шамырқанған кезінде туары 
даусыз. демек, адамның ойын қозғап, сезімін тебіренткен күшті 
күйініш-сүйінішті шақтарда, мәселен, туған елге қатер төнген, ердің 
ар-намысына тиген жағдайларда ақын мен шешен тез тебіренеді, 
оқиғаға жұрттан бұрын үн қатады. Бұған дәлелдердің бір шоғыры: 
қалмақ хонтайшысының қарақшылық шабуылдарына қарсы қазақ 
халқының көп жылдық ұлт-азаттық күресімен байланысты көптеген 
батырлық жырларының шығуы, шешендік сөздердің, тарихи 
аңыздардың тууы.


28
29
Зерттеу еңбектерге сүйене келе, дала табиғатының тамашалығы-
мен бірге көшпелі елдің тұрмыс-салт ерекшеліктерінің өзі ақындық, 
шешендік өнердің өсіп-өркендеуіне қолайлы болғандығын баса ай
-
тамыз. Ұлт тарихында ру мен рудың, ауыл мен ауылдың және жеке 
азаматтар арасындағы дау-жанжалдарды реттейтін, халық мейлінше 
көп жиналатын жерлері – ас-тойлар, жәрмеңке-базарлар, күнде кеңес 
құратын «күлтөбелер» ақындар мен шешендер үшін ерекше орын-
нағыз форум болған. Сондай-ақ айтыс-дауларды дәлелдеп шешетін 
шешен-билерге халықтың көрсететін құрмет-сыйы да дарынды, та
-
лантты жастарды сөз өнерін үйренуге, игеруге ынталандырған, итер
-
мелеген. демек, талапкер жастар оқу ілімінен кенжелегенмен, сана 
ілімінен кенде қалмаған, бүкіл елде сөйлеу мәдениеті, оның жоғарғы 
көрінісі- шешендік өнер қалыптасып дамыған. 
Қазақ халқына тән жүйелі ойлау, шебер сөйлеу қабілеттері 
сияқты халықтың нұрлы қасиеттері туралы саяхатшылардың, этно
-
граф ғылымдардың жазбағандары кемде-кем. Өкініштісі, сонау скиф-
сактар заманынан бастау алатын бай тарихы, байырғы мәдениеті 
бар дархан халықтың әдеби-мәдени қазынасынан бізге жеткендері 
ішінара хатқа түскен ауыз әдебиеті нұсқалары мен ән-күйлері ғана 
делінеді. 
Қазақ даласында болған еуропа зерттеушілері халқымыздың 
нағыз ақынжанды, интеллектуальдық (ақыл-ой) жағынан дар
-
хан дарындылығымен және көркем өнерінің алуан түрлілігі, 
мазмұндылығымен дараланатындығын айтып, қазақтардың ауызекі 
сөзде де жаратылысынан шынайы шешендікті сүйіп, оны бағалай 
білетіндігін жазған. 
Шешендік өнерге бірден-бір қатысты қазақ қауымының көсемі 
болған бидің басшылығы таптық тегіне не байлық ерекшелігіне емес, 
негізінде, жеке басының қасиетіне, атап айтсақ, ел тарихын, салт-
санасын, әдет-ғұрпын жетік білу мен ойға шебер, тілге шешендігіне 
бірден-бір байланысты болған. 
Жинақтай келе, қазақ шешендік сөздерінің табиғаты турасында 
төмендегіше түйіндерді тізбектеуге болар еді: 
- Шешендік сөздердің көлемі шағын, сөйлемі ықшам болуы;
- Қасаң дау, ұзақ толғаудан қажетті сөздерді қалыпқа құйғандай 
іріктеп алып жаттауға, керек кезінде жаңғыртуға да қолайлы келуі;
- Тыңдаушысын жалықтырмай, зеріктірмей ұйытып, үйіріп 
әкететін әсерлі келуі;
- Шешендік сөздер - қысқа болғанмен, мақал-мәтел еместігі, 
бір оқиғаға байланысты туып, белгілі адамдардың атынан айтылған 
сөздер екендігі. Бұл іспеттес қасиет шешендік сөзге сенім туғызары 
белгілі. Өмірге үйлесе келу, тыңдаушыларын иландыра білу ауыз 
әдебиеті үшін де, жазба әдебиеті үшін де қажетті екендігі аян; 
- Шешендік сөздердің құндылығы тек шындығында емес, 
ойының тапқырлығында. Қиядан жол табу, қиыннан сөз табу – 
нағыз шешендерге тән қасиет. Мәселен, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет