34
35
Шешендіктанудың осы түрі Батыс және орталық Еуропаның
барлық елдерінің мәдениетіне ерекше әсер етті.
Себебі оның та
-
ралуына тілдік кедергілердің болмауы қалыпты жағдай жасады.
Уағыздар тек латын тілінде ғана оқылды.
Құдай сөзін уағыздайтын риторикамен салыстыра қарағанда орта
ғасырлық университеттік лекция үлгісі бір қадам алға жылжығандық
болды. ол осы сөздің тура мағынасында (лат. lectio - /оқу/, lector - /
оқушы/) кітап арқылы оқыла тұрса да, онда нақты өмірлік құбылыстар
мен деректерге назар аударылды, білім заңдарына бағынды. Кейінірек
ХҮ-ХҮІ ғ.ғ. кітап басудың дами түсуіне байланысты лекцияның ау
-
ызша түрі белсенді түрде, шын мәнінде оқу материалының көпшілік
алды мазмұндалуы және шешендіктанудың жетістіктерін қабылдауы
үлгісінде, бөлектене келіп, шешендіктанудың жаңа жанры ретінде
танылды.
«Жаңа кезең» орта ғасырлық бағытқа нүкте қоя отырып, батыс
еуропалық Қайта өрлеу дәуірінен басталып, ХҮІ ғ. басында-ақ та
-
рихта жаңа дәуірдің сахнаға шыққандығынан хабар берді. Кейін ол
Ағарту дәуірімен алмасты. Барлық сала мәдениетінің қарқынды,
қарышты өсуі, біртіндеп құр уағыздаушылықты ығыстырған салауат
-
ты танымдық көзқарастың дамуы – бұлар аталмыш дәуірге тән бірден-
бір белгілер. осындай жағдайда әлеуметтік-саяси бағдарлылықты
ұстанған шешендік өнер ерекше белсенді даму сатысына түсті. ол
антикалық риториканың озық жетістіктерін
таңдап алумен бірге
гуманистік, демократиялық жаңа идеялардан қуат алды.
осы кезеңнің атақты шешендерінің қатарынан Прага
университетінің ректоры, діни уағыздаушы және латын тілінің моно
-
полиясына қарсы шығып, жаңа чех әдеби тілінің ірге тасын қалаушы
Ян Густы (1369-1415) баса атауымыз керек.
Жаңа дәуірдегі Б.Паскаль, М.Монтень, Ж.Лабрюйер, Ф.Бэкон,
И.Гете, Г.Литхенберг сияқты т.б. еуропа жазушылары мен ойшыл
-
дары шешендіктанудың дамуына елеулі үлес қосты. олардың
шығармаларынан шешендіктану туралы терең де астарлы ойларды,
шешенге қатысты пайдалы кеңестерді, нақты ұсыныстарды молы
-
нан ұшырастырамыз. Қайтадан, антикалық кезеңдегі іспеттес, алғы
орынға
сөз әсерлілігі, шешеннің аудиторияны еліктіре білуі, олар
-
ды нақты іс-әрекетке жұмылдыра алу қабілеті шығарылды. Бұған
М.Монтеньнің эмоциональды қалыпта: «Сөз құдіретіне, астарлы
ойына емес, тек сыртқы сыңғырына ғана еліктіретін шешендік атау
-
лы жойылсын!»,-деп айтқан сөзі дөп келеді [11].
XVII ғ. француз жазушысы Ж.Лабрюйер шешендік өнерге:
«Шешендік - дидарласушымыздың жүрегі мен ақыл-ойын баурап
алуға, оны не нәрсеге болса да сендіруге, иландыруға септесетін
бізге берілген сый», - деп анықтама береді [12].
Шаршы топ алдында сөйленер сөздің мазмұны мен формасының
гармониясын жоғары бағалаушы француз физигі әрі философы Блез
Паскальдың (1623-1662) жазбаларынан
шешен іс-әрекетінің тұтас
бағдарламасын кездестіреміз. Бірер үзінді төмендегіше: «Шешендік
– сөйлеген сөзге тыңдаушылардың ешбір қиналыссыз құлақ қоюы
ғана емес, сондай-ақ айтылған мәселеге ерекше ынта-ықылас та
-
нытып, тақырып байыбына терең бойлауға ұмтылысының оянуына
түрткі боларлықтай сөз екшей білу өнері.
Бұл тыңдаушы қауымның жүрек лүпілі мен сана-сезімінің өз
жеке ойымыз бен сөзіміз арасында байланыс орната білу білігінен
құралмақ, бұл арада біз адамзат жүрегінің түкпірін жете түсінуіміз,
тіпті оның әрбір қалтарысты иірімдерін сезіне де аңғара білуіміз ке
-
рек, тек сол жағдайда ғана айтылмақ сөзіміз өзгені иландырмақ.
Тыңдаушыларымыздың орнына өзімізді қоя отырып, таңдаған
формамыздың тақырыппен үйлесімділігін, көпшілікті елекзітіп,
еліте толғандыра аларлықтай сезім
тудыратындығына көзімізді
жеткізіп көрелікші. Бұл ретте мүмкіндігінше қарапайымдылық пен
табиғилық қалып сақтай отырып, «түймедейді түйедей» етпеуге,
мәндінің құнын түсірмеуге ұмтылған дұрыс. Таңдаған сөйлеу фор
-
мамыз мейлінше айқын да жарқын болғаны, мазмұнға сәйкес келуі
және құрамына тек аса қажеттілерді ғана кіріктіргені жөн» [12].
Антикалық риторикадағы сияқты Қайта өрлеу мен Ағарту
дәуіріндегі шешендік өнер туралы еңбектерде сөйлеу техникасына,
шешен мәнеріне, дене, бет қимылдарын орынды үйлестіруге салмақты
түрде назар аударылды. Леонардо да винчи пікіріне сүйене айтсақ,
«қашан да үздік шешендер белгілі бір мәселеге тыңдаушыларының
көзін жеткізе иландыру үшін өз сөздерін мағыналы қол қимылдарымен
қолдап отырады, десек те кейбір жекелеген ақымақтар осыншама сөз
ұғындыруға септесер «демеулерді» қолдануды мүлдем естен шығарып,
мінбеде тұрған ағаш мүсін іспеттес көрінеді» [12].
Достарыңызбен бөлісу: