120
121
Қымбат дүние қолға түсе
бермейді, қымбат сөз ауызға түсе
бермейді.
Ғ.Мұстафин
Адамның сөйлеу өнерін дамытуда жазбаша сөйлеу ерекше
маңызды. Өйткені мұнда сөзді санамен өңдеуге мүмкіндік көбірек
болады.
Б.М.Теплов
Сөз дарыны басқа да тән немесе жан күші тәрізді жаттыға ба
-
рып нығаяды және дамиды.
К.Д.Ушинский
Бір нәрсеге, не өнерге талпыну үшін адамдарға ең алдымен
табандылық қажет.
Әл-Фараби
Көре-көре
көсем боларсың,
Сөйлей-сөйлей шешен боларсың.
Халық даналығы
Өлшеп айтылса ғана сөз жөнді бола алады. «Көп сөз – есекке
жүк» деген мақал бар.
Құтып
Айтар сөзді алдымен ойлап ал.
Қорқыт
Өз сөзіңнің өз жүзіңе соқпасын ойла.
Құтып
Сөз өлшеуін білмеген,
Шағалаша шулайды.
Т.Ізтілеуов
ойлап айтылған сөзді орындамауға болмайды.
Қадырғали Жалайри
Біліп
айтқан сөзге құн жетпейді,
Тауып айтқан сөзге шын жетпейді.
Өзің білмесең, білгендерден үйрен,
Үйренгеннен ештеңең кетпейді.
Бидайдың сабағында дән жоқ,
Жаманның сөзінде мән жоқ.
Ата
алмайтын адамға
Қойша жайылған аң жоқ.
Төле би
Кімде-кім мемлекеттік шешен болғысы келсе, ол мемлекет
қайраткерлерінің сөздерін үйренсін, тыңдасын, мүмкін болғанынша
солардың арасында болсын, кімде-кім шешен адвокат болуға тырыс
-
са, сот мекемелерінен шықпау керек, ол адвокаттар арасында көбірек
болуды көздеу керек; егер ол да, бұл да сол мамандық орайында жиі-
жиі өз күшін
байқай берсе, бәрінен де сол жақсы.
В.Г.Белинский
Адам баласы өрмекшіден тоқуды үйренсе, қарлығаштан үй са
-
луды, бұлбұлдан ән салуды үйренген.
Демокрит
Өз сөзіңді кез келген білікті кісінің сөзімен салыстыр: әуендес
келсе, айта бер, қайшы келсе, қысқарт.
Достарыңызбен бөлісу: